- Негізгі бет
- Психология
- Бақ шаба ма,...
Бақ шаба ма, бап шаба ма?
Кейбіреу екі-үш қабатты үйде өмір сүріп, төрт-бес машинасын кезек-кезек мініп, шалқып өмір сүріп жатқанда тағы біреулер соларға қызығып та, қызғанып та қарап уақытын өткізіп жатады.
Неліктен біреу бай, біреу кедей?
Ата-бабасынан қалған мұра дейін десек, кеңес заманында адамдардың әлеуметтік жағдайы бірдей болды.
Кеңес үкіметі күйрегеннен кейін көп ұзамай әлеуметтік теңсіздік қайта басталды.
Әрине, бәрі жақсы өмір сүргісі келеді. Бұл орайда, үкімет тарапынан ешқандай кедергі, шектеу жоқ, қолыңнан келсе, қонышынан басып, адал наныңды тауып жеуге болады. Алайда, байлық түгілі, баспанаға жыл санап қол жеткізе алмай жүргендер көп-ақ.
Бұл тек біздің елімізге ғана тән жағдай емес. Бұл құбылысты шетел мамандары да зерттеп келеді. Түрлі сынақтар жүргізіліп, том-том кітаптар да жарық көрді.
Адамның бағының жануы, әлбетте, өзіне байланысты. Кітап дүкендерінде, ғаламторда адал баюдың жолдарын үйрететін материалдар жеткілікті.
Бірақ желкеден тартқан жалқаулық кежегені кейін тартқызып, әлгі әдіс-тәсілдерді қолдануға мүмкіндік бермейді.
Оның үстіне, адамдарда өзіне деген, өзінің жеңісіне деген сенімсіздік бар. Елдің алдына шығып кетсем, ұят болар дегендей, батылы бармай, бүгежектейді. Іштей «мүмкін емес» деген ойдың шырмауынан шыға алмай қалады. Сол себепті, адам алдымен өз-өзіне сенім арта білуі керек. Ол үшін кішкентай қадамдардан, тіпті, түкке тұрғысыз болып көрінетін нәрселерден бастау керек. Мысалы, автобус аялдамаға уақытында келді. Баратын жеріңізге кешікпейсіз. Оқушы, студент болсаңыз, мұғалімнен сөз естімейсіз, қызметкер болсаңыз, бастығыңыздың көзіне жаман әдетпен шалынбайсыз. Көлікте, жолда күндегідей ешкіммен қақтығысып қалған жоқсыз, жүйкеңіз жұқарған жоқ. Арнайы бір блокнот арнап, осы шағын жақсы істерді жазып қоя беріңіз. Ең бірінші бетіне арманыңызды жазып қойғаныңыз абзал.
Сурет: Cұлтан Ахметов
Оқи отырыңыз:
Неліктен біз виртуалды қарым-қатынасты таңдаймыз?
Не жайлы ойламауымыз керек? #3
Ф. Абилова