Фейсбук желісі тудырған жанжалдар

Фейсбук желісі тудырған жанжалдар

Бір сәтке жақын досыңыздың өзіңізді әлеуметтік желілердің бірінде достар тізімінен алып тастағанын елестетіп көріңізші. Қатты ашуланып, ренжитініңіз анық. Алайда дәл осы әрекет үшін ойға сыймайтын қылықтар жасаған адамдар бар. Олар жайында аз-кем мәліметтерді оқып көріңіз.

1. 30 жастағы Дженнифер Кристин Харрис, расымен де, өзінің достары Джима және Никки Расмуссендердің үйін өртеп жіберген. Оқиға 2011 жылдың қараша айында Айова штатының Де-Мойн елді мекенінде болған. Жас жұбайлардың тойларында қалыңдық құрбысы болған Харрис бастауыш мектепте мұғалім көмекшісі болып қызмет атқарады. Ал өрт қоюының себебі неде?

Харрис пен Расмуссендер туған күн кешін жоспарлау барысында ұрсысып қалған. Артынша Харрис Фейсбукте құрбысын балағаттап хат жазады. Ал Расмуссендер оны достар тізімінен өшіріп тастауды жөн көреді. Харрис бұл әрекеттері үшін жас жұбайлардың үйін өртейді. Абырой болғанда үй өртенген сәтте жас жұбайлар оянып, нәтижесінде үй ішіндегілер аман қалады. Үйдің сыртқы бөлігі ғана өртеніп үлгерген.

2. Қыз бұрынғы жігітін пышақтаған. Жәбірленген жігіттің айыбы - қызды Фейсбук желісіндегі достар тізімінен өшіріп, "басым бос" статусын қойып қойғандығы.  2012 жылдың ақпан айында Уильям Ганц-Де Вейра Аррисгадо жігітіне пышақ сұқпақ болған. Бұл жігіт жынысын өзгерткен, алайда мемлекетіндегі заңға байланысты атын өзгерте алмаған. Ол өзінің 47 жастағы бұрынғы сүйіктісі Колин Джеймс Пидиді 16 жерін пышақпен зақымдағаны үшін 2 жылға сотталған. Ең алғаш екеуі мейрамханалардың бірінде Фейсбук желісіндегі статустары үшін ұрысқан. Артынша Пиди басқа қалаға көшеді, өкінішке орай Аррисгадо қонаққа барып, денесін пышақпен зақымдап кетеді. Пышақтың ұзындығы 20 сантиметр болған.

3. Саймон Фоксли қызы Фейсбук желісінен өшіріп тастағаны үшін асылып қалған. Хайдалық Саймон Фоксли бұл қызымен интернет желісі арқылы танысқан. Өзінің романтикаға толы сезімдері жайында айтқан кезде, қыз оны достар тізімінен өшіріп тастаған. Оған қайта хабарласпақ болған Фокслиге қыздың достары тыйым салған. Хаттардың бірінде «барып өле берсең болады» деп жазылған екен. Осы хатты оқыған Фоксли үйінің бақшасына барып асылып қалған. Денесін 58 жастағы әкесі мен 18 жастағы бауыры тапқан. Отбасы мүшелері оның өліміне осы хаттың кінәлі екендігін айтуда. Фоксли соңғы хатында былай жазған екен: «Маған жасаған жақсылықтарың үшін үлкен рақмет. Бұл өмірде жандарыңа жақын адамдарыңмен бірге болып, оларды мәңгілік бағалап өтесіңдер деген үміттемін. Мені бір рет кешіру үшін миллион рет кешірім сұрауға мүмкіндігім болмай тұр».

Мария Ирис Варела 

4. Америкалық барлаушы Эдвард Сноуденді жасыруға көмектескен әрі Венесуэланың министрі Мария Ирис Варела Отандастарын Фейсбук желісіндегі аккаунттарын өшіруге шақырған. Мария Ирис Варела Твиттер парақшасында «Венесуэла тұрғындары! Барлықтарыңыз ОББ-ға (ЦРУ) тегін ақпарат беріп отырғандықтан, Фейсбук желісіндегі парақшаларыңызды өшіріп тастауларыңызды сұраймын. Сноуден мәселесін де ескеріңіздер!» деп жазады.

Сноуден АҚШ мемлекетінің бүкіл әлемнің әлеуметтік желілерін бақылап отыратындығын әшкерелеп, артынша 27 мемлекетте қашып жүруге мәжбүр болған. Бұдан бұрын ІТ қызметкері болып жұмыс жасаған.

5. Ғылыми кеңесші Пол Байер 14 жастағы қызына қаңтар мен маусым айларының аралығында Фейсбук желісіне кірмеуі үшін 200 АҚШ долларын төлеген. Тіпті, бұл келісімдерін заңды түрде өңдеген. Бостондық балалар осылай ақша табады.

Әкесі мен қызының заңды келісімі

6. 20 жастағы Чарли Купер экстазиге деген құмарлығының арқасында өзі жұмыс істеген үйлерін тонайтын болған. Нәтижесінде бала тұтқындалады. Бұл жайында «Herne Bay Gazette» газеті мақала жазып жігіттің суретін жариялайды. Чарли Купер өзінің суретін рұқсатсыз пайдаланғандары үшін аталған газетті сотқа берген. Шағымын ең алдымен Фейсбук желісіне жариялаған. Бұны көрген анасы «Сенің суретіңді жариялау үшін рұқсатың керек емес, рұқсатты соттың өзі берген» деп пікір жазған. Бұндай жауапты оқыған Чарли қатты ашуланып, «Менің суреттерім газет бетінде болғанын қаламаймын. Болды нүкте» деп жауап қайтарады. Ал анасы «Ол әйел адам да сенің алтындарын ұрлағанын қалаған жоқ. Болды нүкте» деп жауап қайырған екен. Артынша жігіттің суретін жариялау үшін ешқандай да рұқсаттың қажеті жоқ екендігі анықталады.

Рафаэл Лозано-Хеммер

7. Жақында бір адам «Friend Fracker» атты Фейсбук желісіндегі қажетсіз достарды өздігінен өшіретін бағдарлама ойлап тапқан. Оны әлеуметтік желіңізге қоссаңыз болды, нағыз достарыңыздың кім екендігін, ал кімдердің адам санын көбейтіп тұрғандығын анықтап береді. Мұнымен қатар бағдарлама кімді өшіргендігін жарияламайды. Жоғарыда аталған бағдарламаны мексикалық суретші Рафаэл Лозано-Хеммер мен чикаголық бағдарламашы Харпер Рид жасап шығарған. Рид Обаманың жобаларының бірінде жұмыс істеген.

Сіз үшін Фейсбук желісі қаншалықты маңызды?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: publy.ru 

Қ. Бүйенбай