- Негізгі бет
- Психология
- Ақылды болғыңыз келсе...
Ақылды болғыңыз келсе
Екі қолмен бір уақытта жазу арқылы миымыздың жұмыс істеу қабілетін жақсарта аламыз. Ал төмендегі кеңестер бұған қол жеткізуге септігін тигізеді.
1. Екі қолдың бір уақытта қозғалуы
Ең жеңілінен бастаған жөн. Бар болғаны екі қолыңызды бір уақытта жылжуға дағдыландырыңыз. Ол үшін геометриялық фигуралардың суретін салсаңыз болады. Алғашында бір қолыңыз ұқсата алмауы мүмкін. Алайда уақыт өте келе үйренеді. Екі қолыңыз да суретті жақсы салып үйренген соң келесі деңгейге өтіңіз.
2. Тапсырманы қиындату
Енді әріптер жазу керек. Әріптердің құрылымы күрделі болғандықтан, жазу да қиынға соғады. Оларды жазып үйренген соң сөздерге көшіңіз.
3. Түрлі фигура салу
Қолыңызды жаттықтырып қана қою жеткіліксіз болуы мүмкін. Қолмен қатар миды да шынықтыру қажет. Бір қолыңызбен үшбұрыш, екінші қолыңызбен төртбұрыш салыңыз. Тапсырманы бір уақытта орындаңыз. Салған фигураларыңыз әдемі болмайынша әрекет жасаңыз.
4. Түрлі сөздер жазу
Бір уақытта екі түрлі сөз жазу бәрінен де қиын. Деңгейдің қиын болатындығына іштей дайын болыңыз. Жаттықсаңыз, барлығы жүзеге асады. Артынша сөз тіркесі мен сөйлем жазуға тырысып көріңіз. Осылайша көп ұзамай жақсы нәтижеге қол жеткізесіз.
Сурет:
Қ. Бүйенбай