Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Тест: Қаншалықты белсендісіз?

Тест: Қаншалықты белсендісіз?

Тест: Қаншалықты белсендісіз?

Төмендегі тест көмегімен қаншалықты белсенді екеніңізді анықтаңыз:

1. Бір күнде қанша жұмыс бітіресіз?

А: 15-тен аз

Ә: 15-тен жоғары

2. Бір айда қанша кітап оқисыз?

А: 6-дан аз

Ә: 6-дан көп

3. Күнделікті алдыңызға қойған жоспарларыңызды толықтай орындап жүргеніңізге сенімдісіз бе?

А: Ия

Ә: Жоқ

4. Өзіңізді белсендімін деп ойлайсыз ба?

А: Ия

Ә: Жоқ

5. «Ертең де күн бар» деген сөзді жиі айтасыз ба?

А: Ия

Ә: Жоқ

6. Бір тәулікте 25 немесе 26 сағат болғанын қалайсыз ба?

А: Ия

Ә: Жоқ

7. Бүгінгі ісіңізге көңіліңіз толмай, бұдан да жақсырақ жасай алатындығыңызды мойындайсыз ба?

А: Ия

Ә: Жоқ

Жауаптары:

6-7 А жауабы болса – Жұмысты орындаудағы жылдамдығыңыз Ақан серінің Құлагерінен еш кем емес. Сізге тез арада көмек қажет. Мүмкін қазірдің өзінде өміріңізге көңіліңіз толмай, тек алдына қойған мақсатын ғана орындайтын құлтемірге айналып бара жатқаныңызды байқаған боларсыз. Сол себепті жұмыс пен қызықты өмірді қатар алып жүре білген жөн.

4-5 А жауабы – «Қатардағы жұмысшы».  Былайынша жаман емес, бірақ тым керемет деп те айту қиын. Бір қадам жасасаңыз болғаны, алдыңызда үлкен мүмкіндіктер күтіп тұр.

2-3 А жауабы – «Өзгеше». Бұндай адамдарды «Бөгде планеталық» деп атайды. Үнемі жаңа идеялар ойлап, оларды жүзеге асырып отырады. Бұл адамдар өте аз болғанмен, бір өзі жүз адамның ақылына татиды. Аса бай болмаса да, ақша жетіспеушілігі сынды қиындықтардан аулақ.

0-1 А жауабы - «Ғажап жандар». Бұндай адамдар жұрттың аузында жүреді. Ешкімнің жетегіне ермей, өз жолдарын өздері ғана таңдайды. Ең қымбат көліктерді мініп, шет елдерге саяхаттағанды жақсы көреді. Үлкен компанияларды басқарады. Бастысы уақыттың қадірін біледі. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

11
Рейтинг: +3

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Фото: 15472
Қосылған күні: 09 наурыз, 13:33

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.