- Негізгі бет
- Психология
- Әйел адамға тән...
Әйел адамға тән нәзіктік: рухани деңгей
Нәзіктікті әркім әрқалай түсінеді. Әдемі, көркіне көз тоймайтын аруды көріп ойымызға «ол неге жалғыз?» деген сұрақ келеді. Қанша жерден әдемі болса да, мінезі жаман болуы мүмкін.
Нәзіктіктің деңгейі бола ма?
4. Рухани деңгей
Бұл жолы біз рухани деңгей туралы сөз қозғаймыз.
4. Рухани деңгейдегі нәзіктік
♥ Өмірде бар екеніңіз үшін ризасыз ба? Қолыңыз жеткен дүниелерге қанағат етесіз бе? Әлде жоқ нәрсеге ұмтыла бересіз бе?
♥ Күте білесіз бе? Арманыңыздағы дүниелердің қол жетер кезі келеріне сенесіз бе? Себебі көбіміз бір айда жетпеген табысқа ызаланып, сол үшін бәрін кінәлап, күйзеліске түсуге бейімбіз.
♥ Махаббатқа неге ынтықсыз? Махаббаттың соңынан қуатындар оған жете алмай келеді... Оны іздеуді доғарыңыз. Өз өміріңізді жақсартуға тырысыңыз. Өзіңізді дамытуға атсалысыңыз.
♥ Адамдарды есепсіз, еш себепсіз жақсы көруге тырысыңыз. Егер сіз адамды шын ниетпен жақсы көріп, оған қамқор болсаңыз, ол оны іштей, бейсаналы түрде сезіп, сізге де сондай қарым-қатынас қайтарады.
♥ Басқаларға көмектесесіз бе? Қолыңыздан келетін істі аямайсыз ба?
Осы серияда шыққан 4 материалда берілген сұрақ, пункттерді мұқият талдап шығыңыз. Әрқайсысына шынайы жауап беріңіз. Кез келген адам қандай жасқа келмесін өсіп, дамып отыруы керек.
♥ «Жартылай нәзік» деген түсінік қате. Жоғарыда аталған 4 қасиетті бірдей алып жүретін әйел адамды толықтай нәзік, биязы жан деп есептеуге болады.
♥ Ашық-шашық киініп, дене сымбатын көрсетемін деп артық әрекетке баратын қыздарды нәзік деп ешкім атай алмайды.
♥ Біреуге өз пікірін айтып, дауласып, ұрсысатын әйелді нәзік дей алмайсың.
♥ Ақша табамын, мансап қуамын деп өзіне де, өзгеге де қарамай кету мүлде қате. Бұл орайда әйел затына тән қасиеттердің «гармониясы» бұзылып, өмір салты да көңілінен шықпайды.
♥ Жаңа нәрсені танып, жаңа білімге асық болмайтын, өзгенің ауыр жағдайына немқұрайлы қарап, тіпті, қатал да болатын әйел затына нәзік деп айта алмайсың.
Көптеген адамдар нәзіктікті арызданып, шағымданып, үнемі жылап жүретін адамдармен байланыстырады. Бұл қате пікір екенін ескеріңіз.
Кейбір әйел затына қарап, «міне, нағыз нәзік жан» деп айта аласыз. Мейлі, ол мұңайсын, мейлі ол жыласын, қандай жағдай болмасын ол нәзік болмысын сақтап қалады. Мұндай қасиет біріне туғанда берілсе, кейбіріне жүре келе меңгеруге тура келеді.
4 деңгейді бірдей дамытып, жүріп отырсақ, бір бүтін мақсатқа жете аламыз.
Сурет: ©Cамат Халбаев
Оқи отырыңыз:
Әйел адамға тән нәзіктік: физикалық деңгей
Әйел адамға тән нәзіктік: эмоционалды деңгей
Әйел адамға тән нәзіктік: ақыл деңгейі
"Жеңілмес мықты қаруың сенің – нәзіктік"
"Жеңілмес мықты қаруың сенің – нәзіктік" #2
Ф. Абилова