Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Дайындықсыз емтихан тапсыруға бола ма?

Дайындықсыз емтихан тапсыруға бола ма?

Дайындықсыз емтихан тапсыруға бола ма?

Семестр бойы қыдырып, емтихан жақындағанда дәрістер кезінде не айтылғанын ұмытып қалдыңыз. Бұл мәселені шешуге болады. Студенттің басты ережесі – «Басқы екі жыл мен сынақ кітапшасына жұмыс істеймін, содан кейінгі екі жылда сынақ кітапшасы маған жұмыс істейді». Алғашқы беттердегі жақсы бағалар оқытушының ойына әсер ете алады. Емтиханды дайындықсыз тапсыруға көмектесетін кеңестер ұсынамыз.

Жетістік стратегиясы

1. Өзіңе сенімді әрі дайындығы бар болып көріну.  Билетке жауап бергенде көп үзіліс жасамаңыз. «Білмеймін» деген сөзден аулақ болыңыз, сол тақырып бойынша есіңізге түскен мәліметті айта беріңіз.  

2. Көп оқыған адамның әсерін қалдыру. Сөйлемдерді күрделі етіп құрауға тырысыңыз. Терминдерді, «ақылды» сөздерді көп қолданыңыз. Сіздің оқытушы естігісі келген сөзді айтып, жақсы баға алып шығуыңыз әбден мүмкін.  

3. Сөйлемнің әсері оның ұзындығы мен шатасқандығына тең. Тоқтамай сөйлей беріңіз, оқытушы айтқан сөздерді қосыңыз. Бірақ сіздің сөзіңіз бос сөзге ұқсап қалмауы керек.

4. Ақпаратты құлшыныспен, ақылды түр жасап айту. Тақырыпқа қызығатыныңызды көрсетіңіз. Осылайша, оқытушының ойына әсер етесіз.

5. Еркін деректерге сүйену. Кітаптардан, бағдарламадан, кинодан, басқа оқытушының дәрісінен алынған ақпараттарды пайдаланыңыз. Есімдерді көбірек атауға тырысыңыз.

6. Өз идеяңды білдіру. Жауапты білмесеңіз де, жалпылама айтуға тырысыңыз. Мысалы, бірінші сұрақтың жауабын өте жақсы, ал екінші сұрақтікін орташа ғана білсеңіз, онда екінші сұрақтан бастап жауап беруді сұраңыз. Ол сұраққа асықпай жауап беріп отырғанда, оқытушы бірінші сұраққа ауысуыңызды сұрауы мүмкін. Ал бірінші сұраққа жауап беру сізге қиындық келтірмейді.

7. Дұрыс киіну. Оқытушының көңілінен шығатындай киінгеніңіз дұрыс. Егер оқытушының баласы жұмыс таппай жүрсе, сіз оның баласына бәсекелес болып көрінуіңіз мүмкін. Сондықтан жағдайға сәйкес киініңіз. 

8. Билетке жауап беруде алғашқы бестіктің құрамында болу. "Емтиханға жақсы дайындалған студенттер бірінші тапсырады" деген стереотип қалыптасып қалған, сондықтан сіз жауабыңызды шатастырып жіберсеңіз де, батылдығыңызды бағалайды. Ал егер емтиханның соңына қалып қойсаңыз, нашар жауап берген студенттен кейін жауап беруге тырысыңыз. Оның жауабынан кейін сіздің жауабыңыз керемет болып көрінеді.

Дайындаған: Гүлнұр Бақытбекова

Сурет: academia.kz

Қосылған күні: 01 қазан 2014, 15:38

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.