Уақытты үнемдеу туралы өсиет әңгіме

Уақытты үнемдеу туралы өсиет әңгіме

Ертеде бір бала өмір сүрген екен. Ол достарымен бірге доп қуалап, балалық шағын қызықты өткізеді. «Уақыты» да үнемі жанында бірге қуанып жүретін. Теледидар қарауға да, кітап оқуға да, достарымен ойнауға да уақыты жететін. Уақыт екеуінің арасында еш қиындық туындамайтын.

Ол өскен соң әріптестері, қиын жұмыстары пайда бола бастайды. Бірде көлікті жөндеу үшін, енді бірде сүйіктісімен қыдыру үшін бала Уақытты аздап қысқартуды әдетке айналдырады. Ал Уақыт оның соңынан күлімсіреп ере береді.

Баланың достары оған қиындықтарын айтып, шағымданып келетін. Және ол қиындықтардың әрқайсысы оның Уақытын қажетсінетін. Ол уақытты өлтіргісі келмесе де, бұл әрекетті жүзеге асыруға басқа адамдар көмекке келді. Жездесі қалаға барып келуді өтінсе, енді бірде көршісі бірге отырып шай ішуді сұрады. Мұнымен қатар, теледидар, телефон, компьютер тағы бар.

Есейген шақта бала Уақытпен қош айтысады. Күндердің бір күнінде оған баласы келіп:

- Әке, хайуанаттар бағына немесе киноға барайықшы! – деп өтінеді.

Ол:

Балам, кешір! Менің уақытым жоқ! – деп жауап қайтарады.

Баласына есейген соң хабарласып:

- Балам, маған неге телефон шалмай кеттің? – деп айтады.

Сонда баласы:

- Әке, айыпқа бұйырмаңыз. Менің уақытым жоқ! – деп жауап берген екен.

Уақыт – біздің ең бағалы қорымыз. Күндердің күнінде артыңызға бұрылып қарағанда күлімсіреп тұрған Уақытты көру үшін алдыңызға мақсат қойып, оған жету үшін жоспар құра білуді үйреніңіз.

Сурет: cluber.com

Қ. Бүйенбай