Әйел мен еркек неден қорқады?

Әйел мен еркек неден қорқады?

Қорқыныш деген бір сезім бар, оның жүрмейтін жері, билемейтін адамы жоқ. Бұл қалыпты әрі керек құбылыс. Бастысы оған көзді жұмып қарай салмау керек, фобия дәрежесіне дейін көтеріліп жатса не болмақ? Қорқынышпен достасу, түсінісу керек. Бүгін айтқалы отырған әйел мен еркектің ең кең таралған қорқыныштары туралы баяндамас бұрын, басты "кейіпкеріміз" туралы бірер сөз айта кетейік.

Жалпы статистика

Статистика бойынша, еркектер әйелдерге қарағанда қорқыныштарын сирек мойындайды, дегенмен, табиғат оларға да көңілшектікті дарытқан. Әйелдер қауымы әлеуметтік ортада өз уайым-қайғыларын еркін көрсете алады және осы арқылы эмоционалдық, физиологиялық ауырлығынан арылады.

Арық және сұлу әйелдер, толық және ажарсыз келетіндерге қарағанда жиі қорқады.

Әйелдердің 10 қорқынышы:

1. Артық салмақ жинау

2. Денеде целлюлиттің пайда болуы

3. Қартаю

4. Ажарынан айырылып, жігіт атаулының қызығушылығынан мақұрым қалу

5. Басқа әйелдерден кем болу

6. Жалғыз әрі ешкімге керек болмау

7. Ақымақ көріну (ақыл-ес жағынан жеткілікті дамымай қалу)

8. Бала көтере алмау

9. Күйеуін жалықтырып алу

10. Сәтті мансапқа жете алмау

 Еркектердің 10 қорқынышы

1. Әлеуметтік дәрежесінің төмен болуы

2. Бедеулік

3. Отбасын материалдық жағынан қамтамасыз ете алмау

4. Денсаулығының нашар болуы

5. Шашы түсіп, тақырлану

6. Өмірдегі мақсаттарын жүзеге асыра алмау

7. Нәзік (әйел) жанды болып көріну

8. Бойының қысқа болып қалуы

9. Әзілқойлық қасиетінің болмауы

10. Балаларының болашағының сәтсіз болуы

Қорқыныш – лакмус қағазы. Ол біздің сенімсіз және алаңдайтын жерімізді дәл нұсқайды. Қорқыныш – бұл дабыл. Әрдайым "Маған назар аудар!" деп тұрады. Мәселен, артық салмақ жинау қорқынышы денеге физикалық жағынан күтім, дұрыс тамақтану, жеткілікті мөлшерде су ішу, жаяу жүру керек екендігін айқайлап айтып тұр. Ал осының бәрін өз денесіне қажетінше беріп жүрген әйел артық салмақ туралы мүлде ойламас еді. Тапсырма бар жерде, шешім де бар.

Айтпақшы, қорқыныштың кейде ауадай қажет болып жататын сәттері болады. Мәселен, заманауи әйел "ер жігітке айналып кетсем не болмақ?" деген ойды бастан өткеріп көру керек. Осы ой "мен не киіп жүрмін, менің жүрісім қандай, дауыс ырғағым қорқынышты емес пе, жігіттер жайлы не ойлаймын, олармен қалай араласамын" сынды сұрақтардың дұрыс шешімін табуға итермелейді.

Сондықтан, дұрыс әрекеттер мен жақсылыққа жетелейтін ойларға бастайтын қорқыныштарды іздеу керек. Сонда ғана ол сіздің дұшпаныңыз емес, сыбайласыңызға айналады.

Ал сіз неден қорқасыз?

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com