Сынды қалай айтқан дұрыс?

Сынды қалай айтқан дұрыс?

Адам баласы болғандықтан, қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарға, соның ішінде адамдардың мінезіне сын көзбен қараймыз. Және күндердің күнінде сол сынды айтатын сәт туады. Бұл жағдай көбіміз үшін жағымсыз болар. Біз ұсынатын тәсілдер сынды екі жақтың да көңіліне тимейтіндей дұрыс айтуға көмектеседі.

Сынды дұрыс айтудың алтын ережелері:

1.«Сэндвич» тәсілін пайдаланыңыз

Пиязды шикідей жеу былай тұрсын, жәй ғана турағанның өзінде көзді ашытып жібереді. Бірақ, біз дайындайтын салатқа ерекше дәм береді. Соққының әсерін төмендету үшін адамды алдымен мақтап, артынша ескертуіңізді, яғни сыни пікіріңізді айтыңыз. Және сөздің соңын мақтау сөзбен аяқтаңыз.

2. Адамды емес, оның іс-әрекетін сынаңыз

Оны жеке тұлға ретінде сыйлап, шынайы өмірде қатты жақсы көретініңізді айтып, артынша ісіне белгілі бір дәрежеде көңіліңіздің толмайтындығын ескертіңіз.

3. Көмек сұраңыз

Ешуақытта адамға бұйырып сөйлемеңіз. Бар болғаны одан өзіңізге көмек екенін немесе бір іске ат салысуы керектігін айтыңыз.

4. Өзіңіздің де дәл осындай қате жібергеніңізді айтып, оны қалай шешкендігіңізді баяндаңыз.

Ескертуді «Хан қызынан да қателік кететінінен» бастаңыз. Бұл сіздің сыныңыздың дұрыс қабылдануына көмектеседі. Аталған ескертуді тіс дәрігерінің анестезиясымен (дененің бөлігін жансыздандыру) салыстыруға болады. Дәл осындай қиын мәселемен өзіңіздің және өзге де адамдардың қалай күрескенін айтып беріңіз. Мінсіз адам болмайтындығын айтқан соң, сіз сынды қабылдаушы адамға нағыз үлгілі жандай көрінесіз.

5. Ескертуді бір рет және ешкім жоқ жерде жасаған дұрыс

Ешуақытта адамға көпшіліктің көзінше ескерту жасамаңыз, мұқататын сыни пікіріңізді жасыра тұрыңыз. Сабыр сақтап, ешкім жоқ жерде айыбын тек бір рет қана айтыңыз. Жіберген қателігін бірнеше мәрте қайталап айтудың қажеті жоқ.

6. Ескертуді дауысыңызды барынша сыпайы етіп аяқтауға тырысыңыз

Оған шешім табуға көмектескені үшін рақмет айтыңыз. Мұндай жағдайдың алдағы уақытта қайталанбауы керектігін есіне салыңыз. Және мәселені сіз айтқан жолмен шешуге болатындығын да баяндаңыз. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: wikihow.com

Қ. Бүйенбай