Ана болу бақытынан өз еркімен бас тартқандар

Ана болу бақытынан өз еркімен бас тартқандар

Жақында бір қыздардың бас қосқан жиынында болдым. Болашағымыз туралы сырластық. Сол кездегі қыздардың бірінің айтқан жаңалығы мені қатты толғандырды. Ол болашақта тек іскери әйел болуды, тұрмыс құрса да, бала сүйгісі келмейтінін, яғни "чайлдфри" деген бағытты ұстанатынын жеткізді.

Чайлдфри – childfree– ағылшын тілінде «баладан бос» деген мағынаны білдіреді, яғни өзінің жеке басы үшін өз еркімен баладан бас тарту.

– Ана бақыты ше? – дедік біз шыдай алмай.

– Мен бала туып, бала тәрбиелеуге жаралмаған жанмын.

– Мүмкін қазір солай шығар, мансабыңды өрлетіп, көп ақша тауып, мақсатыңа жеткенде бәлкім басқаша ойларсың?!

– Жоқ, мен бәрін де ойланып-толғанып шештім, дәрігерге барып, жатырымды алдырып тастадым, – дегенін естігенде төбемізден біреу қойып жібергендей есеңгіреп қалдық.

Childfree термині осы аттас бағытпен байланысты өткен ғасырдың 70-жылдары АҚШ-та «адам құқығын қорғау» үшін дүниеге келіпті.

Құрбымыз: «Мен баласын кез келген қоқыс жәшігіне тастап кетіп жатқан көкек-анадан жақсымын. Баланы қорлап, далаға тастап кеткенше, оның жарық дүниеге келмегенін дұрыс деп санаймын» деп өз уәжін көлденең тартып отыр.

Әрине, әркім өз ұстанымы бойынша өмір сүреді. Шетелде бұл ұстаным түбегейлі орныққанын да естіген боларсыздар. 

Дегенмен ата-бабамыздың «Балалы үй – базар, баласыз үй қу мазар» деген қағидасы қайда қалған?

Бұған не дейсіздер, құрбылар?

Автор: Фариза Әбілова

Cурет: saffluence.com

Оқи отырыңыз:

Қыз баланың өмірдегі басты мақсаты не?

Сіз өз балаңызды суицидке итермелеп жүрген жоқсыз ба?

Мен неге жалғызбын?

Ф. Абилова