Заманауи қыз нені таңдайды?

Заманауи қыз нені таңдайды?

Эмансипация (тәуелсіздендіру) біз өмір сүріп отырған қоғамның бір ерекшелігіне айналды. Көп уақыт бойы ерлермен қатар болуды аңсаған әйелдер өз дегендеріне жетті десек те болады.

Заманауи қыздардың алдында екі үлкен таңдау тұрады. Ол – мансап пен отбасы. Бірінің ұшын ұстап, екіншісіне үлгерейін десе, уақыт мүмкіндік бермейді.

1. Берекелі отбасыны, ұлан-асыр тойды жақсы көретін, алыстан ақ боз атты ханзадасын күтетін романтикалық қыздар.

2. Өмірге реалистік көзқараспен қарап, бақытты отбасы әрдайым бола бермейтіндігін түсініп, жақсы мамандық иесі болуға ұмтылатын қыздар.

Енді қыз қауымы ер адаммен қатар сөз сөйлеп, зауыт, үй сала алады. Үй шаруасын ысырып қойып, саясатпен айналысулары да ғажап емес.  

Мансап жолын қандай жағдайда таңдаймыз? Егер, расымен де, қызметте жоғарылап, жаңа идеяларды өмірге әкелгіңіз келсе. Әрине, мансап жолын тек бақытты отбасының болатындығына күмәнмен қарайтын қыздар ғана таңдайды деп айта алмаймыз. Бар болғаны олардың жауапкершілікті өз мойнына алып, ер адаммен қатар тұруды жөн көретіндей бір себебі бар.

Отбасыны қай кезде таңдаймыз? Егер сіз эмансипацияңыздың сүйіктіңізге қарағанда мықты екенін дәлелдеу үшін ғана пайдаланғыңыз келсе, қатты қателесесіз. Сүйіктіңіздің жігерлілігін отбасы қиындықтарын шешуге бағыттаған дұрыс. Білімге қызыға бермейтін, дүниеге ұрпақ әкеліп, жарының көңілінен шығуды жөн көретін жандар отбасыны таңдайды.

Қалау мен мүмкіндіктер

Анасының тынымсыз еңбек етіп, күні бойы бар істі өзі тындырғанын көріп өскен бала болашақта отбасылық өмірге икемсіз болады. Қыз бала болса, бар жауапкершілікті өз мойнына алуды жөн көреді. Ал, керісінше, жігіт болса, жарын жұмысқа салып қоюға құмар болады. Нәтижесінде кішігірім жанжал туындайды.

Десе де екі кеменің ұшын қатар ұстап, ағыспен жүзіп келе жатқан бойжеткендеріміз бар. Әр адам өз алдына қайталанбас тұлға болғандықтан, таңдау еркі өзіңізде. Ал Сіз нені таңдайсыз, немесе қыз баланың қай жолдың соңына түскенін қалайсыз?

Сурет: вк желісінен

Қ. Бүйенбай