Өмір сүрудің алтын қағидалары

Өмір сүрудің алтын қағидалары

Өмірдің өзі тұнып тұрған ереже. Толған қағида. Ереже адамның бақытқа жетуі үшін де құралады... Оймақтай ой кейде біреудің өмір бойы айта алмай жүргенін жеткізіп, адамның ғұмырлық ұстанымына айнала алатын құдіретке ие... "Пешенемізге жазылған осы тағдыр болса, қайтеміз?!" деп күйінбестен бұрын, өз болмысыңа үңіліп көр...

1. Айна ұстанымы. Біреуді сынамас бұрын, өзіңе назар сал.

2. Адамгершілік ұстанымы. Саған біреу жақсы қараса, сен оған одан да жақсы қарасаң, ол адамның алдында бір сатыға өсесің.

3. Бумеранг ұстанымы. Біреуге қол ұшын созу - өзіңе көмектесу.

4.Алмастыру ұстанымы. Біреуді орнына қоймастан бұрын, өзіңді оның орнына қойып көр.

5. Оқу ұстанымы. Кез келген адам сені әйтеуір бір нәрсеге үйрете алады.

6. Ситуация ұстанымы. Ситуация ешқашан сенің жылы қарым-қатынасыңнан биік тұрмасын.

7. Окоп ұстанымы. Шабуылға дайындалсаң, окопты қасыңа досың сиятындай етіп қаз.

8. Қолжетімділік ұстанымы. Қарым-қатынасқа оңай болсаң, саған адам үйірсек болады.

9.101 пайыз ұстанымы. Өзіміз қалаған 1 пайызды тауып алып, оған 100 пайыз еңбек салу керек. 

10.Шыдамдылық ұстанымы. Басқа біреуді қасыңа ертіп саяхатқа шыққанда, жалғыз жүргеннен гөрі ақырын жүресің...

11. Тойлау ұстанымы. Достықтың қаншалықты шынайы екені қайғырған сәтте ғана емес, қуанған сәтте белгілі болады.

12. Үндемеу ұстанымы. Айтарың жоқ болса, үндемей отыр.

13. Өтірік айту ұстанымы. Адамдардың саған өтірік айтуына мәжбүрлеме.

14. Тепе-теңдік ұстанымы. Өзің үшін маңызды нәрселерді тепе-теңдікте ұстауға тырыс. Жұмыс пен жеке өмірді қатар алып жүруге болады.

15. Бағалау ұстанымы. Алдымен өзіңді бағалай біл. Өз әрекетіңе сырт көзбен қарап үйрен.

16. Тану ұстанымы. Өз-өзіңді тану. "Аяз би, әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл" дейді қазақ. Әлің жететін нәрсеге ғана күш-қайратыңды жұмса, шамаң жетпесе, бастама.

17. Жүрекпен жұмыс істеу ұстанымы. Не нәрсені де, асқан құлықпен, ерекше ниетпен атқаруға тырыс. Жүрексіз істелген жұмыстың нәтижесі жемісті болмайды.

18.Рухани байлық ұстанымы. Бақытқа жетем деп ұмтылған адамға тамақ қандай керек болса, рухани байлық та сондай керек.

19. Келісім ұстанымы. Сәтсіздікке жолықсаң, келіс. Өміріңе мойынсұна біл...Ми қиындықта шынығады, қиындық көруден қашпа...

20. Сөйлеу ұстанымы. Біреуді сынап-мінеудің орнына, жақсы сөздер айт. "Жақсы сөз-жарым ырыс". Жақсы сөз айтқан сайын, адамның өмірі жақсарады.

Ал сенің алтын қағидаң қандай?

сурет: nitki.net

М. Оңғарова