Досыңыз қандай?

Досыңыз қандай?

Алғашқы жұмыс орнына дейін біз еркелеп те, жалқауланып та аламыз. Ал белгілі бір қызметке орналасып, міндеттеріміз пайда болғанда, мінезіміз де, әдеттеріміз де өзгереді. Мұндай өзгеріс болу кезеңінде достарымыздың қатары азайып та жатады.

Ақша тауып, жаңа мақсаттар қойып, есею кезінде кей достарымыз жаңа қырынан көрінеді. Жаңа жыл басталды, демек жаңа өзгерістердің уақыты келді. Көңіл-күйіңізді түсіретін, жүйкеңізді жұқартатын «достардың» санын азайтыңыз. 

1. «Мен мықтымын»

Бұл типті адам ешқашан сіз үшін қуанбайды. Қызметіңіз жоғарылап не шын бақытыңызды тауып жатсаңыз, бұл адам жағдайдың жаман не артық жақтарын тауып береді. Сондай-ақ сізді мазалайтын, мұңайтатын мәселені тыңдағысы келмей, өзінің «одан да қиын» мәселесін баяндай жөнеледі.

Ал шын дос сіздің қуанышыңызға ортақ болып, сізді толғандыратын мәселені басынан аяғына дейін тыңдап, көмегін беруге тырысады.

2. «Жылауық»

Жұмысы тамаша, жігіті/қызы керемет адам болса да, өзін бақытсыз санайтын досыңыз бар ма? Сіз оған «бәрі жақсы» екенін түсіндіруге талпынсаңыз да, ол оны түсінбейді не түсінгісі келмейді. Мұндай адам сізді артқа тартады.

3. «Айыптаушы»

Бұл типті достар әдетте бізді айыптауға дағдыланған. Белгілі бір мәселенің соңында сіз кінәлі болуға тиіссіз. Егер сіз бір іспен айналысқыңыз келмесе, ол сізді ақымақ қылуға тырысады. Яғни, егер оған керек нәрсеге сіз қарсы болсаңыз, ол барын салып, пікіріңізді өзгерткісі келеді.

Мұндай типті адам біздің жүйкемізді жұқартып, еңсемізді түсіреді.

4. «Қалтасы тесік»

Бұл жерде екі нәрсені ажырата білу керек: 1) кейбір адамдардың өмірінде күтпеген жағдай болса, ақша жағынан қиналуы мүмкін, 2) ақша табуға тырыспайтын адамдар бар.

Бұл орайда екінші тип жайлы айтылады. Мұндай типті адамдар қаражат қиындықтарының кінәсін өзгеден іздейді. Қалтасы тесік екеніне оның әділетсіз бастығы не басқа біреу кінәлі. Сонымен қатар, ақша мәселесін шешуге атсалыспайды да.

Кешкі отырыстарда өзі үшін төлемей, өзгенің мейірімділігін пайдаланатындар да осы типке жатады.

5. «Өсекші»

Негізінде, бұл типті адамдар ешкімге ұнамауы керек. Алайда олардың да өз тыңдармандары бар. Сіздің жаныңызда ол өзгелер жайлы әңгімелесе, басқа бөлмеге кетіп, сіз жайлы сөз бастайды. Тіпті, сіздің өміріңізде «өсектейтіндей» оқиға болмаса да, бұл типті адамдар қиялды іске қосып, ертегі шығаруға кіріседі. Мұндай адамға сенуге бола ма? Әрине, жоқ.

Әлбетте, достар арасында өзгелер туралы әңгіме болып жатады. Мұңын шағып, ренішін айтып не жаңалық ретінде бір ақпарат айтуға болады.

Достар біздің әлеуметтік өмірімізде маңызды рөл ойнайды. Сондықтан жоғарыда аталған типті адамдардан құтылып, жаңа дос, нағыз серікті табуға тырысыңыз. Іске сәт!

Сурет: Татьяна Давыдова

Оқи отырыңыз:

Өмірде өз орныңызды табуға көмектесетін 50 сұрақ

Шығыс даналарының 5 өсиеті

Жаңа өмір бастау үшін…

Ф. Абилова