Интроверттер жайлы 10 аңыз

Интроверттер жайлы 10 аңыз

Швейцария психологі Карл Густав Юнг адам болмысын экстраверт және интроверт деп екіге бөліп қарастырған. Экстраверттер әрдайым көңілді, айналасындағы адамдармен тез тіл табыса алатын болса, интроверттер көбіне көп сөйлемейтін, тұйық адамдар болып келеді. Және бұл тұйықтықты өзгеше түсінетін адамдар бар. Кейбірі интроверттерді адам жақтырмайды десе, кейбірі ұялшақ дейді. Бүгін біз интроверттер жайлы барлық аңыздарға нүкте қоямыз және оларға басқаша көзқараспен қарауға шақырамыз.

1. Интроверттер көп сөйлемейді
Олай емес. Айтарға сөзі жоқ болса, олар үндемеуді жөн көреді. Олар бос сөзді ұнатпайды. Егер оларға қызық тақырыпта әңгіме бастап берсе, тоқтату мүмкін емес болады.

2. Интроверттер ұялшақ келеді
Ұялшақтықтың интроверттікке еш қатысы жоқ. Интроверттер адамдардан қорықпайды, бірақ оларға сөйлесу үшін себеп керек. Олар сөйлесу керек болғандықтан сөйлеспейді. Егер интровертпен әңгімелескіңіз келсе, оны жай ғана әңгімеге тартыңыз. Және әдепсіз көрінемін деп ойламаңыз.

3. Интроверттер дөрекі
Интроверттер көбіне мәймөңкелесу мен сыпайылық алмасу рәсімдерін елемейді. Бәрі шынайы, әрі табиғи болғанын қалайды. Өкінішке орай, көп жағдайда бұны көпшілік қабылдамайды, сол себепті соған бейімделуге тура келеді және бұл оларға сондай қиын.

4. Интроверттер адамдарды жақсы көрмейді
Керісінше, интроверттер бірнеше досын қадір тұтады. Сол достарын атап беру үшін бір қолының саусақтары жеткілікті. Егер сізге интроверттің досы болу бақыты бұйырса, онда өмірлік дос тапқаныңызға сенімді болыңыз. Егер сіз оның ілтипатына бөленсеңіз, онда ол әрдайым жаныңыздан табылатын болады.

5. Интроверттер жұртшылыққа шығуды қаламайды
Бұл да сандырақ. Интроверттер жұртшылық ортасына ұзақ уақытқа шығуды қаламайды. Олар ақпаратты тез қағып алады, сондықтан бәрінен хабардар болу үшін ұзақ уақыт жиында жүрудің оларға қажеті жоқ. Олар алған әсерді қорытындылау үшін тезірек үйге баруға асығады. Тыныштықта ойларды саралау интроверттер үшін өмірлік маңыздылыққа ие.

6. Интроверттер әрдайым жалғыз болуды қалайды
Интроверттер ойларымен оңашада отыруға жаны құмар. Олар көп ойланып-толғанады. Армандайды. Ойланатын, шешуді талап ететін мәселелердің болуы интроверттерге ұнайды. Бірақ егер жанында жаңалықтарымен бөлісетін жақыны болмаса олар өздерін жалғыз сезінуі мүмкін. Оларға бір мезгілде БІР ҒАНА АДАММЕН шынайы адал қарым-қатынасы маңызды.

7. Интроверттер – қызық адамдар
Интроверттердің көбі – дербес адамдар. Олар тобырға ермейді. Өзгелер оларды ерекше өмір салты үшін қадірлегенін қалайды. Олар қалыпты боп көрінген дүниеге басқаша көзқараспен қарап, ортақ ережелерге қарсы шығады. Танымал немесе сәнді деген критерийлер бойынша шешім қабылдамайды.

8. Интроверттер – тұйық адамдар
Интроверттер – бірінші кезекте ішкі жан дүниесіне көп үңілетін, өз ойлары мен эмоцияларына көбірек назар аударатын адамдар. Бұл олардың айналада болып жатқан мәселелерге селқос қарайды деген сөз емес, жай ғана олардың ішкі әлемі өздері үшін бәрінен қызық және пайдалы.

9. Интроверттер көңіл көтеріп, демала аламайды
Интроверттер шулы қоғамдық жиындардан гөрі үйде немесе табиғатта демалуды қалайды. Оларға адреналинді ойнақтататын көңіл көтеру әдістері жат. Егер айнала дабырлап, шуға бөлене бастаса, интроверттер қуыстанып қалады.

10. Интроверттер «өзгеріп», экстраверт бола алады
Егер әлемде интроверттер аз болатын болса, онда ғалым, музыкант, суретші, ақын, кинематографист, дәрігер, математик, жазушы және философтар да аз болар еді. Интроверттер «өзгере» алмайды және туа біткен темпераменті мен адамзатқа әкелген пайдасы үшін тек құрметке лайық. Айтпақшы, Silverman зерттеуі (1986) бойынша, IQ жоғары адамдардың көбі интроверттер болып шыққан.

Сурет: www.stihi.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina