Ым-ишара тілі:

Ым-ишара тілі: "Қобалжу"

Толқу, алаңдау, мазасыздану – ең көп таралған эмоциялар. Оны кез келген адам өмірінде бір рет болмасын сезінген. Бұл сезімді бастан өткізуідің түрлі себебі бар. Ол – ұят, шындықты жасыруға тырысу, жауапкершілікті сезіну және т.б. Мұнымен қатар қобалжып, алаңдап тұрғанын жасыратын адамдар бар. Психолог мамандардың айтуынша, ең көп күлетін адамдар – ең бақытсыз жандар. Олай болса, жақын адамдарымыздың шын мәнінде қандай сезімде тұрғанын бірге анықтайық.

Белгілері:

1. Көзін жиі жыпылықтату. Адам қобалжып тұрған кезде өзінің іс-әрекетін бақылай алмайды. Ойын жинақтай алмай қиналып, көзін сан жаққа жүгіртеді. Және жылдам жыпылықтатады.

2. Көзге тік қарамайды. Өтірікті жасырып қалу мақсатында толқыған кезде көзімізге тік қарамауға тырысады. Шетке немесе төмен қарайды. Бұл әрекеті өзінің кінәсін сезінгендіктен немесе қобалжып тұрғанын жасырып қалғысы келгендіктен.

3. Ерінді тістеу. Қобалжыған кезде ауыз қуысы құрғап кетеді. Бұдан өзге еріндеріміз де құрғайтындықтан, оны сілекейімізбен суландырып, кейде тістейміз. Кейде еріндерімізді қанағанша қатты тістеп алуымыз мүмкін. Олар мұны әдейі жасамайды.

4. Еріндердің дірілдеуі. Қобалжыған кезде кейбір адамның төменгі ерні дірілдейді. Осы дірілден арылу үшін оны үстіңгі ернімен немесе тісімен тістейді.

5. Беттің қызаруы. Аталған реакция да қобалжудың нәтижесінде жүзеге асады. Оны бақылауға алу, тіпті, мүмкін емес. Сондықтан да беті қызарып тұрған адамның қобалжып тұрғанына 100-% сенімді болуымызға болады.

6. Көз қарашығының ұлғаюы. Қобалжып тұрған кезімізде ағзамыздан адреналин бөлінетіндіктен көз қарашығы әдеттегіден 4 есе ұлғаюы мүмкін.

7. Жақ сүйектері айқын білінеді. Әсіресе, ер адамдарда.

8. Танауын делдиту. Жоғарыда айтқанымыздай адреналин бөлінумен қатар жүрек соғысы жиілей түседі. Демалумыздың да ырғағы бұзылады. Алайда мұқият болыңыз бұл белгіні ашу, қайғы, қорқыныш белгілерімен шатастырып алуымыз мүкін.

Адамның толқып тұрғанын дауысына қарап қалай ажыратамыз?

1. Дауыстың дірілдеуі. Бұл да толқудың белгісі.

2. Жылдам сөйлеу. Мұнымен қатар әдеттегіден ақырын сөйлеу де толқудың бір көрінісі.

3. Түкірігін жұтыну. Толқыған кезде тамақ құрғап кететіндіктен, қайта-қайта жұтынуымызға тура келеді.

4. Тембрдің өзгеруі.

5. Сөйлеу кезінде қайта қайта тістену.


Қобалжудың өзге де белгілері:

1. Тізе мен қолдың дірілдеуі.

2. Қолды қалтаға салу. Әдетте дірілдеген қолдарын жасыру үшін оны қалтаға салады. Кейде қолдарды арқаға немесе кеудеге айқастырып ұстайды.

3. Жұдырықты түю. Мұны да қобалжуды жасыру үшін пайдаланады.

4. Терлеу. Әдетте қобалжу барысында еріндердің үсті мен маңдайымыз терлейді.

5. Қолдарымен ым-ишара белгілерін жиі көрсету. Ережемізге сәйкес адам толқып немесе қобалжып тұған кезде қолымен жылдам қозғалыстар жасауға немесе бір затты ұстап тұруға тырысады. Көп жағдайда қыз балалар қолдарындағы сақинасын айналдырады.

6. Жөтел. Ауыздағы құрғақтықтың нәтижесінде адамның даусы өзгеріп, жөтеле бастайды.

Ал сіз қобалжып тұрғаныңызды қалай жасырасыз?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: вк желісінен

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты
Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты
Абай философиясы
Абай философиясы
“Абай жолы” эпопеясының видеосаммариі жарық көрді
“Абай жолы” эпопеясының видеосаммариі жарық көрді
Абай шығармашылығын зерттеушілер
Абай шығармашылығын зерттеушілер
i-balaqai: Қазақстандағы балалардың қауіпсіздігі туралы
i-balaqai: Қазақстандағы балалардың қауіпсіздігі туралы
"Абай – рухани реформатор" атты президент мақаласындағы 5 маңызды ой
"Абай – рухани реформатор" атты президент мақаласындағы 5 маңызды ой