Нағыз дос деген кім?

Нағыз дос деген кім?

Мектепте оқып жүрген шақта үлгерімім төмендеп, көңіл-күйім түсіп жүрген кезімде шешем алдына шақырып алып әңгіме бастаған еді...

«Балам! Саған бір сұрақ қойсам жақсылап ойланып, маған жауабыңды берші», - деді ол.

Мен «Жарайды» дедім. Сұрақ мынау: «Саған кім өмірлік дос болып қалады?»

Мен: Достарым бар, солар болады!

Анам: Жоқ, оған күмәнім бар.

Мен: Бірақ рас, мама, мен үйде бір жыл бойы ауырып жатқанда жан досым менен зерігіп, тастап кеткен еді. Мен өзім ғана қалған едім сол қиын күндерде... Иә... Мүмкін болашақ әйелім шығар?

Анам: Әй, қайдам! Адамдардың ажырасқанын есіткен жоқпысың?

Мен: Айтпақшы рас, мама! Адамдардың ажырасуы сирек емес бұл күні!

Мен: Онда әкем мен шешем шығар?

Анам: Әрине! Бірақ біз шайтан болмаймыз ғой! Ана дүниеге өтеміз...

Мен зорға тыңдап бұл сөзді: "Онда кім?" дедім.

Анам: Ағайындарыңды ұмыттың ғой! Соларды айт!

Мен: Иә! Солар шығар!

Анам: Жоқ, балам! Ағайын жоқ болсаң бере алмайды, бар болсаң көре алмайды!

Мен: Онда әріптестерімнің арасынан біреу шығар...

Анам: Жоқ, балам. Бәсеке бар жерде достық қайдан табылады? Жұмысыңнан айырылсаң әріптестерің де жайына қалады!

Мен: Онда, мама, қинамашы мені, айтшы кім дос болады?

Анам: Балам, саған тек білім дос бола алады! Білімің болса жұмысты да табасың, білімді маманды ешкім жұмыстан қумайды! Жұмыстағы әріптестерің де сыйлайды, белгілі орның болады арасында! Білімің болса ақшасыз қалмайсың, міне, сонда тума-туыстарың сенен алыс кетпейді, тіпті жолдастарыңның да тастап кетуіне себеп болмайды, әйелің де табысты болып, көп білсең сенен ешқайда да кетпейді, балам! Білімді тегін алуға болады, тек кітап оқысаң болды! Балам, білімің тек басыңда жүреді, біреу сол білімді тартып аламын десе де қолынан келмейді, сол біліммен бөліссең, ол ақша сияқты таусылмайды.

Міне, сол әңгіме маған көп пайдасын берген, ағайындар, бұл сөз бәрімізге арналған. Біліміміз бай болып сол байлықпен жарысайық! Қалғаны соған байланысты!

Тағы айтарым, біліміңмен бөліссең, одан білімің тек күш ала түседі екен!

Автор: Нұржан Тойшы

А. Құлтай