- Негізгі бет
- Психология
- Тест: Адам мінезін...
Тест: Адам мінезін сүйікті жемісіне қарап анықтау
Ішкі түйсігіңізге сеніп, төмендегі көкөніс пен жемістің қайсысын көбірек ұнататындығыңызды таңдаңыз.
А) Қияр мен қызанақ
Ә) Қауын мен қарбыз
Қияр мен қауын
Мұндай таңдауды қыздарға қарағанда жігіттер көбірек жасайды. Бұл типке жататын жігіттер өте батыл, намысқой келеді. Ішімдікке мүлдем жоламайды, өзгенің ырқына көнбейді. Араларында шетелге саяхат пен спортты жақсы көретіндері өте көп. Ал дәл мұндай ханзадасы бар қыздар өзін қорғаушысы бардай сезінеді. Алдына қойған мақсатына оңай жетеді. Бірақ бұл жігіттер романтиканы ұнатпайды. Дұрысы – білмейді. Сондықтан олардан не күтетінімізді тұспалдап болсын жеткізуіміз керек.
Ал қыздарға келер болсақ, олар бастық болуға әбден лайық. Бірақ отбасылық өмірде нағыз кішкене бала секілді. Тамақты дұрыс дайындай алмайды, ыдысты уақытында жумайды және ақшаны дұрыс жұмсай алмайды. Сүйіктілерін жан-жүрегімен түсініп, әрдайым қолдау көрсетеді.
Қызанақ пен қарбыз
Қызанақ пен қарбыздың қосындысын ұнататын адамдар өмірде өте белсенді, көңілді жүреді. Сөйлеген кезде сөздері әуезді естіледі, бірақ жиі жанжал шығаруға бейім келеді. Бұл типке жататын жігіттер өте жалқау, жұмыссыз жүргенді ұнатады.
Ал қыздар өте эмоционалды. Отбасылық өмірде тыныштық пен берекені жақсы көреді. Еш уақытта өзгелер туралы жаман ойламайды, әрдайым адалдық танытады.
Қияр мен қарбыз
Бұл адамдар үнемі ішінде бір сырды жасырады. Сабырлы күй танытып жүрген мінезінің астарында үлкен құпия бар. Онымен бірге тұратын адамдар жанартаумен бірге өмір сүріп жатқандай күйде болады. Бүгін немесе ертең не боларын нақты білмейді.
Ал қыздар болмашы дүниеге бола ренжи бермейді. Бірақ осы ренішін ішіне сақтап, күндердің күнінде сыртқа шығарады. Қияр мен қарбыздың қосындысын жақсы көретін адамдар шығармашылыққа бейім келеді. Терең ойға батуды жақсы көреді. Араларында оқымыстылар мен өнертапқыштар өте көп кездеседі.
Қауын мен қарбыз
Дәл осы қосындыны жақсы көретін адамдар - өте байсалды, байыпты, оңы мен солын жақсы танитын жандар. Ерекше сезімтал. Әдемі заттарға қызығып қана қоймай, талғамы да өте сапалы. Қауын мен қарбыздың қосындысын жақсы көретін жігіттер нәзік келеді. Болмысы қыздарға жақын. Көп жағдайда олар суретші, музыкант болады. Бірақ тек өзін ғана ойлайтын эгоист қасиеті бар.
Ал бұл типке жататын қыздар әрдайым әсерге бөленіп жүретін сезімтал, махаббатта адал келеді. Ал отбасылық өмірде жарына, балаларына қамқоршы.
Ал сіздің таңдауыңыз қандай?
Дайындаған: Томирис Сағындық
Сурет: rudaki.ru
Қ. Бүйенбай