Жұмысым жүрсін десеңіз

Жұмысым жүрсін десеңіз

Сүйікті жұмысыңыз сізге бұрынғыдай жақсы әсер бермей ме? Жұмысыңыз біртекті, қызықсыз бола бастады ма? Бұл жағдайда сізге сергіп, жұмысыңызға басқа қырынан қарау керек. Мына кеңестерге құлақ асып, жұмысыңызға жаңа дем беріңіз.

Армандаңыз. Жұмыстағы күнделікті шаруаларды еш ойланбастан істегеннің орнына, осы жұмыстың сізге не бере алатындығы жайлы ойланып көріңіз. Жоғары қызмет, қомақты еңбекақы... Мүмкін бір айдан кейін сіз ең жақсы қызметкер атанатын шығарсыз? Немесе кезексіз сыйақының иегері болып қаларсыз? Ол ақшаны неге құртар едіңіз? Жаңа киім, көлік, саяхат... Осы жайлы біраз армандап, өзіңіздің  болашақ мақсаттарыңызды айқындаңыз. Бұл жұмыстан не қалайтындығыңызды жүйелеп, жұмыс тек күнделікті шаруалар ғана емес, сол еңбектің жемісі де екенін еске қайта түсіресіз.

Жұмысыңызды кішігірім тапсырмаларға бөліп тастаңыз. Жұмысыңыз тым ауыр көрінсе, оны кішкентай тапсырмаларға бөлу арқылы өзіңізді психологиялық түрде жұмысыңызды орындауға үгіттейсіз. Үлкен шаруадан гөрі кішігірім тапсырмалар істеген оңай емес пе? Тапсырмаларды ретімен орындап, әр орындалған тапсырма үшін өзіңізді сыйлықтармен марапаттаңыз. Мысалы 2 сағат қатарынан жұмысыңызды жасасаңыз, өзіңізге ыстық шай, не тәтті, не әлеуметтік желіде отыруға үзіліс берсеңіз болады. 

Жетістіктеріңізді еске түсіріңіз. Сәтсіздіктер әсерерінен жұмыс істеуге еш мұршаңыз болмаса, өзіңіздің жетістіктеріңізді еске түсіріңіз. Сізге соңғы рет айлық көтерген кезді немесе жиналыста сізді мақтаған сәттерді, жеңімпаз атанудың қандай жақсы екенін еске алып, жаңа жетістіктерге жетуге рухтаныңыз.

Жаңа белестерді бағындырып, жетістіктерге жетіңіз!

Сурет: vkurse.ua

С. А