Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Нағыз махаббат – сүйгеніңізден бас тарту

Нағыз махаббат – сүйгеніңізден бас тарту

Нағыз махаббат – сүйгеніңізден бас тарту

Ғашық болу – үлкен бақыт болса, жауапсыз махаббат – зор қасірет. Өмірде біз сүйгенмен, бізді сүймейтін жағдайлар көп кездеседі. Жауапсыз махаббат біздерді өздерінің құлына айналдырып, әдеттегі күн тәртібімізді бұзады. Саналы түрде іс-әрекеттер жасауымызға кедергі жасайды. Бүгін жауапсыз махаббатқа тап болған жағдайда қандай әрекеттерді орындау керектігін ұсынамыз.

Біріншіден, ғашығыңыздың сізге деген сезімінің жоқтығын қайдан білдіңіз? Ортақ отырыстарда сізге досына қарағандай ілтипат білдіруі сүймегендіктен емес, ұялшақтығынан болуы мүмкін. Бұндайлардың барлығын жауапсыз махаббат деу қателік.

Психолог мамандар сезімдеріңізді білдіріп көруге кеңес береді. Сезімдерін білдірген 30% адамдардың жолы болып, сүйгендеріне қосылған. ХХІ ғасырда адамдардың махаббатқа көңіл бөлмейтіндігін ескеруіміз керек.

Жауапсыз махаббатқа тап болсаңыз, төмендегі әрекеттерді орындап көріңіз:


1. Жеңіске ұмтылыңыз!

Ғашығыңыз Голливуд жұлдызы, атақты әнші, Нобель сыйлығының лауреаты емес, күнделікті өмірде кездестіріп жүрген адам болса, неге тырысып көрмеске? Алайда сезіміңізді ақтарып салып, айтқандарын орындай беру де дұрыс емес. Оның орнына барлығы шынайы көрінетіндей әдейі кездесіп қалып, оның қызығушылықтарын зерттей бастаңыз. Психолог мамандардың айтуынша, ортақ қызығушылығы жоқ жандардың сезімдері ұзаққа бармайды. Әсіресе, қызығушылықтар бір-бірінен алшақ жатса.

Кездесе қалған жағдайда сұрақ қойып, әңгіме бастаудан қорықпаңыз. Әрбір сөзіңіздің мағыналы екендігін, жауапкершілігі мен болашағы бар азамат екендігіңізді танытыңыз. Бастаңғыларда биге шақырыңыз. (Бұл әрекеттер қыздарға қарағанда, жігіттерге жарасады).


2. Күту

Өзіңіздің жеңілгендігіңізді мойындай алмай, барлық әрекеттерді жасап көрген жағдайда күтіңіз. Әрдайым күлімсіреп, қиын да қуанышты сәттерде жанынан табылып, достық қарым-қатынаста болыңыз. Қадіріңізді түсінеді.

Күтетін болсаңыз, әдеттеге күн тәртібін жалғастыруды ұмытпаңыз. Кез келген бастаңғылар мен саяхаттарға келісіңіз. Әрине, жүрегіңізде мұң тұрғанда қуану қиын. Бұлар күту дегеннің бір орында аялдап тұру еместігін түсіну үшін керек. Бұл әрекетіңізбен еш нәрсеге жете алмайсыз. Ғашығыңыз сізден бас тартқанын дұрыс шешім деп мойындағаны болмаса...

Екіншіден, қанша ауыр болса да сізден бас тартқанына көніп, өз жолыңызбен жүргеніңіз жөн болар.


3. Ұмытып, өз жолыңызбен жүру

Сіз жоғарыдағы мүмкіндіктерді пайдаланып көрдіңіз, барлығы бастапқы қалыптан еш өзгермеді. Ол сізді біледі, достық қарым-қатынасқа да қарсы емес, алайда жақсы көрмейді. Бұндайда не істеуге болады? Қалай өмір сүру керек? Екі сезімнің қайсысы күштірек? Сіздің махаббатыңызды қабыл алғанын қалайсыз ба, әлде өзіңізді сүйгізгіңіз келе ме? Мамандар осы секілді сұрақтарға жауап іздей келе жауапсыз махаббаттың арасында эгоизм бар екендігін айтады.

Бірге бола аламыз деп ойлайсыз ба? Сіз оған лайықсыз ба? Ол сізбен бақытты бола ма? Дәл қазір бір нәрсені анықтап жатудың кезі еместігін ескеріңіз. Өмірдегі құлдырайтын сәттер шындықты тура қабылдап, одан биік мақсаттарға ұмтылу керектігін білдіреді. Кімді қаттырақ сүйесіз? Оны ма, өзіңізді ме? Егер ол үшін балконнан секіруге дайын болсаңыз, бұл махаббат емес. Ал оның сезімдерімен санасып, босата білсеңіз, бұл нағыз махаббат.

Жауапсыз махаббатқа тап болып, іштей құлдырап жүрген сәттерде танымыңызды жоғарылататын кітаптар оқыңыз. Бұл сезімдерді іште жасырмай жақындарыңызға айтып, жеңілдеп алыңыз.

Кеудеде тұрған өксіктен «Ол мені сүймейді, мен бұлай өмір сүре алмаймын» деген ұстанымды «Ол мені сүймейді, ары қарай қалай өмір сүремін?» деп өзгерту арқылы арылуға болады. Өзіңізге соңғы сұрақты әсірелеусіз, байыппен қойып көріңіз. Шешімді іздесеңіз, міндетті түрде табылады. Бастысы бұның барлығын шын жүректен қаласаңыз болғаны. Алайда өміріңізді тек ізденіспен өткізіп алмай, өзге де жаңалықтарға толтырыңыз.

Жауапсыз махаббатқа тап болып көрдіңіз бе?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: ladlclub-online.ru

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 06 желтоқсан 2013, 17:42
Пікірлер
+0
06 желтоқсан 2013, 18:35

жүрек ауыртатын тақырып екен...

+0
06 желтоқсан 2013, 18:46

Ұмытып, өз жолыңызбен жүру :mrgreen:

+0
06 желтоқсан 2013, 21:22

Шын сүю- адамның барлық ізгі қасиеттерінің басын қосады. Нағыз махаббат болу үшін, шынайы нағыз сезім болу керек...

+0
06 желтоқсан 2013, 22:23

жауапсыз махаббатқа тап болдым деп айта алмаймын. Өйткені мен жақсы көрген адамның мүлдем хабары болмады, мен оны жақсы көргенім т
уралы... Мұны жауапсыз махаббатқа жатқызудың реті жоқ сияқты деп ойламын...

+0
06 желтоқсан 2013, 22:27

менімше, бір қосып кетерлік жәйт, егер адамдардың көңіл күйі жоқ болса ол адамдар дереу қайғылы өлендер тыңдайды. Осы сәтте керісінше жасап көрсе деген едім. Яғни көнілді көтеретін зажигательный өлендер дейді ғой сондай өлендерді тыңдаса...

+0
07 желтоқсан 2013, 16:17

ақша жағынан емес, ойлау жағынан, табиғатынан ұқсас әрі тең адамдар қосылса, сонда ғана гармония болады

+0
08 желтоқсан 2013, 01:21

:shock: :(

+0
08 желтоқсан 2013, 11:42

"Махаббатсыз - дүние дос." Өз басым хакім Абайдың осы жолын қатты ұнатамын. Адамдықты сақтап қалу үшін адамға махаббат керек. Ол махаббат - Хаққа деген махаббат. Ол махаббатқа таным, ғылым арқылы жете алмақпыз. Осыдан келе адам ТҮП ИЕсін сүйіп, дүниеге дос болудан аулақ болып, "малға достың - мұңы жоқ малдан басқаның " кебін кимес еді. Адамдығы болған адам ғана жалпы адамзатқа деген махаббатқа ие болмақ. Шын ғашықтық дегеніміздің өзі бастауын адамдықтан алады. Жүрек деген жұмыр етте нұр болмаса ол өзгеге де рухани шуақ шаша алмайды.
Өмірде әр адам отау құрып, балалы болуды армандайды. Ерде ақыл, әйелде сезім басым болып, осы екеуінің бір толықтықты құрауын қалаймыз барлығымыз. Шындығында әлемде бір адамның жүрегіне сәйкес екінші бір жүрек болады екен. Ол сенің бүтініңнің бөлігі болғандықтан сенімен рухани үндес болмақ. Мұның өзі нені аңғартады? Әрине, өзің қандай болсаң дәл сондай жұбың да бар дегенге саяды. Сондықтан жар таңдамас бұрын өзіңді түзеп, жарыңнан көргің келмейтін кемшілікті ең алдымен өз бойыңнан аулақ тұтпағың керек деп ойлаймын. Өзің надан, өзін пасық, өзің жаман бола тұра өзгеден ол қасиеттерін тізгіндеуін қалай талап етпексің?!

+0
08 желтоқсан 2013, 12:00

қайда қарасаң да қыз бен жігіт арасындағы махаббат... Ақиқатты адам бас көзімен емес, ақыл көзімен көреді. Осынау заманда бас көзімен ғана әлемге көз тастап, өткінші дүниелерді құнды етіп қойып, не нәрсенің болмасын түбіне мән бере бермейтініміз өкінішті-ақ. Аңсарымыздың бәрі бер жағындағы ғана болып, ар жағындағының байыбына бармағандықтан да ер мен әйел арасындағы махаббатты құдіретті жасап алдық.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.