Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Миыңыздың қабілетін тексеріңіз

Миыңыздың қабілетін тексеріңіз

Миыңыздың қабілетін тексеріңіз

Ұшқыр қиялға мидың оң жақ бөлігі жауап берсе, логикаға сол жақ бөлігі жауапты. Әдетте, олардың біреуінің қызметі екіншісінен басым келеді. Миыңыздың бөліктері қалай жұмыс жасайтынын біле отырып, оның белсенділігін арттыра аласыз. 

Миының сол жақ бөлігі жақсы жұмыс істейтін адамдардың қасиеті:

1. Кез келген ақпаратты толықтай қабылдап, детальдарына мән береді.

2. Сөздер мен цифрлармен жақсы жұмыс жасайды. Яғни, сөздік қоры мол, есепті жақсы шығарады.

3. Детальдарды анализдеу арқылы рахатқа бөленеді.

Миының оң жақ бөлігі жақсы жұмыс істейтін адамдардың қасиеті:

1. Ақпараттарды тұтастай қабылдап, детальдарына көп мән бермейді. Бастапқыда картинаны тұтастай көргенмен, детальдарына кейбір жағдайда ғана мән беруі мүмкін.

2. Қиялы ұшқыр, жаңа дүниелерді ойлап табуға бейім келеді.

3. Салынған суреттер мен кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдағанды жақсы көреді.

Көпшілік адамдардың ми бөліктері жұмыс істеу жағынан бір-біріне басымдылық танытады. Алайда ғалымдар жайында бұлай айтуға болмайды. Мысалы, Эйнштейн миының екі бөлігі де үйлесімде түрде қызмет атқарған. Оның зерттеу арасында скрипкада ойнап, шығармашылыққа да ұмтылатындығының себебі осында.

Миыңыздың қай бөлігі нашар қызмет атқаратындығын анықтап, оны түзетуге күш-жігеріңізді салыңыз.

Мидың оң жақ бөлігінің жұмысын арттыру үшін:

Егер миыңыздың сол жақ бөлігі жақсы жұмыс істесе, оң жақ бөлігінің де дәл солай жұмыс жасауын қадағалаңыз.

1. Түстерді көбірек көріңіз. Өмір құбылыстарын детальді түрде саралаудың орнына қиялыңызға ерік беріңіз. Түс көрсеңіз, желісін қағаз бетіне жазып отырыңыз.

2. Ақпаратты тұтастай қабылдаңыз. Үйреніп қалған әдетіңіз бойынша детальдарды анализден өткізудің орнына бұл құбылыстың мақсаты мен мәнін анықтаңыз.

3. Тәуекелшіл болыңыз. Қоршаған ортадан қорғанып жүру секілді ойларды қысқа мерзімге ысырып қойыңыз. Әдеттегі іс-әрекеттерді басқаша орындаңыз. Мысалы, бұрын-соңды жасамаған тағамдарыңызды жасап көріңіз.

4. Құбылыстарды өзгеше қабылдаңыз. Мүмкіндіктерді күдік деп қабылдаудан аулақ болыңыз.

5. Шығармашылық адамына тән қасиеттерді игеріңіз. Өзіңізді мазалап жүрген мәселелерді қағаз бетіне сурет етіп салыңыз. Оның түсі мен түріне мән беріңіз.

6. Жұмыста үзіліске жиі шығып тұрыңыз. Бос уақытыңызда спортпен, бимен айналысыңыз.

7. Түйсігіңізге сеніңіз. Ойыңызға келген идеяларды жүзеге асыра біліңіз. (Мейлі, кішкентай идеялар болсын)

Мидың сол бөлігінің жұмысын жақсарту:

1. Алынған ақпараттың детальдарына мән беріңіз. Оны Кім? Қашан? Қайда? Не? Қалай? Не себепті? деген сұрақтардан бастауыңызға болады.

2. Ұйымдастырушылық қабілетіңізді дамытыңыз. Орындалуы керек жұмыстардың тізімін жасаңыз. Оларды үнемі жазып отыруға дағдыланыңыз.

3. Алдын ала жоспарлаңыз. Алдыңызда тұрған жұмысқа жақсылап кірісіңіз. Оны орындау үшін бірнеше тәсіл ойластырыңыз. Артынша логиканың көмегімен осы тәсілдерді жүзеге асырыңыз.

4. Болашақты болжай біліңіз. Алдыңызға үлкен мақсаттар қойып, оның орындалуына әрекет жасаңыз. Әрекетіңіз міндетті түрде шынайы өмірге сәйкес болуы керек. Мақсаттарыңызға қалай жету керектігін де жазып отырыңыз. Осы жазбалар арқылы қажет уақытта өзіңізді жинақтай аласыз.

5. Батыл шешімдер қабылдаңыз. Ұзақ ұйықтағыңыз келсе, теледидарды ертерек өшіріңіз. Шешімді спортпен айналысу барысында, шахмат ойнағанда, серуендеп жүргенде ойластырыңыз. Достарыңыз бен жақындарыңыздың көмегіне жүгінуден ұялмаңыз.

6. Логикалық ойлауды жаттықтырып отырыңыз. Сөзжұмбақтар шешіңіз.

7. Есте сақтау қасиетіңізді тәрбиелеңіз. Мысалы, қиын сөздер мен телефон нөмірлерді жаттаудан бастасаңыз болады. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: smartwebsaite.ru 

6652 10
Рейтинг: +4

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 27 қараша 2013, 10:39
Пікірлер
+0
27 қараша 2013, 10:44

шота қай жақтың жұмыс істейтіндігін біле алмадым) 50 де 50 сияқты :D

+0
27 қараша 2013, 10:55



Миымның сол жақ бөлігі жақсы жұмыс істейтін сиакты

+0
27 қараша 2013, 11:52

Басымның арт жағы жақсы жұмыс жасайды, әдебиет деп келеді ғой. Миымның оң жақ бөлігі жақсы жұмыс істейді деп қояйын

+0
27 қараша 2013, 11:54

Оң жақ бөлігі.

+0
27 қараша 2013, 12:22

екеуиде тен дарежеде жумыс жасайтын сиакты аныктау киын :D

+0
27 қараша 2013, 13:04

кеше бір тесттен өткен кезде екеуі теңдей деген

+0
27 қараша 2013, 14:12

екі қасиетте менің бойымда бар

+0
27 қараша 2013, 17:46

шығармашылықсыз өмірді елестету мүмкін емес сияқты. бірақ ұялы телефон номерлерін жаттағанды да ұнатам 8-)

+0
27 қараша 2013, 23:24

Мыналарды істеп миды дамытқанша қайта туыла салған оңайлау сияқты ғой))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...