Махаббатты сақтап қалудың әдістері #2

Махаббатты сақтап қалудың әдістері #2

Біз көбіне көп адамда мұң, ыза, реніш тудыратын қарым-қатынастарды талдауға бейімбіз. Ал жақсы, бақытты карым-қатынас туралы сирек айтылады. Бүгін біз сіздерге осы жайында әңгіме қозғайын деп отырмыз.

Басы

Кез келген қарым-қатынаста сенім маңызды рөл ойнайды. Егер сіз оған сенбесеңіз, үнемі жүйкеңіз тозып, күдіктеніп жүрумен боласыз. Ол бір жерге қыдыруға шыққанда, тіпті, жұмысқа кеткенде де сіздің тыныштығыңыз бұзылады. Бұл бірте-бірте араңыздағы сезімді өшіреді де, ақыры соңында бәрі бітеді.

Кез келген адамда қозғағысы келмейтін әңгімелері болады. Кейінге қалдырылған маңызды сұрақтар соңында реніш, бір-бірін түсінбеушілікке алып келеді. Сүйіктіңізбен тіл табыса біліңіз, маңызды сұрақтарды ашып, әңгімелеуді үйреніңіз. Ең бастысы, сабырлы болып, ашуға берілмей, бір-біріңізді сыйлаңыз.

Әркімнің өткені бар. Сүйіктіңіздің сізге дейін сүйгені болғанын қабылдау қиын болғанымен қажет. Өткеніңіз туралы айтуға қорықпаңыз. Маңызы кеткен нәрселерді қайта көтеріп, сол адамнан қызғанудың еш мағынасы жоқ.

Жаңа бастамаларда қолдау. Егер сіз жарыңызды шынайы сүйсеңіз, сіз оған қамқор болып, оның табысқа жетуін шын жүрекпен қалайсыз. Сіз оны барлық бастамасын қолдап, көмектесесіз. Сіз оның жолын бөгемей, жанында болуға, мақсатына жетелеуге тырысасыз.

Сөз байласып, бір-біріңізді жұп деп жариялағаннан кейін тынығу қателік. Егер сіз таудың басына бірге шығып келіп, сол жерде тоқтап қалсаңыз, ұзаққа кетпейсіз. «Ол енді ешқайда кетпейді» деген ойда болсаңыз, қарым-қатынастарыңыздың бүгін-ертең аяқталуы ғажап емес. Бақытты болу үшін үнемі бір әрекет жасау керек.

Сүйіктіңізді өзгертуге талпынбаңыз. Сіз біреуді өзгертуге тырыссаңыз, одан айырылуыңыз мүмкін. Керісінше, ол сізге қарап, өзгергісі келуі ғажап емес. Бұл, әрине, нұр үстіне нұр болар еді.

Осы кеңестерді негізге ала отырып, талпынсаңыз, бақытты жұп боларыңызға еш күмән жоқ. Көп жағдайда адамдар алдына дайындап берген асты ішпейді, бұл сол адамның бақытты болу үшін ешқандай әрекет қолданғысы келмеуінде. Өз бақытыңыз, өз өміріңіз өздеріңіздің қолдарыңызда, ағайын!

Сурет: vk.com

Ф. Абилова