Ақылды жігіт те мінсіз емес

Ақылды жігіт те мінсіз емес

Бәрімізге де ақылды адам ұнайды. Ақымақтарды ұнататын адам болмайтын шығар? Өзіміздің жақынымыз да өз ойымыздағы үдеден шыға алатын ақылды болғанын қалаймыз. Десе де, қыздар ақылды жігіттермен қарым-қатынас құруда мына мәселелерге мән беруі керек. 

Асқан бәсекелестік

Ақылды жігіттер өздерінің ақылды екендіктерін біледі, тіпті сіздің де солай ойлағаныңызды қалайды. Бірақ кейде сізбен ақылсыздау тақырыптарға да әңгімелесіп, қатесін байқамайтын кездері болады. Оған бір ғана себеп бар – олар ақылсыз болып көрінуден қорқады. Бұл үлкен мәселеге айналып кетуі де ғажап емес. Ал кейде сіздің айтқаныңыз дұрыс болса да, оған қарсы келе алмауыңыз мүмкін. Қыз бала мұндайда қарым-қатынасты бұзбау үшін үндемей қалуды жөн санауы керек. Олай болмаған жағдайда махаббаттың баянды болуы екіталай.

Өзіндік «мені»

Олар, әрине, көптеген табысқа қол жеткізген әрі сәтсіздікті ауыр көтереді. Онымен бірге қуанышты күндерде жеңіл байланысуға болса, қайғыны бөлісу қиынға соғады.

Қолынан түк келмейді

Олар бар мәселені ақылмен, біліммен шешкісі келеді. Оған үйреніп те қалған. Бірақ кейде қарапайым іс қолынан келмей жатады. Мәселен, автокөліктің майын ауыстырудың өзі қолынан келмеуі мүмкін. Немесе үй шаруасына төселе алмауы өзіне қалыпты жағдай саналады.

Мақсатқа талпынушылық

Жоғарыдағы пунктпен бірдей мәселе: білімді жігіт өзінің қызығушылығына дендеп кірісіп кетуі мүмкін, бірақ басқа салаларда оның деңгейі бола бермейді. Олардың қызығушылықтары бір ғана салада.

Үйретуге қыры жоқ

Егер білімді жігіттің сүйіктісі болғыңыз келсе, әрине, оның қызығушылықтарымен санасып, дегенімен жүру керек. Және сіз оның қызығушылықтары мен белгілі бір салада шеберлігін үйренемін десеңіз олардың үйретуге деген мүмкіндігі бола бермейді. Мәселен, қызығушылығын өзгемен бөлісе алмайды.

Снобизм

Мұндай жағдайда сіз дымбілместің күйін кешпес үшін өзіңіздің қызығушылығыңызды арттыруыңыз қажет. Сіз жетістікке жетпесеңіз ол өзін әрқашан биікке көтеріп, сізді төменгі орындарға қоятын болады. Тіпті өзін теңіме қосылған жоқпын деп аяуы да мүмкін. Мұндай болмас үшін сіз де белгілі бір салада жетістікке жетуіңіз керек. Бірақ оның сіздің қызығушылықтарыңыз бен құндылықтарыңызды құрметтейтіндігіне көз жеткізіп алыңыз.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: өңделген

А. Құлтай