- Негізгі бет
- Психология
- Бизнес майталманы ұсынған...
Бизнес майталманы ұсынған 7 кеңес
Бизнестің майталманы Питер Друкер жетістікке жету үшін алдымен көп ақпарат меңгеріп, артынша істі дұрыс жоспарлай білу қажет екендігін айтады. Мұнымен қатар, дүниетанымды төмендегі 7 әрекеттің көмегімен кеңейтуді ұсынады.
1. Қаржы саласында сауатты болыңыз. Өмірде ақшамен дұрыс жұмыс істеу ережелерін іске асырыңыз. Қалай жеке бизнес ашып, ақшаны орнымен жұмсау керектігі туралы біліңіз. Ол үшін, ең алдымен, төмендегі кітаптарды оқыңыз:
- Роберт Кийосаки «Бай әке, кедей әке»;
- Юрий Мороз «Бизнес. Данышпандар үшін көмекші құрал»;
- Роберт Аллен «Ақша табудың түрлі жолы».
2. Ойлап үйреніңіз. Дұрыс ойланудың арнайы техникалары бар. Оны төмендегі екі кітаптың көмегімен меңгере аласыз:
- Эдвард де Бон;
- өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы.
3. Адамның есте сақтау қабілеті қалай жұмыс істейтіндігін анықтаңыз. Ол үшін Владимир Козаренконың «Мнемотехника оқулығын» меңгеріңіз. Мұны мектеп оқушылары да пайдалана алады.
4. Жылдам оқып үйреніңіз. Бір ай бойы жаттығатын болсаңыз, сіз екі есе жылдам оқисыз. Бұл әрекетті жүзеге асыруға Олег Андреевтің «Жылдам оқып үйреніңіз» кітабы көмектеседі.
5. Пернетақтаға қарамай жазып үйреніңіз. Аптасына 2 рет 15 минуттан Стамин бағдарламасы бойынша жаттығатын болсаңыз, достарыңызды таңқалдырасыз. Әрі болашақта көп уақытыңызды үнемдейсіз.
6. Табысқа жету заңдарын оқыңыз. Табысты адамдар өзгелері білмейтінді біледі. Яғни, табысқа жетудің арнайы ережелері бар. Бұл тақырыпқа байланысты «Табыс сиқыры» кітабын ұсынады.
7. Эмоцияларыңызды басқарыңыз. Бұл - өзіңізді кемелдендіру жолындағы ең маңызды баспалдақ.
- Александр Лоуэн «Дене психологиясы»;
- Станислав Гроф «Холотропты сана»;
- Мантек Чиа кітабы.
Сурет: cabmarket.kz
Қ. Бүйенбай