Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Мейірімді, қайырымды болып үйренейік...

Мейірімді, қайырымды болып үйренейік...

Мейірімді, қайырымды болып үйренейік...

Өкінішке орай, мейірімділік пен қайырымдылық сынды қасиеттер барлық адамға тән емес. Тіпті біздің заманда оның қажеті де жоқ дегенді естиміз. Алайда бұлай дейтіндер қатты қателеседі.

Мейірімді, бауырмал, көмекке дайын тұратын абзал адамдар – кез келген қоғамның негізгі тірегі. Лепірме сөз сияқты көрінсе де, мейірімділік пен қайырымдылық адамға адам болып қалуына көмектеседі. Қалаған жағдайда мұндай лайықты қасиетке кез келген адам ие бола алады. Қалай дейсіз ғой?

Мейірман және қайырымды болудың амалдары

Аздан бастаңыз. Адамдар әртүрлі. Біреулер жастайынан басқаның қайғысын бөлісуге, риясыз көмекке дайын болып өседі, ал кейбіреулер керісінше әрекет етеді. Адамның мұндай болмысына генетикалық бейімділігі, тәрбие ерекшеліктері, кімдермен жақсы араласатыны және т.б. көптеген фактор әсер етуі мүмкін. Бұйрық бойынша мейірімді және қайырымды болу мүмкін емес. Алайда мейірімсіз және енжар өзімшілдердің өзі жақсы жаққа өзгеріп, жақсылық жасауға құмар болатын кездері болады.

КСРО кезеңінде «Өмірде ерлік жасауға әрдайым жағдай табылады» деген ұран танымал болған. Бұл тұжырымды сәл өзгертіп: «Өмірде жақсылық жасауға әрдайым жағдай табылады» деуге әбден болады. Айналаңызға қараңызшы. Кез келген жерден көмегіңізге мұқтаж адамды кездестіре аласыз. Бұл кез келген адам болуы мүмкін, мысалы, қарт көршіңіз, кішкентайын өсіріп жатқан жалғызбасты ана, қиын жағдайға тап болған танысыңыз. Оларға уақытыңыз бен назарыңызды бөліңіз, көмегіңіз қажет емес пе екен, сұраңыз. Мысалы, қарт адамдарға сыртқа шығу қиын болса азық-түлігін тасып беруге болады немесе дәрісін әкеліп беріңіз. Бұл көмегіңіз болмашы болса да, ең бастысы, шынайы және шын жүректен шыққан ұсыныс болсын. Мейірімді іс жасағаныңызға өзіңіз де бір сәт риза болып қаласыз. Және, бұдан кейін де мейірімді істер легін жалғастыруға ықыласыңыз ашыла түседі.

Көмегіңіз қандай түрде білдірілетіні аса маңызды емес. Бұл:
- қолдан келген материалды көмек;
- физикалық көмек (үй жинасу, азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізу, кішкентай баланы қарай тұру және т.б.);
- кеңес айту;
- рухани қолдау;
- тегін заңгерлік кеңес және т.б. болуы мүмкін.

Қалай болғанда да, сіз басқа адамға көмектесіп қана қоймай, өзіңіз де қайырымды, мейірман бола түсесіз.

Қандайда бір қайырымдылық ұйымына хабарласып, көмекке зәру адамдар жайлы мәліметтер ала аласыз. Олар сізге қажетті байланыс ақпараттарын және нақты қандай көмек керек екенін айтады.

Сонымен қатар жетімдер үйінің балаларына да, мысалы, сыйлықтар немесе қажетті киімдер сатып алып беріп көмектесе аласыз.

Не үшін қайырымды және мейірімді болу керек?

Қайырымдылық пен мейірімділік адамға тек жақсы жағынан әсер етеді. Қоғам кілең енжар, тек өзін ойлайтын адамдардан құралса, қандай болар еді? Біреудің көмегіне сену түгілі, қай жерде қастық жасап кетер екен деп күтіп жүру қандай әсерге бөлейді? Мұндай адамдардың ортасында өмір сүргіңіз келер ме еді?

Табиғаттың «ең мықты тірі қалады» деген заңы бар. Онда (тек кейбір ерекшеліктерді ескермегенде) мейірімділікке орын жоқ. Бірақ адам түйсікпен ғана өмір сүрмейтіндіктен саналылар қатарына жатады ғой. Бір дана адам: "Өркениетті қоғамға оның балаларға және қарттарға, яғни қорғансыз адамдарға қарым-қатынасына қарап баға беруге болады" деп бекер айтпаған.

Әлсіз адамдарға, өмірлік қиын жағдайға түсіп қалғандарға көмектесе отырып, адам өзінің адамгершілік қасиеттерін көрсетеді. Ал біреулердің қайғысына ортақтасу арқылы өз өміріне басқаша қарай бастайды, құндылықтарын зерделейді. Бұрынырақта сүбелі көрінген, жанға маза бермеген мәселелер басқалардың қайғысының жанында түкке тұрғысыз болып көрінуі мүмкін.

Сондықтан мейірімді де қайырымды адамдар өз өмірін біреуге қастық ойластырып, пайда табуды көздеп, бекер өткізбеуге тырысады.

Әлбетте, мейірімді болу – өміріңді толықтай біреулерге көмектесуге арнап, өз қызығушылықтарың мен отбасыңды және т.б. ұмыту деген сөз емес. Мұндай пірәдар адамдар аз және арты жақсылыққа әкелуі екіталай.

Сонымен бірге әр нәрсенің шектен шықпағаны дұрыс. Өкінішке орай, мейірімді және қайырымды адамдарды барлық жағдайға жедел жәрдем ретінде пайдаланғысы келетіндер бар. Мұндай әрекеттерді сыпайы, бірақ қатаң түрде тыйып отырған жөн. Ерік берсеңіз, мойныңызға отырып алатындар әрдайым табылады.

Сурет: goodfon.ru, psiholog194.blogspot.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 10 сәуір 2014, 17:00
Пікірлер
+0
10 сәуір 2014, 17:45

кеңсенің кіре берісінде отыратын күзетші жігіттің компьютерге теріп берші деген қағазынан бас тартып, нем кетіп бара жатыр, көмектесе салайыншы деп қайта айналып барсам, қасындағы жолдас жігіті жымың-жымың етіп екеумізге кезектесіп қарағаны.. тек белгілі бір мақсатпен көмектеседі деп ойлайтындарды жақтырмааайм(

+0
10 сәуір 2014, 18:05

Көмек демекші, бір қызға көмектескенім бар еді. Ақшасы болмай қиналып жүрген таныс студент қыз менен "ақша беріп тұршы, 1 аптадан соң қайтарамын" деп уәде берген болатын. Қиналып жүр ғой әрі әке-шешемізде таныс кісілер деп берген едім. Ақшаны алды, содан бері жоқ әлі. "Лақтырып" кетті

+0
10 сәуір 2014, 18:32

Ақша алып, лақтырып кететіндердің қатары көп. Сондықтан жақсылық ақшаға емес, басқаға келіп тірелсе дұрыс болар.

+0
12 сәуір 2014, 18:27

Өте жақсы жазылған, дұрыс ой

+0
13 сәуір 2014, 00:57

тамаша жазылған екен. Қазақ айтады жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық ер адамныңісі деп. Жамандыққа жамандықпен жауап бермей жақсылық жаса деп үгіттеп отырса, онда жақсылық жасау ол міндетті іс екен. Жақсылық жасаудың, мейірімділіктің, қайырымдылықтың нағыз кемел үлгісін көрсеткен адамзаттың ардақтысы Мұхаммед с.ғ.с. пайғамбармыз мінезі ең көркем жандардан еді. Тіптен өзіне жамандық жасаған адамдарға да жақсылықпен жауап беріп отырған. Мәселен, пайғамбарымыздың көршісі еврей әйел болған еді. Ол үнемі пайғамбарымызға жамандық жасап, есігінің алдына тікенек шөптер тастап кететін. Пайғамбарымыз таңертең таң намазына тұрып есіктен шыға бергенде сол тікенектер аяғына қадалып қалушы еді. Бірақ пайғамбарымыз еш шу шығармастан, сол әйелге барып айтып айқайламастан оны алып тастап жүре беретін. Бірде пайғамбарымыз әдеттегідей таңертең еврей ійле тағыда тікенектер тастаған шығар деп аяғын аңдап басып үйден шықса ештеме жоқ болады. Таң қалған пайғамбарымыз мешітке келіп, бір сахабасын ол әйелге не болғанын білуге жібереді. Сахаба ол әйелдің қатты аурып төсек тартып жатқанын айтады. Пайғамбарымыз мешітен шыққаннан кейін базардан бір құрма сатып алады да, әлгі әйелге барып көңілін сұрап, құрманы беріп осыны жесең сауығасың дейді. Сонда әйел жылап жіберген екен. Мені кешір мен саған қаншама жамандық жасасамда ауырған кезде сен келіп көңілімді сұрап, құрма беріп жазылуымды қаладың, недеген керемет жансың, ал мен болсам осы уақытқа дейін сенің өліміңді тілеп келген едім депті. Содан әлгі әйел ислам дінін қабылдаған екен. Айта берсе пайғамбармыздың басында мұндай оқиғалар көп болған еді. Тіптен Тайф қаласына барған кезде, таспен атып, үсті басынан түк қоймай қан жоса қылып, тісін сындырған кезде, пайғамбарымыз оларға дұға тілеп, Мен осылардың ұрпағынан Аллаға серік қоспайтын жақсы ұрпақтар шығатынына Алладан үміт етемін деген еді. Міне нағыз кемелдіктің, наңыз көркем мінездің иесі. Сондай жағдай біздің басымызда болса не істер едік. Айқай шу шығарып, төбелесер ма едік?! жоқ әлде соғысып кетер ма едік?! Білмеймін, осындай көркем мінезді болуға, Пайғамбардан үлгі алуға тырысайық ағайын.!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.