Комплекссіз өмір сүрудің 8 әдісі

Комплекссіз өмір сүрудің 8 әдісі

Тым толық, тым арық, тым жіңішке, тым ірі, тым, тым... Өз келбетіңе риза болмау бойда психологиялық мәселелердің бар екендігінен хабар береді. Оларды шешуге, кішкентай кемшіліктерді жеңілдетуге немесе олармен өмір сүре беруге де болады. Тек әрекет ету керек!

1. Шығармашылықпен айналысу

Өз қолымен керемет туындыларды дүниеге әкелу арқылы адам өз бағасын көтереді. Эмоциялардың шығуына жол ашудың бір амалы - шығармашылықпен айналысу. Мысалы: сурет салу, мүсіндеу...

2. Өзгелерді ойла

Өз бойыңнан кемшілік іздей бергенше, шынымен көмекке мұқтаж адамдарға назар аудар: интернаттағы мүгедек балаларға, жер бетінен жойылуға шақ қалған жануарларға, тіпті үй жұмысын жасай алмай жүрген ініңе. Бәлкім, көлемді бөксесінен ұялып жүрген құрбыңды ойынан тек сен ғана айныта алатын шығарсың?

3. Өзіңді құрметте

Мінсіз сұлу болмау – керемет дос, сенімді жолдас, қызықты жұмыс табуға кедергі болмайды. Қарабайыр көрінгенімен, адам бойында ең бірінші кезекте адамгершілік пен мейірімділік жоғары бағаланады. Осы тұрғыда біраз жұмыс атқаруға тырыс. Ханшайым немесе ханзада болуға ұмтылудың қажеті жоқ, өз-өзіңе қателік жасауға мүмкіндік бер. Өз артықшылықтарыңды қаперіңде ұста. Өзің туралы достарыңнан сұрастырсаң, сен жайлы көп жақсы сөз айтарына сен.

4. Бөлшектерді саралауды доғар

Денеңнің әр бөлшегіне назар аударып, кемшілік іздеуді доғар. Өз-өзіңе тұтас қарап үйрен. Ұтымды көрінетін кескіндеріңді айқындауға тырыс.

5. Себебін анықта

Өз кемшіліктерің мен сәтсіздіктеріңді байланыстырып көр. Көп ұзамай емтиханнан құлап жүргеніңнің себебі ұсқынсыз бет әлпетіңде емес, өзіңнің сенімсіздігіңде екеніне көз жеткізесің.

6. Денеңді сезін

Массаж, денені уқалау денеңнің әр бөлшегін сезінуге мүмкіндік береді: теріге крем жаққанда асықпай, емірене жағуға тырыс. Қынама киім киіп, дененің әр иірімін, әр шұңқыр, әр бөлшегін сезініп, жақсы көр. Биге қатысу арқылы жасқаншақтықтан арылуға болады. Ұялшақтықтан арылсаң, көп ұзамай комплекстер де жоғалады.

7. Түзу жүр

Келбет пен арқаның түзулігі саған деген жақсы көзқарас тудырады және өзіңді еркін, сенімді сезінуге мүмкіндік береді. Ал керісінше бүкірею, қуыстанып, қысылып жүру адамдарды өзіңнен алыстатады.

8. Өз-өзіңді күт

Әрдайым әдемі киініп жүр. Тартымды болған сайын адам өзіне сенімді бола түседі. Шаш үлгісін өзгертіп, декоративті косметика пайдалан және әрдайым жымиып жүр.

Сурет: vk.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina