Тест: "Адам мінезін саусақ таңбасына қарап анықтау"

Тест: "Адам мінезін саусақ таңбасына қарап анықтау"

Саусақтарыңыздың бас жақ бөлігіне жақсырақ үңілсеңіз, сызықтардың белгілі бір бағыт бойынша орналасқанын көресіз. Бір қарағанда ол сызықтар доға, ілмек және бұйра болып көрінеді. Олардың әрқайсысын жеке талдайық.

1. Доға


Бармағының таңбасы доғаға ұқсайтын адмдар өте көп. Алайда бұл сурет тек бір-екі саусақта ғана болуы мүмкін. Ал барлық 10 саусағында доғаның суреті бар адамдар өте сирек кездеседі. Бұл адамдар үшін физикалық белсенділік маңызды рөл ойнамайды. Олар психологиялық, жеке тұлғаға қатысты қасиеттерді жоғары қояды. Мінезі өте қырсық. Ешкіммен сыйыса бермейді.

Ақ пен қараның парқын өзім жақсы айырамын деп ойлайтындықтан, өзгелердің пікірімен ешуақытта санаспайды. Қатты құлап, сүрінсе де, әрдайым орнынан тұрып, қайта жүгіреді. Адамдармен көп сөйлеспей, көшбасшы болуға ұмтылады. Қызметкерлерін қинайтын басшы деп айтуға болады.

2. Ілмек


Саусағының таңбасы ілмекке ұқсайтын адамдардың мінезі холерик темпераментіне жақын. Күш-жігері мол болғанымен, физикалық мүмкіндіктері төмен. Бір қалыпты, адамды жалықтырып жіберетін жұмысты ұнатпайды.

Олар ашық-жарқын, жанындағылармен тез тіл табысатын, көнгіш келеді. Қоғамның өміріне белсенді түрде араласады. Барын қанағат тұтады және олардан өте жақсы басқарушы шығады.

3. Бұйра


Мұндай суреті бар қолтаңба әдетте аспанда қалықтап, қиялдағанды ұнататын жандарда кездеседі. Шығармашылық қабілеті өте жоғары, бір уақытта бірнеше жұмысты қатар бітіретіндігімен мақтанғыш келеді. Алайда қызығушылығын тез жоғалтатындықтан, істі соңына дейін жеткізбейді. Ерекше шыдамдылығына қарамастан, өздеріне жақпайтын ортада тұра алмайды.

Өздеріне үнемі көңілі толмайды. Тез күйзеледі, психикасы тұрақсыз келеді.

Жоғарыда әрқайсысын жеке талдағанымызбен, таза темперанменттің болуы мүмкін емес секілді, саусақ таңбалары да біртекті болуы мүмкін емес. Доға мен ілмек тәрізді суреті бар саусақтар жұмысты соңғы мүмкіндіктері сарқылғанша орындайды. Ал егер бір адамда үшеуі де кездессе, бұл оның мүмкіндіктерінің көп екендігін немесе көп мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана алмайтындығын баяндайды.

Ал сіздің саусағыңыздың таңбасы қайсысына ұқсайды?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: liveinternet.ru 

Қ. Бүйенбай