Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Мінез - адамның болмысы

Мінез - адамның болмысы

Мінез - адамның болмысы

Бірінші оқиға

Бәрі де күйеуінің сол шәлкем-шалыс мінезінен басталды. Ол барлығына, тіпті көлік тізгінінде отырғанда жаяу жүргіншілер жолынан өткен адамдарға да ашу шақырып, балағаттап отыратын. Оның ашу шақырмайтын жері жоқ десе де болатын еді. Ақыры олардың балалары дүниеге келді. Әйелі күйеуіне: «Мен балаларымның әкесінің мұндай болғанын, әкесінің оларға мұндай тәрбие бергенін қаламаймын», - деді. Ерлі-зайыптылар қатты ұрысты. Ақыры ажырасып тынды. Күйеуі қатты өкінді. Өзінің мінезінің осыншама қасіретке душар ететінін мүлде ойламап еді. Ол психологқа барды. Емделді, бірақ, біраз уақыт өткен соң тағы бұрынғы әдетіне басты...

«Адамның мінезі бәрінен гөрі қиын-қыстау сәттердегі сыңайынан жақсы танылады», - дейді С. Цвейг. Адамның мінезі оның ішкі жан-дүниесінің айнасы. Оның қоғамдық ортада өзін қалай ұстауы, адамдармен қарым-қатынасы, таным-түсінігін бейнелеуі бәрі де оның мінезіне байланысты. Кейде адамдар ортасындағы достық олардың білім деңгейі, көзқарастарындағы ортақтық негізінде емес, олардың мінездерінің сәйкес келуі мен өзара үйлесуі нәтижесінде туындап жатады. Мінез адамның айналасына беретін тұңғыш әсерінің негізгі бастаушысы. Бірінші оқиғадағы ер адамның мінезі оның өмірін белгіледі. Оның бар байлығы, отбасы, жұбайы және ұрпағы нашар мінездің кесірінен өзінен алыстап, олардың өзінен қол үзуіне әкеліп соқты.

Екінші оқиға

Бұл кісінің туып-өскен жерінде өзен-көл мүлде жоқ еді. Сол себепті ол суда жүзуді білмейтін. Ол үлкен қалаға келді. Мұндағы адамдардың демалысын теңіз жағасында өткізетінін көріп қатты қызығатын. Бір күні ол бассейнге барды. Суға бір түскен соң қатты жүрексініп қалды. Су жұтты, батып кете жаздады. Бірақ, ол суға жүзуді үйренуді өзін жеңудің, өзін өзгеше бір қырынан тәрбиелеудің жолы деп білді. Талмай, талықпай үйренді. Уақыт өте келе суда жүзу оның өмірінің айрылмас бір бөлігіне айналды. Тұрмысындағы басты әуесі де осы жүзу болып қалды.

«Біздің кез келген ең ұсақ, ең мәнсіз, ең елеусіз қылығымыздан-ақ бүкіл мінезіміз көрінеді: ақымақтың кіруі де, шығуы да, отыруы да, орнынан тұруы да, үнсіздігі де, қимыл-қозғалысы да ақылды адамға қарағанда басқаша». Бұл Ж.Лабрюйердің сөзі. Жақсы мінездің қалыптасуы - адам бойында үлкен төңкерістің орын алғанын дәлелдейді. Мысалы, екінші оқиғадағы адам алғашында судан жүрексінді, кейін өзін жеңу үшін суды бағындыруға талпынды. Ал, кейін ол тамаша тұрмыс әдетіне айналды.

Үшінші оқиға

Балалар психологиясымен айналысатын орталық жиырма балаға тәжірибе жасады. Оларды жеке-жеке бір үстел, бір орындығы ғана бар және бақылау камерасы жұмыс істеп тұрған бөлмеге отырғызып, алдарына бір тал дәмді шоколад қойды. Тәжірибе жасаушылар есіктен шығарда балаларға: «Бұл жерде ешкім жоқ. Мен он минуттан кейін келемін. Егер сол уақытқа дейін осы шокладты жемесең, мен саған осындай он тал шоколад беремін», - деді. Нәтижесінде жиырма баланың тек екеуі ғана сол он минутқа шыдап, шоколадты жемей күтіп отырды.

Мінездің басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері екенін ескерсек, үшінші оқиға бізге түрлі ой салады. Баланың төзімділігі мен үлкенге деген сенімі сәби мінезінің айнасы болып табылады. Бұл әрекеттері олардың алған тәрбиесінен дерек беруде. Адам бойындағы мінез-құлықтың бастапқы көрінісі – қылық. Мұнда әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді. Адам өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез-құлық адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді.

В.Гюго : «Әрбір адамның үш мінезі бар: басқалардың оған телитін, оның өзіне-өзі телитін және ақырында, шын мәнісінде өзінде бар мінезі», - дейді. Бәрімізге де шын мәнісіндегі өз мінезімізді танып, оны өз айналамызды нұрландыруға қарай бұра білуді үйрену аса маңызды.

 

Автор: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: blog.sina.com.cn

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 28 наурыз 2014, 10:05
Пікірлер
+0
28 наурыз 2014, 12:57

Түсінгенім мінез адам туылған кезде бірге бітеді, оны қалыптастыру деген жәй әңгіме)

+0
28 наурыз 2014, 13:35

Мінез өсе келе, қоршаған ортаңа байланысты қалыптасады,

+0
28 наурыз 2014, 14:19

Туылған кезде балада, тек қанмен сіңген ата-ананың мінездері болады. Ал өсе келе жаңа ортаға өткен бала ортадағы мінездерге қарап қалыптасады. Жасөспірім кез осы мінездердің қалыптасуындағы негізгі кезең. Бұдан кейін де мінезді өзгертуге болады алайда, біраз қиындық болады. Егер де ол қанша өзгеруге тырысқанымен айналасындағы адамдармен бұрынғыдай қарым-қатынаста жүре берсе, бұрынғы әдеттері жаңғырып, мүлде қиындай түседі. Абай айтқандай: Адамның мінезін өзгертуге болмайды деген адамның тілін кесу керек...

+0
28 наурыз 2014, 16:05

nm,nn

+0
28 наурыз 2014, 16:30

Абай атамыз өзінің 37-ші қара сөзінде «Адамның мінезін өзгертуге болмайды − деп айтқан адамның тілін кесіп алар едім», ─ деген...............

+0
28 наурыз 2014, 16:34

Абай атамыз 37-ші қара сөзінде: Егер мен қолымда заң-зәкүн қуаты бар адам болсам, адам мінезі түзелмейді дегеннің тілін кесер едім-деген....

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.