Мәселені дұрыс шешу жолдары

Мәселені дұрыс шешу жолдары

Кез келген мәселені шешу үшін дұрыс және бұрыс тұстарын талдап алған жөн. Алайда ғалымдар бұл пікірмен келіспейді. Олардың дәлелдері де бар. Уильям Шекспирдің бас кейіпкері Гамлет өзінің бір сөзінде: «Көп ойланғаннан қорқақтың біріне айналамыз, айқын таңдауларымыз күдіктің астында тұншығып қалады. Ал батылдық – көпте кездесе бермейтін алапат күш. Нәтижесінде, көп ойланып, қате жолды таңдаймыз», - дейді. Алапат күшіңізді сарқылтып алмас үшін төмендегі бірнеше әдісті пайдалануды ұсынамыз.

1. Шешім қабылдамас бұрын ашуланып алыңыз

«Ашу – дұшпан, ақыл – дос, Ақылыңа ақыл қос» деген мақалды барлықтарыңыз да білетін боларсыздар. Алайда ғалымдар осы ашудың дұрыс шешім қабылдауға тигізетін әсері туралы айтуда. Зерттеулер нәтижесі, адам ашуланып тұрған кезде сол ситуацияға лайық, ұтымды шешім қабылдайтындығын көрсетті. Ашу мидағы ақпараттарды жылдам қалыпқа келтіріп, логикалық ойлауға мүмкіндік береді.

2. Дәретханаға асығу

Құлаққа жат естілсе де, адам дәретханаға асығып тұрған кезде ойы айқындалып, парасатты ойлай алады екен. Нидерландтық ғалымдардың айтуынша, адам неғұрлым дәретханаға асыққан сайын ұзақ мерзімге жарайтын дұрыс шешім қабылдайды.

3. Ертеңге қалдырыңыз

Әдетте жасы үлкендер бүгін жасауға болатын істі, ертеңге қалдырмау керектігін, әрбір тағаттың алтыннан да қымбат екендігін айтады. Жасап жатқан жұмыс қызықсыз болған жағдайда ертеңге қалдырылады. Ғылымда активті және пассивті белсенділік деген ұғымдар бар. Активті белсенділік барысында айналысып жатқан ісіңіздің өзіңізге пайдалы екендігін түсінесіз, ал екінші жағдайда шешімді соңғы минутта қабылдармын деп ертеңге қалдырасыз. Мамандар активті белсенділікті кейінге шегеру арқылы ертесінде асықпай, дұрыс шешім қабылдауға болатындығын айтады.

4. Түйсігіңізге сеніңіз

Кейде көп уақыт ойланып, барлығын таразылағанша, бір сәт түйсікке ерік берген жөн секілді. Түйсіктің нақты дәлелдері болмаса да, көп жағдайда дұрыс шешім қабылдайды. Ғалымдар тәжірибе барысында қатысуға ерікті адамдарды екі топқа бөліп, жақсы авто көлікті таңдауды ұсынған. Бірінші топ ешбір мағлұматты қажет етпей түйсіктеріне сенсе, келесі бір топ әрбір детальдарына дейін тексеріп таңдаған. Нәтижесінде (саны 45%-ға көбірек болған) түйсігіне сенген топ дұрыс шешім қабылдаған.  

5. Көркем әдебиетті көбірек оқыңыз

Мамандар күніне шығарманың бір бетін болса да оқу мидың жұмысын жақсартып, мәселені жан-жағынан талдауға көмектесетіндігін дәлелдеп отыр. Оның барлығы өзгеше көзқарас танытуға септігін тигізеді.

6. Шет тілін меңгеріңіз

Шет тілін меңгерген адамдар эмоцияға беріле бермейді. Олар адамдардың айтпақ ойын қимыл-қозғалыстары арқылы ұғына бастайды. Ал өзгелерді сөзсіз түсінетін адам, өзіне қандай таңдаудың лайық екендігін бірден біледі. 

Ал сіз шешімді қалай қабылдағанды жөн көресіз?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: zahid.net

Қ. Бүйенбай