- Негізгі бет
- Психология
- Жалқаулар сүйетін 9...
Жалқаулар сүйетін 9 сөз
Сіз дәл осы мақаланы оқып отырған кезде әлем жұртшылығы пайдалы істер жасауда. Қаласаңыз, солардың қатарына қосыла аласыз. Олай болса, бірінші кезекте төмендегі 9 сөзді ауызға алмаудан бастауыңызға болады:
1. Мен жасай алмаймын немесе қолымнан келмейді
Өзіңізге бір істің қолыңыздан келмейтіндігін айта алатын бір ғана адам бар. Ол – сіз. Миыңызда осы сөздердің жаңғырығын ести қалсаңыз, дыбысты бірден өшіріп тастаңыз.
Сіздің өзіңізге деген сенімділігіңіз тау мен тасты қопарса, керісінше сенімсіздігіңіз оларды қайта орнына қояды. Өзіңізге деген сенімсіздігіңіздің арқасында бойыңыздағы барша мүмкіндікті тұншықтырасыз. Өзіңізді жинақтап, бір істі қолға алған сәтте, ойыңыздағыдан да мықты екеніңізді түсінесіз. Бойыңыздағы күдік пен сенімнің ұқсастығы бар. Екеуі де сіздің сенгеніңізді қалайды. Ал таңдау өзіңізде.
2. Жақсы идея болса жарар еді...
Сіз ештеңе жасамасаңыз, қайтарымына да ештеңе алмайсыз. Сол себепті құр идеямен істі өндіру қиын, оны жүзеге асыру керек. Факт түрінде айтсақ, жақсы идея ойыңызға жақсылығымен қатар жамандығын да сыйлайды. Ал кейінге қалдырылған іс дәрігер мамандардың айтуынша, миға зақым келтіріп, күйзеліске шалдықтырады. Шалдыққан жағдайда тек жұмыстың арқасында ғана айығып кету мүмкіндігіңіз бар.
3. Мен бұны ертең жасаймын
Табысты адамдардың жалқаулар ертеңге қалдыратын ісін бүгін орындайтын жақсы әдеттері бар. «Бұл істі бүгін емес ертең жақсырақ жасаймын» деу - үлкен қателік. Үлкен әрі семіз өтірік. Ертең де дәл осы көңіл-күйде боласыз. Мәселе бұл істі бүгін жасай алмайтындығыңызда емес, бар болғаны сіздің алған бағытыңызда. Ертеңгі күннің болмай қалуы мүмкін екендігін де ескеріңіз. Бүгін беріліп отыраған мүмкіндік соңғы болуы ғажап емес. Бүгінннен басқа күн жоқ. Егер өзгелері бүгін жасамаған істі сіз жасасаңыз, жолым болды деп есептеңіз. Ертесінде оянған соң өзіңізді өзгелерден артық сезінесіз.
4. Мен дайын емеспін
Бір істі орындап жатқан кезде өзіңізді жайсыз сезініп көрдіңіз бе? Бұл сіздің алға жылжып және дұрыс бағытта қадам басып келе жатқандығыңызды білдіреді. Кез келген жетістік жайсыздық пен қиындықтың нәтижесінде келеді. Сіздің сезімдеріңіз дұрыс жолды табу жолында көрініс тапқан қорқыныш пен үрей ғана. Үрейдің арқасында сәтсіздіктерге жетпес бұрын ойша сүрінесіз. (Бұл – иллюзия). Сол себепті күрделі сезімдерге бойыңызды үйрете беріңіз. Сіздің табысқа жетем деген құмарлығыңыз сәтсіздіктерді алдын алуы тиіс. Көп кешікпей бұл сезімдерді басқарып үйренесіз.
5. Менің жаңа жұмысым әлі де ойдағыдай емес
Жаңа жұмысқа орналасып, өзіңізге ұнайтын іспен айналысып жатқан кезде өзіңізге сыни көзқараспен қарау заңды. Бұл барлық жұмысты жақсы орындауға тырысатындығыңызды көрсетеді. Көп жағдайда күткен және алған нәтижелеріміздің арасында үлкен айырмашылықтар бар.
Қалаған нәтижеге қолыңыз жетпей, барлығын жарты жолда тастап кетуге ұмтыласыз. Тіпті, жынданып кетудің аз-ақ алдында қаласыз. Бұндайда күш-жігеріңіздің таусылып, жеткен жетістігіңізді жарты жолда қалдыруға мүмкіндік бермеңіз.
Сіз қалағаныңызға міндетті түрде жетесіз. Бір сәтте көзіңізді жұмып, барлығын тастап кеткіңіз келсе де, еш мойымаңыз. Бұл табысқа жарты қадам қалғандығыңызды көрсетеді. Бар болғаны уақыт пен тәжірибе керек. Көп жұмыстың арқасында ғана күткендей нәтиже аласыз.
6. Барлығын қазір тастап, уақыт пен күш-жігерді үнемдеу керек
Бірде Уинстон Черчилль «Табыстың соңғы, ал сәтсіздіктің адам өлтірерліктей болуы мүмкін емес. Яғни, қандай жағдай болмасын жасап жүрген жұмысты ары қарай жалғастыра беру керек» дейді.
Табыс – өнімділіктің анасы. Үлкенді, кішілі сәтсіздіктер күнде болып тұрады. Тіпті, ең мықты деген адамдарда кездеседі. Ең мықты адамдар табысқа жеткендер емес, табысқа кенеліп тұрып сүрінсе де еш мойымайтын жандар. Барлығын тастағыңыз келген кезде осыған дейін қанша жол жүргендігіңізді және бұл істі не үшін бастағандығыңыз туралы ойлаңыз. Біреулер соңғы секунд қалғанша тырмысып жатса, екіншілері қолда бар мүмкіндіктерді ескермейді. Көп ұзамай жалқаулығыңыз айықпас дертке немесе қаныңызға сіңген әдетке айналуы мүмкін.
7. Маған ауыр тиеді
Ауыр тиеді деп қол қусырып отыра бересіз бе, әлде бұның барлығы уақытша екендігін түсініп алға жылжисыз ба? Таңдау еркі өзіңізде.
8. Жүйе мен реттің маңызы жоқ
Өз мүмкіншіліктеріңіздің арқасында алдыңызға айқын мақсаттар қойып, сол мақсатқа жету жолын жүйелей аласыз. Бастысы күнделікті ерінбей отырып орындау. Бұл басқа әдістерден жүз есе маңызды. Нәтижесінде өзіңізден ілгері кеткен адамдардың қатарына қосыласыз.
9. Өте кеш
Қателесесіз. Өмірде таңдау жасап, жетістікке ұмтылуда кеш деген сөз жоқ. Бұны барлығы білетіні анық, алайда бүгінгі жасаған еңбегіңіз ертеңгі тәтті өміріңіз екендігін миыңызға сіңдіріп қойғандығыңыз жөн. Кез келген сәт жаңа өміріңіздің бастауы болуы мүмкін. Өткен уақыт пен жіберіп алған мүмкіндіктерді даулау - бос әурешілік. Онымен ештеңе істей алмайсыз. Психолог мамандар бір ауыздан: «Болашақ дәл осы сәттен басталады. Міне, дәл қазір. Екі қолыңызбен мықтап жармасып, өзіңізге қарай тартыңыз. Ойланыңыз, жұмыс істеңіз, тырмысыңыз, бастысы жалқаулығыңыздың жетегінде кетіп, мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмаңыз»,-дейді.
Ал Сіз ше? Бұл сөздерді жиі айтасыз ба?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: porjati.ru
Қ. Бүйенбай