- Негізгі бет
- Психология
- Сүйіктіме алғашқы сыйлық...
Сүйіктіме алғашқы сыйлық
Себептің маңызы жоқ: таныстықтарыңызға 1000 сағат, оның туған күні немесе жай ғана тамаша күн. Сіз өзіңізге қосымша ұпай жинау үшін серіңізге сыйлық жасауға бел будыңыз.
Бұл – сіздің алғашқы сыйлығыңыз. Не сыйлайсыз? Әрине, шұлық емес. Сағат та жарамайды, мұндай сыйлықтар сіздің қарым-қатынастарыңыз үшін орынсыз. Ендеше, сауалдың жауабына табу үшін тыңғылықты ойланып, жағдайға ену керек.
1. Сыйлықты таңдауда өзіңіз қалайтынды емес, оның не қалайтындығын ойланыңыз.
Сізге асқан қырағылық қабілетіңізді таныту қажет. Оның мақсатты да, мақсатсыз да айтылған әрбір сөзін саралап көріңіз. Жаңа құлаққап алғысы келіп жүргенін айтты ма? Оның үйіне қонаққа барғанда шәйді сусынға арналған стақанмен іштіңіз ба? Ол велосипедпен жүргенді жақсы көреді, бірақ арнайы дүңгір (фляга) иемденуді ойлмайды. Оған ұнайтын, бірақ, әлі өзінде жоқ заттардың бәрін тізіп шығыңыз.
2. Алтын қағида: бірге жүргендеріңізге қанша аз болса, сыйлық та соншалықты арзан болу керек.
Әйтпегенде, жігітіңіз лайықты жауап күтеді немесе орнына қымбат сыйлықты талап етеді, сезімі тым терең екен деген ойлар түйеді. Сіздің мақсатыңыз – оны борышты ету емес, жай ғана қуаныш сыйлау.
3. Оны қорқытпаңыз.
Әй, қыздар-ай! Алғашқы кездесуден кейін-ақ, той көйлегін ойша киіп, үйленіп, бала туып тастаймыз ғой. Мұнымен тоқталмай балаға есім ойлап та жібереміз. Армандауға болады. Бірақ, оны жігіттің білмегені дұрыс. Сол себепті, сыйлығыңыз да, өлгенге дейін махаббатты нұсқамайтын болсын. Бәрі баянды болып жатса, ондай сыйлықтың өз уақыты әлі-ақ келеді.
4. Есіңізде болсын, сыйлықтың үлкені жағымды әсер де болып жатады.
Олай болса, неге таңдауыңызды оның сүйікті тобының концертіне, сүйікті спорт командасының ойынына билетке, шеберлік сабақтарына сертификаттарға тоқтатпасқа? Немесе тауға серуенді, танго биінің жеке сабақтарын ұйымдастыруға болады. Жоқ дегенде, екінің бірінің қолы жете бермейтін мықты деген киноға билет алыңыз. Жақсы сыйлық үшін біраз тырысу керек.
5. Сыйлыққа қарағанда тәтті сәттерді еске алсын.
Ханзадаңызға екеуіңізге жақсы болған сәттерді еске алатын нәрсені сыйға тартыңыз. Бірге түскен суреттерді шығарып, естелік зат жасатыңыз. Мұның екеуіңіз үшін де аңсарлық мәні болғаны абзал. Күлкілі оқиғалар, тосын сыйлар ойластырыңыз, романтикалық кеш үшін арнайы санудрек жаздырыңыз. Дәл осындай сыйлықтар – бриллиант бұйымдардан да бағалы болатындығына күмәніңіз болмасын.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: cupicup.ru