Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Бай болу сіз ойлағандай қиын емес

Бай болу сіз ойлағандай қиын емес

Бай болу сіз ойлағандай қиын емес

Жер бетінде байлықты сүймейтін адам жоқ шығар. Кім де болсын барын салып, бай болуға ұмтылады. Кейбіреулері қолын қусырып, табысты бола алмайтындықтарын мойындайды. оларжың қатарына қосылғыңыз келмесе, ең алдымен бірнеше жаттығу жасаңыз. Ол жаттығулар маңызды болғандықтан, жасаған кезде мұқият болыңыз. Жаттығулар нәтижелі болсын десеңіз, жауаптарыңызды қағазға жазып отырыңыз.

Сонымен, ең алғашқы жаттығу:

-Ақша мәселесінде сізді қинайтын 10 себепті тізіп жазыңыз. Яғни сізге ақша не үшін қажет? Ақшаға байланысты қандай қорқыныштарыңыз бар?

Мысалы, ақшам болмай қалса, несиемді қалай төлеймін, шет елге демалысқа бару үшін ақша жинай алмай қалсам не болады сынды жағдайлар болуы мүмкін.

Мұның маңыздылығы неде? Мұның бар себебі бай адамдарша ойлауда. Олар ешуақытта қиындықтан қашпайды, өзге біреудің ақша әкеліп бергенін күтіп жатпайды. Олар бар ойын жақсы жаққа бағыттайды. Егер үнемі жоғарыдағы мысалда келтірілген қорқыныштардың арасында өмір сүре беретін болсаңыз, олар міндетті түрде жүзеге асады. Егер алдыңызға айқын мақсат қойсаңыз, қажетті ақпаратты өмірдің өзі әкеледі.

Екінші жаттығуымызға көшейік:

Жазған тізіміңіздің ішінен мені қаттырақ мазалайтыны мыналар деп 3-5 пункт таңдаңыз және оларды өзгертіңіз. Мысалы, шет елдегі демалысыма ақша жинай алмасам не болды дегенді төмендегідей етіп өзгертіңіз:

-Жазғы демалысыма қалай ақша жинасам болады?

-Қажетті ақшаларды қайдан алсам болады?

-Армандарымды жүзеге асыру үшін не істей аламын?

Миыңыз қажетті ақпаратты тауып, сізге көмектессін десеңіз, ойыңызды осылайша өзгертіп отырыңыз.

Яғни қорқыныш пен күдікті «Мен не істей аламын?» деген мүмкіншілікпен алмастырыңыз.

Өзіңізге дұрыс сұрақтар қоя білсеңіз, миыңыз әрдайым дұрыс шешім тауып отырады. Ал егер «менде неге барлығы жаман, неге менде ақша жоқ, мен неге басқалар сияқты емеспін» деген секілді сұрақтармен мазалайтын болсаңыз, миыңызға ақталудан басқа ешнәрсе қалмайды.

Табысты адамдардың кедей, жолы болмайтын адамдардан басты ерекшелігі осы. Олар өздеріне дұрыс сұрақтар қойып, айқын мақсаттарға жетуге ұмтылады. Сол себепті қандай қиын жағдайға тап болсаңыз да, оларды осы жолмен шешуге тырсыңыз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rumbur.ru

22005 8
Рейтинг: +3

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 19 қазан 2013, 16:31
Пікірлер
+0
19 қазан 2013, 18:04

кедей болып өмір сүргім келеді, бірақ ақшамен

+0
19 қазан 2013, 19:06

адамнын бәрі бай болмайды. ЕШҚАШАНДА ;) рухани бай болу бәріміздін қолымыздан келеді :o

+0
20 қазан 2013, 20:29

Меніңше, бай болу барлығымыздың қолымыздан келеді!

+0
19 қазан 2013, 22:11

Кейде бай адамдардың ішкі таяздықтарын көріп өз күйіме тәуба деймін

+0
20 қазан 2013, 02:14

керемет акыл кенес екен :) :) :)

+0
20 қазан 2013, 22:32

Байдың баласы болмағаныма кейде қатты қуанам һәм өкінем!

+0
23 қазан 2013, 18:50

Шіріген бай болғым келеді һәм болғым келеді!

+0
27 қазан 2013, 01:59

Адам қалтасы қалыңдаған сайын қанағаты мен шүкірі азая түсетінін барлығыңыз көріп, куә болып жүрген боларсыздар. Сондықтан материалдық байлық аса қызығатын дүние емес. Ел қатарлы өмір сүріп, жинаған рухани байлығымызды келесі ұрпаққа аманаттай білсек болғаны.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...