Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Иттен қорықсаңыз...

Иттен қорықсаңыз...

Иттен қорықсаңыз...

Кейбір адамдар итті жеті қазынаның бірі тұтып, жандарынан тастамай алып жүрсе, енді біреулері оларды көре салысымен, тұра қашады. Мұның себебі неде деп ойлайсыздар? Біреулердің жанынан жақсы иттер табылып, басқаларының жолында қабаған түрлері ғана кездесетін болғаны ма?

«Бес саусақ бірдей емес» деген сөз рас. Алайда психолог мамандар бұл сұраққа толығырақ жауап береді. Олардың айтуынша, мұның барлығы бала күніңіздегі қорқынышқа тығыз байланысты. Қорқыныш, үрей, фобия сынды қасиеттер сіз анаңыздың құрсағында жатқан кездің өзінде пайда болады. Сәби күніңіздегі қорқынышыңыз есіңізде болмаса да, одан алған қорқынышыңыз мәңгілік есіңізде қалуы мүмкін. Кішкене қорқыныш өсе келе фобияға айналады.

Ананың алған әсері іштегі балаға тікелей әсер ететіндіктен, мұндай жағдайлардан аулақ жүргені дұрыс. Бұл үшін жануарлардың өзін қорқытатын арнайы құрал бар. Соны жүкті әйелдер міндетті түрде алып жүруі керек.

Баланың қорқынышынан арнайы мамандарға жолығып, арылуға болады. Әдетте емдеу үшін энимелтерапия қолданылады. Яғни жануарлардың көмегімен емдеу терапиясы. Әрине бірден фобиядан сауығып, үлкен иттермен дос болып кетеді деген ой тумау керек. Аулада асырауға болатын күшіктен бастаған дұрыс.

Кішкене күшіктің өсіп-жетілуін бақылап, қорқыныштан арыла бастайсыз. Ал оны қолға үйрету арқылы есіңізде сақталған жаман естеліктерді ұмытасыз. Қандай істе болмасын, ең алдымен өзіңізге деген сенімділік пен жігер қажет.

Иттердің көмегімен қорқыныштан, ұяңдықтан, аз қозғалудан арылуға болады. Олар өздігінше бір емші әрі адал достар. Осыған көзіңіз жеткен соң, фобияңыздан толықтай арыласыз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: fact.ru

10213 11
Рейтинг: +3

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 07 қазан 2013, 18:53
Пікірлер
+0
07 қазан 2013, 19:00

иттен қорықпайды екем . таспен ұрсан болды, қабаған жынды ит болсада таспен ат

+0
07 қазан 2013, 19:14

"Адам - иттің досы." Фара данышпан

+0
07 қазан 2013, 19:40

мына суреттердегі иттерден қорықпаймын)

+0
07 қазан 2013, 20:16

мен күшіктен де қорқам :?

+0
07 қазан 2013, 20:40

Мәәә,мен иттен сұмдық қорқам :o

+0
07 қазан 2013, 21:14

мен қорқам, іштей ит көрсем бітті қорқуға дайындалып тұрам :oops:

+0
07 қазан 2013, 23:36

Кiшкентай күшiктердi жақсыы көремiн))

+0
09 қазан 2013, 10:23

бірінші сурет - менің суретім )))) сүйкімдіііііііііііі күшік пен мысық )))

+0
09 қазан 2013, 13:03

Ии, занім сол, мына күшіктің тәттісін-ай, ұстап алып, мыжып-мыжып біраз әурелейтін екен :lol: . Кішкене күнімде үйіміз итсіз болмайтын. Күшік десе шығарға жаным бөлек. Томпаңдап жүгіріп, сүт ішіп жатып өзінше ырылдап қоятындары, аузының маңы сүтке шыланып қарап отыратындары есіме түссе ішім жылып кетеді. Ал бірнешеуінің сөйтіп жүріп, бір күндері тамаққа зауқы соқпай, жатып-жатып, аузынан көбік ағып өліп қалатынын еске алсам, мұңайып қаламын... :( Әжем мені ит-мысықпен бірге туған деп ұрсатын.

+0
12 қазан 2013, 17:45

біз былтыр күзде 2 күшік асырап едік...бір күшігім солай өліп қалды..ал жақында үлкен болып қалған екіншісі жоғалып кетті.. :cry: менімен бірге школға ілесіп бара жатыр ет туууу :cry: :cry:

+0
13 қазан 2013, 01:42

иттерди жаксы корем тек кабаган иттерге жыным келеди :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...