Жоғалтқан затыңызды жылдам тауып алғыңыз келе ме?

Жоғалтқан затыңызды жылдам тауып алғыңыз келе ме?

Ең қажетті затты жоғалтып алу немесе қай жерге қойғанымызды ұмытып қалу сынды сәттер көбіміздің басымыздан өткен болар. Олар – құжаттар, кілт, телефон, сырға және т.б. Осыларды іздейміз деп жинап қойған үйімізді шашамыз, сөмкені төңкереміз, кез келген бұрышқа үңілеміз, ақырында бар күшімізді тауысып, қайғыруға кірісеміз. Мұндай жағдай болмас үшін бірнеше ережені есте сақтау жеткілікті. Неге күні бойы іздеген затымыз, артынша оп-оңай көзге көрінетін  жерде тұрады. Мұның себебі неде?

Ал барлық мәселе біздің ұмытшақтығымызда. Табиғатымызға сәйкес бір уақытта бірнеше жұмыс жасаймыз. Мысалы, телефонмен сөйлесіп тұрып ыдыс жуамыз немесе үй жинаймыз. Осылайша қайшы ас үйде, оқтау қонақ үйде тұратын кездері болады.

Ең алдымен, сіз заттың қай жерде тұрғанын еске түсіргіңіз келген сайын, бұл қолыңыздан келмейтіндігін біліңіз. Ал жадымыздың кеңдігі соншалық, оның ішінен өзімізге керектіні оңай таба алмаймыз. Сондықтан іздеуді доғарыңыз. Әрине, сіздің бір жаққа асығып бара жатқаныңызды түсінеміз. Алайда тырысып көріңіз. Осы сәтте көзіңізді жұмып, жоғалған зат туралы мүлде ойламаңыз. Бірнеше минуттан соң көзіңізді ашып, шәй немесе кофе ішіңіз. Сөзімізге сеніңіз, сіз ол заттың қай жерде тұрғанын бірден еске түсіресіз. Яғни ең бастысы - дүрбелеңге түспей, сабыр сақтай білу.

Жалғасы бар....

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: wikihow.com

Қ. Бүйенбай