Бақ шаба ма, бап шаба ма? #2

Бақ шаба ма, бап шаба ма? #2

Кейбіреулер екі-үш қабатты жеке үйде, төрт-бес машинасын кезек-кезек мініп, шалқып өмір сүріп жатқанда , екінші біреулер соларға қызығып та, қызғанып та қарап, ауыр күрсінумен уақытын өткізуде. 

Басы

Неліктен біреу бай, екіншілер кедей?

Бұл тікелей өзімізге қатысты. Қандай адам болғымыз келеді, қандай деңгейге өзімізді лайық деп санаймыз, қандай жағдайда өмір сүруге лайықпыз деп санаймыз, солай өмір сүріп жатырмыз.

Жағдайы жақсылар ойында бай болуға еш кедергі жоқ, бейқам жандар. Ал кедейлер - бай болудан қаймығатындар.

Не істеу керек?

Алдымен тек позитивті ойлауға әдеттену керек. Иә, бұл сөзді сіз талай естіп, талай оқыған боларсыз. Алайда сан рет оқығанмен, позитивті ойлауды әдетке айналдырдыңыз ба? Неге "жоқ"?

Позитивті ойлау соншалықты қиын ба? Әлде мүмкін емес пе?

Кейбір адамдар позитивті адамдарды "қияли", өмірдің шындығын көрмейтін, байқағысы келмейтіндерге теңейді. Бұл қате пікір. Керісінше, позитивті ойлайтын адамдар үшін өмір шындығы – тек бақыт пен қуаныш.

Егер бір жағымсыз жағдай болса, ренжімеңіз, керісінше, бұл жағдай дәл қазір алдыңызға келгеніне қуаныңыз. Түнерген түннің артынан әрдайым нұрын шашып жарқыраған күннің келетінін ұмытпаңыз.

Басыңызда неғұрлым жарқын ойлар көп болса, өміріңізде соғұрлым жақсылықтар көбейе түседі. Егер қараңғы көшеге шамды көбірек орнатса, айнала самаладай жап-жарық болып, қорқынышқа еш орын қалмайды. Адамдар күндізгідей жайбарақат жүреді.

Позитивті ойлайтын адамдармен танысып, араласыңыз.

Теледидардың алдында ұзақ уақыт сарылып, жағымсыз жаңалықтарды қалт жібермей тыңдап, естігендерін көршілерімен, жолдастарымен талқылап, өзінен-өзі күйіп-пісетін жандар көптеп кездеседі. Бұл жақсы әдет емес. Ойдың бәрі жағымды жайттарға толы болғаны абзал.

Күнделікті дүкеннен бір нәрсені сатып алып жатқанда, мысалы, шұлық алып жатсаңыз да, қымбат тон алып жатырмын деп ойлаңыз, өзіңізді соған сендіріңіз. Егер санаңыз соған сенсе, қымбат тон сатып алатын күн де алыс емес.

"Өзімді алдаймын" деген пікірден арылыңыз. Бұл әдіс өзін алдау емес, программалау. Яғни, өзіңізді тек бақытты болуға, өмірді қуанышқа толы қылуға бағдарламалайсыз. Бұл әдістен жапа шеккен адам болған емес.

Онда неге сіз артқа шегініп, бұл әдісті жоққа шығарасыз?

Мүмкін сіз дайын емессіз. Бай, бақуатты болуға дайын емес адамдардың баю "процесі" ұзаққа созылуы мүмкін. Әлде сіз өзіңізді лайық деп санамайсыз ба?

Сурет: ©Асхат Мырзагелдиев

Оқи отырыңыз:

Бақ шаба ма, бап шаба ма?

Неліктен біз виртуалды қарым-қатынасты таңдаймыз?

Не жайлы ойламауымыз керек? #3

Не жайлы ойламауымыз керек?

Не жайлы ойламауымыз керек? 2

Ф. Абилова