Күндердің күнінде ешкімге керегіңіз қалмаса...

Күндердің күнінде ешкімге керегіңіз қалмаса...

Германияда тұратын қызы аяқ астынан ата-анасынан келген бір парша электронды хатты тапсырып алды. Олар хатында осы бірнеше күн ішінде үйге телефон соқса, егер оны ешкім көтермесе, онда үйде сөзсіз үлкен бір істің болғанынан дерек беретіні жайлы жазылған екен. Қызы мен күйеу баласының үйге дереу біреулерді жіберуін өтінген екен соңында. Кілтті босағаның түбіне тығып қоятындығы да жазылыпты.

Қызы хатты оқи сала сонау жапон еліндегі ата-анасының үйіне қоңырау шалды, бірақ, ешкім тұтқаны көтерген жоқ. Сонымен, қызы ата-анасының достарына хабарласты. Олардың бірі үйге барып жағдайды анықтауға келісім берді. Әлгі кісі дереу үйге келіп есік қағады. Бірақ, ешкім шыға қоймайды. Алаңдап босағаның түп жағып сипалап еді, шынымен де кілтті тауып алады. Есікті ашып кіріп келгенде, ол өз көзіне өзі сенбей қалады. Қарт әже мен ата үйдің екі бұрышында асылып тұрады. Олар әлде қашан о дүниелік болған.

Бұл қарт әже мен ата өмір бойы беделді жұмыста қызмет атқарған екен. Жалғыз қыздары алыс Германияға ұзатылып кетіпті. Олардың өміріне маңындағы адамдар қызыға қарайтын еді. Тіпті көршілерінің бірі осыдан бірнеше күн бұрын астадағы атақты режиссорлардың бірі келіп өз киносының арқау әнін пианинода ойнап беріпті. Қызына жіберген электорнды хат та кеше ғана жазылыпты. Өлімге жиналған жұрт: «Бұл қарттар өмірден жым-жылас қана кетіп қалуды бұрыннан-ақ таңдаған сыңайлы, дайындықтары бар сияқты» десіп жатты. Бірақ, олардың өз өмірлерін қиюына не себеп болды екен?

Олардың көнекөз таныстарының айтуынша олар өте жоғары және ауқымды дәрежедегі жобаларға атсалысып, басшылық қызметте болған, атасы бес түрлі шет тілін меңгерген, өз қызметтестерінің жоғары құрметіне ие болған жан екен. Олар пенсияға шыққан кейін мекемелері оларды қайта мүлде іздемеген, керек қылмаған. Пенсияға жаңадан шыққан қарттар сияқты бұлардың да еңселері түсіп, құлази бастайды.

Көршілерінің айтуынша қарттар пенсияға шыққаннан кейін Германияда тұратын қыздарының ауылына барған. Екі жиенін баққан. Қарттардың осы екі сәбиге қараудан басқа шаруалары болмапты. Олардың қасында кәрияларды кеудесінен итерген немесе сыйламаған бірде-бір адам болмаса да немере-жиендері есейген сайын олардан алыстай беріпті. Бала тәрбиесінде үлкендер мен жастар екіұдай пікірде болыпты. Бірде, атасы немересінің бөлмесіне бара жатқанда, баланың әкесі оның жолын тосыпты. Балалары да олардың кез-келген уақытта бөлмелеріне кіруін шектепті. Қарттар олардың есейгенін, өздерінің енді оларға керегінің қалмағанын сезіпті. Олар тым-тырыс күйде отандарына аттанып кетеді.

Енді олар өздері өмір бойы қызмет істеген мекемеге де, мойындарынан асылып, жандарынан екі елі қалмайтын немерелеріне де керектері қалмаған. Қарт әже мен атаның көңілдер тым жабырқаңқы, жүдеу еді. Бірақ, істің ақыры осындай боларын ешкім де ойламаған-ды. Ата мен әже қызына, бұрынғы әріптестеріне бөлек-бөлек хат жазып кетіпті. Барлығына жазған хаттың мазмұндарының тек сәлемдесуі мен бастапқы бөлімдері ғана әр түрлі болғанымен қалған мазмұндары бірдей екен. Өздерінің өмірлерінің мәні мүлде жойылғанын, сондықтан бұл дүниемен қоштасу ойында болғанын жеткізген.

Бұл шын болған оқиға. Өз кезінде ақпарат құралдары бұл туралы жарыса жазған. Адамдар оқиғадан хабар тапқаннан кейін қатты толқып, көздеріне жас алған болатын. Кейде, басқаларға керек болудың өзі өмір сүруге, тіршілікке үміт бағыштайды.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: lifeweek.com.cn

M. Auelkhan