Қазақ махаббат туралы не деген?

Қазақ махаббат туралы не деген?

Адам баласының жүрегі - құдіретті әуені бар аспап. Ол би билеп, ән шырқау үшін, оттай маздап жану үшін ұйықтап жатыр. Оны ояту үшін махаббат керек. Адам махаббат сезімін сезінбесе жүрегінде қандай әуен болғанын білмейді...

Сіз «Махаббат дегеніміз не?» «Махаббат туралы не айтасыз?» деп сұрауыңыз мүмкін. Ол – екі жартының бір бүтін болуы. Махаббат, расымен де, екі жанның бір-біріне ынтығуы.

Махаббат – жанның азығы. Махаббат сезімін өткермеген жүрек аш қасқырмен тең. Адамның тәні тамаққа қалай ынтықса, оның жаны да дәл солай махаббатқа ұмтылады. Кез келгеннің рухын күшейту үшін махаббат керек. (Ошо)

8 әріптен құралған осы қасиетті де, құдіретті сезімнің төңірегінде қаншама жыр, қаншама роман жазылды. Оның жүректі тербеп, өзге әлемге жетелей түсетін қасиеті туралы жазбаған жан жоқ шығар. Ал қазақ осы махаббат туралы не дейді? Оны да талдап көрейік.

Жазушы Ілияс Есемберлин бұл сұраққа былай жауап берген: «… Ғажайып сезім – махаббат деген! Қара тасты қақ жарып шығып, өзіне жол салған мұз балақтай, махаббат жаныңның белгісіз бір түкпірінде пайда болады да, жолында тұрған сан бөгетке қарамастан бір жүректен екінші жүрекке жол табады. Кенет, көп адамның ішінен саған біреу ұнайды. Бұны кім, қалай түсіндіре алады? Бар болғаны сен оны сүйесің!… Бұл сұраққа адам баласы жаралғалы әлі ешкім жауап беріп көрген жоқ, сондықтан да мұндай сұрақты қоюдың да қажеті аз. Оған жүрек қана жауап бере алар. Сөз, ақыл – ойға берілген, бірақ оның да айтары жоқ… Алайда, ақыл – ой, жүрек, сезім – бәрі біртұтас», - дейді. Оның осы айтқан сөздерінің жаны бар секілді. Дәл қазір әлемде өмір сүріп жатқан 7 миллиард адамның біреуі де «махаббат сезіміне» нақты да, дәл сипаттама бере алмас. Десе де махаббат сезімін түсіндіріп көруге тырысып көргендер де жоқ емес.

Абай қазақ деп қаймана жұрттың қамын ойлап, махаббат сезімін сан қырынан талдаған.

Махаббат, достық қылуға
Кім де болса тең емес.
Қазір дайын тұруға -
Бес күндік ғашық жөн емес, - деп махаббат сезімінің құдіреттілін, оған көрсеқызарлық тән емес екенін танытады.

***

Құдай-ау, қайда сол жылдар,
Махаббат қызық мол жылдар?!
Ақырын ақырын шегініп,
Аластап кетті-ау, құрғырлар, - деп жастық шақтың көзді ашып жұмғанша жүйткіген желдей есе жөнелетінін айтады.

***

Махаббатсыз - дүние бос
Хайуанға оны қосыңдар.
Қызықтан өзге қалсаң бос,
Қатының, балаң, досың бар.

Өлеңдері аға буын мен жас буынның жүрегінін орын алатын, нағыз махаббат сезімін аңсаған Мұқағали де махаббат туралы жырлайды:

Махаббат па?..

Махаббат па? 
Махаббат болған еді. 
Таудың мен еркін жүрген тағысы едім, 
Тапты да, түсірді ғой торға мені. 

Махаббат па? 
Махаббат болған менде. 
Жиі барғам аққулар қонған көлге, 
Ал қазір тоңған жүрек, солған кеуде. 

Ғашықтық па? 
Ғашық та бола білгем. 
Бір - ақ жанға ғашықпын бала күннен, 
Жанымменен сүйемін, жанарыммен... 

***

О, махаббат! 

О, махаббат, сен әлі тірі ме едің? 
Көзімнен ғайып болған күнім едің!
Гүлім едің,
Елтіген түнім едің.


О, махаббат сен әлі тірі ме едің?! 
Мен сені ұмытқанмын 
Жылытқаның есте жоқ, суытқаның, 
Суып қаным, 
Жинағам құрып хәлім. 

Құлаған отауымның уықтарын,
Содан бері мен сені ұмытқанмын. 
О, махаббат, сен әлі тірі ме едің? 

Тірі болсаң, мен де енді тірілемін 
Ақ періште алдына жүгінемін,
Қолдай гөр, ғашықтардың пірі мені!

***

Бітті ей махаббат жақындама,
Жақындама басымды қатырма да.
Сен мені қинау үшін жаралғансың
Сондықтан қасыма кеп отырма да.

Мен нағыз махаббатты армандаймын,
Оны мен жоғалтыпта алғандаймын.
Көп қаздар ішінен аққуымды,
Айырада алмаған сор маңдаймын. 

Махаббат тақырыбы тек қазақ ақиық ақындардың ғана емес, қазақ жастарының да өлеңдеріне арқау болуда.

Мысалы:

Айдарбек Рысбек – «Оралшы махаббат», «Нағыз махаббат», «Махаббат әні»

Арай тобы мен Ерке – «Махаббат бекеті»

Арнау – «Махаббат жыры», «Жалындаған махаббат»

Ақбота – «Қош махаббат»

Азия – «Махаббат аралы»

Альбина – «Жауапсыз махаббат»

Аша Матай – «Махаббат гүлі»

Әлия Әбілқайыр – «Біздің махаббат үшін»

Әлішер Каримов пен Мақпал Жүнісова – «Жалында махаббат»

Жігіттер квартеті – «О, махаббат»

Мақсат Мақсат – «Махаббат деген осылай»

Мәдина Садуақасова – «Махаббат жалыны», «Жауапсыз махаббат»

Музарт – «Махаббат гүлі солмайды»

Ернар Айдар – «Жылама махаббат»

Есен сұлтан – «Махаббат назы»

Еркін Мәулен – «Махаббат бағы»

Ерлан Әли – «Махаббат әні»

Ерлан Тагман – «Ер махаббат»

Еркін Нұржанов – «Ең алғашқы махаббат»

Ринат Зайтов пен Абылай Науаев – «Махаббат»

Сәт триосы – «Қош махаббат»

Сон Паскаль – «Махаббат»

Понти Жорабеков – «Алғашқы махаббат»

Жұбаныш Жексенұлы – «Махаббат елі»

Мейрамбек Беспаев – «Алғашқы махаббат»

Заман тобы – «Махаббат гүлі солмайды»

Жанар Дуғалова – «Махаббат назы»

КешYou – «Махаббат»

Қажымұрат Шешенкүл – «Киелі Махаббат»

Қайрат Баекенов – «Махаббат мұңы»

Қайрат Түнтеков – «Махаббат»

Нәби Аймұратов – «Ең алғашқы махаббат»

Нұрсұлтан Батырқұлов – «Махаббат»

Формат тобы – «Махаббат»

Baller – «Махаббат оқиғасы»

Baller feat Bagi – «Жасыл түсті махаббат»

Шоқан – «Қайғылы махаббат»

Xaus and Farid – «Махаббат сыры»

Smitty – «Қатыгез махаббат» және т.б. Осындай ұзақ-сонар тізімнен кейін махаббат жоқ деп айту мүмкін емес шығар...

Махаббат – бұл бір сөзбен айтып жеткзуге болмайтын дүние. Осындай белгіні өз бойыңыздан тапсаңыз, алтынды олжаладым деп ойлай беріңіз. Оны жоғалтып алмаңыз, оқырман!

Дайындаған: Томирис Сағындық

Сурет: Yerlan Kidirov, вк желісінен

Қ. Бүйенбай