Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Ақылды жігіттер жоғары сұранысқа ие болуда

Ақылды жігіттер жоғары сұранысқа ие болуда

Ақылды жігіттер жоғары сұранысқа ие болуда

Қыз балалардың өзінен мықты да ақылды жігіттерге ғашық болатыны анық. Олар Дулат Исабековтың «Қарғын» шығармасындағы Жасын, Жаужүрек мың бала фильміндегі Сартай батыр болуы мүмкін. Дәл қазір ақылды қыздардың жүрегін оқымысты балалар жаулап жүр. ХХІ ғасырда ерекше сұлулығы мен күші жоқ болса да, ақылға толы қоржыны бар жігіттер үлкен сұранысқа ие болуының себебі неде екен? Олай болса, ол себепті анықтап көрейік:

Ақыл ақшадан артық

Ақылды адам – жаны бар кітап секілді. Ол үш уақыт тамақтың орнына кітаптағы білімнен нәр алады. Өзі өзіне ұстаз, өзіне шәкірт. Онымен бірге Абай жолынан бастап бүгін болып жатқан соңғы жаңалықтарға дейін талқылай аласыз. Алғашында тым ақылды болуыдың қажеті жоқ болып көрінгенмен, артынша ақылына тәнті боласыз.

Қызғаныш

«Тең теңімен, тезек қабымен» демекші, әркім өзіне лайығымен жолығады. Яғни, ақылды жігіттің достары да ақылды. Өзара жиналыстарында көтеруге тұрарлық мәселелерді ғана көтереді. Көп уақытын ақылды достарымен ғана өткізетініне сенімді болуыңызға болады.

Айтпақшы, ақша мәселесі...

Ақылды адамның табысы да жақсы. Кез келген жерге есік ашық әрі жақсы таныстары да бар. Бүгінгі таңда ақыл-ой еңбегі жоғары бағаланады. Ғылыми гранттар, марапаттар мен сыйақылар, еңбектері шет елге шығып жоғары бағаланады. Тіпті, атақты Нобель сыйлығын алып жатуы да ғажап емес. Әсіресе, бірнеше тілді қатар меңгерген қызметкерлер жоғары сұраныстарға ие. Ақылды жігіттер программист секілді бағдарламаларға құмар келеді. «Айти» қызметкерлерінің де жалақысы аз емес.

Бағалау

Көп уақытын жұмыстарына мән берумен өткізетіндіктен, қыздардың ықыласына бөленіп жүр деп айту қиынға соғады. Бұндай жігіттер миында көп ақпараттың жатқандығына қарамастан, жүрегінің түбінде қыздар қауымына ерекше талғаммен қарайды. Олар еркіндікті қалай бағаласа, өзгелерге де дәл солай еркіндік беруді жөн көреді. Олардың басқа жігіттер секілді артық бояу дегендермен шаруасы жоқ. Оны ойлауға да уақыты болмайды. Қыз қылығының тәтті болғанын сүйеді.

Құтқарушы

Кейде жақын адамдарды құтқару үшін білектің күші түкке тұрғысыз дүние болып қалады. Ол үшін логиканың өзі жеткілікті. Қожанасыр ертегісі естеріңізде ме? Кереметтей күші мен байлығы болмаса да, айласының арқасынды көп іс тындырып жүрді. Ол үшін таңғажайып пен арнайы ЖОО-дағы білімнің қажеті жоқ.

Романтика

Басқа күндері болмаса да, дәл алғашқы кездесу күнінде не киіп келгендігіңізді, қандай көңіл-күйде болғандығыңызды мәңгілік есінде сақтайды. Сыйлық сыйлар кезде де бірден қолына түскендігін сыйлай салмайды. Оны ерекше ықтиярлықпен таңдайды. Кездесулердің әрқайсысын алғашқы рет болып жатқандай өткізуге тырысады.

Адалдық

Бұндай жігіттер эмоциясыз болып көрінуі мүмкін. Олар кімдікі жөн, кімдікі бұрыс деген тақырыптарда сөз таластырмайды. Бұл оның сізге бей-жай қарағандығынан емес, уақыттың әрбір секундын бағалағандықтан.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: mahabbat. idhost. kz

12
Рейтинг: +10

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 27 желтоқсан 2013, 17:23

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.