Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Нумерология ғылымы сіз білмейтін құпияларды ашады

Нумерология ғылымы сіз білмейтін құпияларды ашады

Нумерология ғылымы сіз білмейтін құпияларды ашады

Нумерология – ежелден келе жатқан ғылымдардың бірі. Ол жеке тұлғаның өзіне ғана тән мінез, мақсатқа ұмтылыс, күш-жігер сынды қабілеттерін анықтауға көмектеседі. Адамның өзі білмейтін құпияларын да ашуы мүмкін. Оны жүзеге асырып көру үшін туған күніңізді білсеңіз жеткілікті. Әдетте 1-9 аралығындағы және қосымша 11, 22 сандары арқылы жүзеге асып отырады. Соңғы аталған екі сан ерекше қабілетті, мақсатына жетуде аянбай еңбек ететін жандарға тән. Оны қалай жүзеге асырамыз?

Мысалы: туған күніңіз 23.05.1993.

23=2+3=5. 05=0+5=5. 1993=22=2+2=4. 5+5+4=14. 14=1+4=5. Яғни бізге керегі «5» саны.

«1» саны шықса

Бір саны тұлғаның тәуелсіздігін, мақсаттарын айқын көре алатындығын білдіреді. Бір уақытта бірнеше тапсырманы орындай алатын күш-жігері бар. Көшбасшылық қасиетке ие. Мақсатына жету үшін маңдай терімен еңбектенеді. Кемшіліктері: эгоизм, шыдамсыздық және өзімшілдік. Олар ойланғаннан гөрі әрекет еткенді жақсы көреді. Өз пайдасы үшін айналадағыларды пайдаланудан тайсалмайды.

«2» саны шыққан болса

Бұл сан шыққан адамдар барлығымен достық қарым-қатынасты ұстанатын, сабырлы, ұялшақ жандар. Жолдастарының мықты болғандығын қалайтындығы осы қасиеттерінен болса керек. Табиғатынан кез келген кикілжіңді ретке келтіру қасиетіне ие. Топтық жұмыстарда ұнамды қасиеттерімен көзге түсіп, әрдайым сыпайылық танытады. Әділетті болуды ұнатады. Ұялшақтықтарының арқасында барша армандарынан бас тартады. Бірақ, өзге тамаша қасиеттерінің арқасында айналадағы адамдарға үлгі бола біледі.

«3» саны шыққан болса

Бұл сан шыққан адамдар тез тіл табысатын әрі ерекше ойлы болып келеді. Бұл санмен көбінесе суретшілер, ақын-жазушылар дүниеге келеді. Олар өмірден барынша ляззат алып, жақындарына жақсылық жасауға тырысады. Әрдайым өз пайдасын шетке ысырып қоюға дайын. Махаббат пен ғадауатқа да берік келеді. Қалай сүйсе, дәл солай жек көре алады. Кез келген қиын жағдайдан фантазияларының арқасында шығып отырады.

«4» саны шыққан болса

Бұл санмен дүниеге келген адамдар өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, байсалды жандар. Жұмыста бағалы қызметкерлердің бірі. Сезімдерге көп беріле бермейді, алдына қойған мақсатына жетпей тынбайды. Жеңілтек адамдарды ұнатпайды. Қандай жағдай болмасын өз шешімдерін өзгертпейтін қырсықтықтары бар.

«5» саны шыққан болса

Бұл адамдардың стихиясы – таңғажайып оқиғалар мен тәуелсіздік. Олар спорттың экстремалды түрлерімен, ғылыми зерттеулермен айналысады. Саяхаттағанды жақсы көріп, сүйіктілеріне көп мән бермейді. Істің шешімін бірден тапқанмен, оны аяғына дейін жеткізбейді. Бостандығын шектейтін адамдармен тіл табыса алмайды.

«6» саны шыққан болса

Нумерология ғылымында 6 саны тұрақтылықтың белгісі. Алайда қай кезде болмасын доминант болуды жөн көреді. Материалдық құндылықтарды екінші орынға қояды. Мұнымен қатар, мансап жолында үлкен жетістіктерге жетеді.

«7» саны шыққан болса

Бұл адамдар өте ұяң. Бір жақты болуды ұнататындықтан, шешім қабылдауда қиналады. Қоғам ортасында қорғаушысының болуын қалайды. Өмірде кемелділікке жетіп, армандарын мақсатқа айналдырады. 7 саны рухани байлықтың белгісі.

«8» саны шыққан болса

Бай әулеттің баласы немесе болашақта дәулеті асқан байлықтың белгісі. Көп ақша табу үшін, күні-түні еңбектенуге дайын. Олар үшін атақ пен дәреженің маңызы зор. Тәкаппарлық, қаталдық, билік жүргізуге деген құлшынысы көп жағдайда мақсатына жетуге кедергі келтіріп отырады.

«9» саны шықса

Бұл сан шыққан адамдар өзгелерге сенгіш, әрдайым қол ұшын беруге дайын жандар. Айналадағыларға үнемі жандары ашып, қайырымдылықпен белсенді түрде айналысады. Өкінішке орай, адамдарды тани алмайды.

Ал сізде қай сан шықты?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: yes-files.com

35
Рейтинг: +6

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 08 қаңтар 2014, 12:48
Пікірлер
+0
08 қаңтар 2014, 13:20

Менде 11, бірақ оны бір біріне қосып, 2 деп жүргенмін.. дұрысы қалай екен?

+0
08 қаңтар 2014, 13:22

11 үшін 1-ді оқисыз, яғни 1 санындағы қасиеттер сізде екі есе бар дегені ғой...)

+0
08 қаңтар 2014, 13:21

салем сонда меныкы калай болды туснби отрымын 29,04,1997

+0
08 қаңтар 2014, 13:25

Сәлеметсізбе, 29=2+9=11=1+1=2. 04=0+4=4. 1997=1+9+9+7= 26=2+6=8. 2+4+8=14=1+4=5 болады екен

+0
08 қаңтар 2014, 13:28

:o Кемшіліктері: эгоизм, шыдамсыздық және өзімшілдік. Олар ойланғаннан гөрі әрекет еткенді жақсы көреді. Өз пайдасы үшін айналадағыларды пайдаланудан тайсалмайды. дәл айтылыпты! :ugeek:

+0
08 қаңтар 2014, 13:29

Ааа ракмет сызге тусындым

+0
08 қаңтар 2014, 13:30

2 болды, тура екен

+0
08 қаңтар 2014, 13:30

дал айтылгын мнезм

+0
08 қаңтар 2014, 13:32

Өзімде 5 шықты, алғашында қабылдай алмадым, артынша ойланып қарасам, жөн екен...

+0
08 қаңтар 2014, 13:33

7 :ugeek:

+0
08 қаңтар 2014, 14:06

ал керек болса, менің туған күнім 23.04.1991.

+0
08 қаңтар 2014, 14:51

30.05.13 :evil:

+0
08 қаңтар 2014, 15:38

менде 6 :)

+0
08 қаңтар 2014, 19:08

:x миым ашып кеттіғо

+0
08 қаңтар 2014, 20:04

менікі 9 шықты. :| келісемін :ugeek:

+0
08 қаңтар 2014, 20:11

тұп-тура екен. Інімдікі де, сіңлілерімдікі де, ата-анам мен жігітімдікі де тураааааааааа келді.

+0
08 қаңтар 2014, 20:35

8 шықты

+0
08 қаңтар 2014, 21:19

16.11.1992 мынау қалай

+0
09 қаңтар 2014, 11:04

16=1+6=7.11=1+1=2.1992=1+9+9+2=21=2+1=3. 7+2+3=12=1+2=3. Яғни 3

+0
08 қаңтар 2014, 22:34

тоғыз :)

+0
12 қаңтар 2014, 19:00

Салем 7.05.1992 қалай айтып жібересіздер ме

+0
15 қаңтар 2014, 23:50

Сәлем, әрине! 7 мен 5 сандары бір таңбалы болғандықтан, сол күйінде қалады. 1992=1+9+9+2=21=2+3=5. 7+5+5=17=1+7=8 Яғни 8 саны шықты...

+0
16 қаңтар 2014, 15:11

Мені жігітім осындай қандай жаман еді :( :)

+0
16 қаңтар 2014, 17:16

:evil: Өзіңіз түзеп аласыз ғой :o

+0
18 қаңтар 2014, 23:51

Салеметсіз бе? Карлыға
ренжменышы маған тағы көмегініз керек еді маған 05 02 1994 қарап бере аласыз ба рақмет сізге

+0
21 қаңтар 2014, 14:17

Сәлеметсізбе, әрине, 05.02.1994 1994=1+9+9+4=23=2+3=5. 5+2+5=12=1+2=3. Яғни 3 саны шықты...

+0
01 ақпан 2014, 21:32

19 шықса не болады? 10 деп есептейміз бе?

+0
01 ақпан 2014, 21:32

19 шықса не болады? 10 деп есептейміз бе?
12.08.1997

+0
01 ақпан 2014, 22:15

31. Соңғы сөйлемі біртүрлі екен. Келіңкіремейтін сияқты сол жері. ;)

+0
28 желтоқсан 2016, 18:08

Салеметсизбе Қарлыға тате маган 04.10.1995. сосын 15.11.1991 екеуин есептеп беринизши кыйын болмаса рахмет

+0
11 қаңтар 2017, 04:54

Салеметсизбе маган 11.09.1997ни жасап беринизши?

+0
11 қаңтар 2017, 09:21

1+1=2
0+9=9
1+9+9+7=26. 2+6=8
2+9+8=19
1+9=10. 1+0=1.

1 саны шықты

+0
30 тамыз 2017, 20:01

Салеметсибе меники калай тусинбей отырым 16.11.1997

+0
31 тамыз 2017, 10:03

Сәлеметсіз бе! Сіздікі 8

+0
02 қыркүйек 2017, 20:27

14,10,2001 калай болады

+0
15 қыркүйек 2017, 14:22

1 саны
26 10 1999

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.