Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Сыған балгерлері психофизиологтардың зерттеуін ұтымды пайдаланады

Сыған балгерлері психофизиологтардың зерттеуін ұтымды пайдаланады

Сыған балгерлері психофизиологтардың зерттеуін ұтымды пайдаланады

Ғылым мен үлкендерінен кішісіне таралған сыған гипнозының өзіндік психотехникасы бар. Оларды жеке талдап қарастырайық:

1. Өзіне назар аударту техникасы қалай жүзеге асады?

Өздерінің арам ойларын жүзеге асыру үшін сыған балгерлері көпшілік жүретін жерлерді таңдайды. Олар – темір жол вокзалы, саябақ, жаяу жүргіншілерге арналған көшелер және т.б. Осындай жерлерде бал ашып беретіндігін айтып, немесе арзан бағада затын сатып алуыңызды өтінеді. Сыған балгерлері үшін және өзге гипнозды меңгерген талант иелері үшін бірінші мақсат сізді бір секундқа болсын тоқтату. Бұл үдеріс «Сағаттың қанша болғандығын айтып жібересіз бе?», «Сізде шылым бар ма?», «Мына жерге қалай баруға болатындығын айтып жібересіз бе?» сынды сұрақтарға жауап алу арқылы басталуы мүмкін. Ойында ешнәрсе жоқ бір ауыз сұраққа жауап беруге дайын тұрған адам гипноздың әсері басталып жатқандығын байқамай қалады. 

2. Байланыс орнату техникасы


Дәл осындай байланыстың орнауын ғылымда «психологиялық раппорт» деп атайды. Бұл «гипноздық раппорттан» өзгеше. Қарапайым байланыс психологиялық раппортқа айналуы үшін объект миға әсер етіп, бір немесе бірнеше сезім мүшелерімен тығыз байланыс орнатуы тиіс. Мидың қыртысында пайда болатын мұндай құбылысты «доминанта» немесе «раппорт зонасы» деп атайды.

Зерттеулер нәтижесі бойынша пайда болатын доминантаның миды автоматты түрде тежеп, өзіне бағындырып, іс-әрекеттерді толықтай өзгертіп, мінезді де түрлендіретін қасиеті бар екендігі анықталып отыр. Мұнымен қатар, сыған балгерлері академик-психофизиологтардың зерттеулерін ұтымды түрде пайдаланады. Мұндай ерекше білім сығандарға алдымен ген арқылы беріледі. Оны «әріптестерінің» практикасы арқылы ұштап отырады. Гипнозды меңгерген маман кез келген адамның мұндай жағдайда көздерін үлкенірек етіп ашып, бір орында қатып тұрып қалатынын, артынша өзін бақылай алмай қалатындығын жақсы біледі. Олармен байланыс орнатылған кезде оқыс жағдай, қорқыныш, үрей, бейсаналық, сүйіспеншілік, дененің кеңістіктегі орнының өзгеруі, дыбыс, жарық, иіс, көңіл-күйдің өзгеруі, артикуляция, мимика, жылдамдық, тыныс алу, сөздер, қозғалыс сынды ұғымдар қатар жүріп, барлығы да өзгеріп сала береді.

Олар бірінші кезекте өздеріне ұқсайтын немесе өмірде қиналып, ерекше көңіл-күйге ие болып жүрген адамдарды таңдайды. Мұндай адамдар байланысқа жылдам түседі. Мұнымен қатар, алдап-арбауға бейімделген сығандар бай адамдардың да ортасына кіре алады. Олар көшеде жүретін сығандардан ерекшелеу болуы мүмкін. Ауқатты адамдардың ортасына кіру үшін барынша жақсы киініп, тапқан объектісін мақтаумен болады. Осылайша алдамақ болып жүрген адамын шырмауына түсіреді.


Олар адам күліп, басын изеп тұрған кезде, жөтеліп, шашалып, жылап, түшкіріп тұрған кезде сөйлейді. Мұндай кезде адам ақпаратты сұрыптап жатпай, бірден шындық деп қабылдап отырады.

Байланыстың орнатылғандығын өзінің іс-қимылдарын қайталату арқылы тексереді. Ол іс-қимылдар дауыс ырғағын баяулату, көзді жыпылықтату, құлақ тұсын сүйкеу, мұрынды ұстау, иекті сипау болуы мүмкін. Мұны қарама-қарсы тұрған адам қайталаған болса, тығыз байланыс орнатылды деген сөз. (Бұл объектіге өздігінен орындап жатқанындай болып көрінуі керек). Күнделікті алаяқтар да осылай жасайды. Ұсынысты олар емес, тұтынушы айтады. Артынша ұсыныс жасағаны үшін тұтынушының өзі өкініп жатады.

Байланыс орнатудың бұдан өзге үш ережесі бар:

1) Әрекетті жасау үшін объектінің құштарлығы оянуы тиіс.

2) Гипноздаушы адам іс-әрекетін сөзсіз баяндап бере алады. Яғни мықты психолог.

3) Мұнымен қатар, гипноздаушы мықты актер. Ол кез келген сценарийге бейімделе алады.

Сыған гипнозын меңгерушілер өзіне көндіре алатындай, алдауға оңай адамдарды бұлжытпай анықтайды және кезекті құрбаны ретінде сол адамды таңдайды.

Назардың тұрақталуы


Екіншіден, міндетті түрде қалталы адамдар таңдалады. Жоқ дегенде қолында алтын сақиналары бар жандар.

Біз меңзеп отырған сығандарға алданатын адамдардың 90%-ы еңбексіз жеңіл ақшаны талап ететін адамдар болғандығы анықталған. Бұл жағдайда олар өздері кінәлі десе де болады. Шырмауына түсіп қалатындығын білмеген адам осы жағдайда маған көмектесіп қалар деген ниетпен өздерін алдауға жол береді. Бастапқыда объектіге құмар ойындарды ойнап жатқандай әсер сыйлайды. Оны жанында тұрған жақын адамдары да құтқара алмайды. Сыған балгерлерінің гипнозы эмпирикалық жолмен тәжірибеден өтіп, 100% әсер ететіндігі анықталған. Олар адамдардың көздеріне қарап, көздерінің жыпылықтау қарқынын дәл солай көшіріп алып қайталайды. Кенеттен көзін ашып тоқтап қалады. Бұлайша гипноздау 10-15%  жағдайда жүзеге асады. Келесі кезекте «Қатты ұйқым келіп тұр!» деп раппорт орнатып қалғып бара жатқан адамға «Ұйықта!» деп бұйрық береді. «Қатты» деген сөзден кейін кідіріс жасайды, «ұйқым келіп тұр» деген сөзді бұйырып айтады. Жасалуы тиіс іс-әрекетті баяндаған соң, қайта оятып орындалуын күтеді.

Ерекше қасиетке ие сығандардың гипноз жасаудағы психотехникасын бірнеше бөлікке бөліп қарастыруға болады:

1. Өзіне назар аудартып, байланысқа кіру.

2. Объектінің жанды жерін тауып алу, оны пайдалану.

3. Санасын сөндіру.

4. Медитативтік белгілердің пайда болғанынша объектіні айналдыру.

5. Зейінді жаулап алу.

6. Өзінің мақсаттарын жүзеге асыру.

7. Болған іс-әрекетті адам санасынан жойып жіберу.

Осыдан 1,5 жыл бұрын Үндістанның солтүстік-батысында пайда болған бұл халықтың меңгерген гипнозы ғалымдарды таңдандыруда. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rudaki.ru

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 28 қазан 2013, 10:42
Пікірлер
+0
28 қазан 2013, 11:09

енді арам ой деуге келмес... :)

+0
28 қазан 2013, 11:15

Түу, осылардан қулық артыла ма?. Мүлде жоламау, тоқтамау, сөйлемеу керек дешi. Бiрақ, алданайын деп алданбайсың...

+0
28 қазан 2013, 21:29

алдында бізді алдап кетті (((

+0
28 қазан 2013, 23:06

калай алдады :o

+0
29 қазан 2013, 00:20

Алтын сақина дейме? Жек көрем осы сыған,өзбек дегендерді. Көше кезіп жүргендерді, қайыр сұрайтындарды жек көрем.....

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.