- Негізгі бет
- Психология
- Күле білу -...
Күле білу - бәрімізге ортақ қасиет
Адамдар мен жануарлар ым-ишара тілін ертеден пайдаланып келеді. Ол маймылдар, тотықұстар, дельфиндер секілді араларға да тән. ХХ ғасырдың басында араларға ғана тән ымдау тілін ашқан ғалымға Нобель сыйлығы берілген болатын.
Адамдардың ым-ишара тілі көп жағдайда халқының мәдниетімен, өзі өмір сүріп отырған қоғамның тыныс-тіршілігімен тікелей байланысты. Мысалы, бас бармақты жоғары көтеру арқылы өзімізде барлығы дұрыс екенін білдірсек, гректер барлығын алдағандықтарын осылай жеткізеді. Есесіне жер бетінде «күлкі» бәріне ортақ және бір ғана күйді білдіреді. Әлемнің түкпірінде күлімсіреп тұрып, «Мен саған қуаныштымын!» дейді.
Егер тіл білмей шетелге шығып көрген болсаңыз, барлығын саусақпен түсіндірудің оңай болатындығын байқаған шығарсыз.
Мұнымен қатар, дауыс тембрі, жоғарылығы, екпін арқылы адамның не туралы айтып тұрғанынан хабардар болуға болады.
Сурет: Владимир Петухов
Қ. Бүйенбай