Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Қыз бен жігіттің қарым-қатынасы: Қате қағидалар!

Қыз бен жігіттің қарым-қатынасы: Қате қағидалар!

Қыз бен жігіттің қарым-қатынасы: Қате қағидалар!

Кез келген адам жақсы қарым-қатынасты қалайды. Әйткенмен мұндайға көбіне қоғамдағы адасушылық және адамның өз ойы мен өз таңдауы болмауы қатты кедергі жасап жатады. Өзіңнің өміріңді қалыпқа түсіріп, нағыз адам болу үшін өзіндік ойыңның болуы шарт. Бірақ біздің ойдың бәрі де қатып қалған қағидаға сай келерлік ой емес. Біз кейде қателесеміз. Мәселен ерлер мен әйелдердің арасындағы қарым-қатынас жайлы сөйлегенде де оңбай қателесіміз. Бүгін біз сіздерге ер мен әйелдің қарым-қатынасына байланысты айтылатын бірнеше аңызға айналған қағидаларды айтпақпыз.

«Егер еріңе бір істі дауыстап тапсырсаң, ол бәрін де жасап тастайды»

Табиғаттың заңына сай, әйелдер ерлерге қарағанда ашу мен ызаға тез берілгіш келеді. Сондықтан сәл бір нәрсе жүйкелеріне тие бастаса, бірден дауыстары қатты шыға жөнеледі. Бірқатар әйелдер қауымы дауыс көтеруді ашуға бой бергендіктен ғана емес деп түсіндіреді. Олардың ойынша, сіз даусыңызды қатты шығарып айтқанда, еріңіз сізді тыңдайтын көрінеді. Демек, сіздерше, ерлердің тек қатты сөздерге ғана құлақ асатындығы ма? Бәрі де керісінше! Ханымдар, қателеспейік! Ер адамдар әйелдердің өздеріне дауыс көтеріп сөйлегенін мүлде ұнатпайды. Мейлі, сіз оған өтініш жасап жатсаңыз да! Мейлі, сіз оған ашуланып, айқайлап жатсаңыз да! Олардың табиғатынан жаратылысы сондай. Мұндай қатты дауысты естігенде, сіздің айтқаныңызды жасамақ түгілі, бәріне қолын бір сілтеп кетіп қалуы да ғажап емес. Кейбір ер адамдар әйелі сабасына түссін деп қана оның дауыстап айтқанына көнетін шығар. Бірақ бұл «Егер еріңе бір істі дауыстап тапсырсаң, ол бәрін де жасап тастайды» деген аңызды ақтап ала алмайды. Арулар, үнемі естеріңізде ұстаңыздар: Еріне жылы сөйлеген әйелдің басқадан бағы басым!

"Мінсіз күйеуді табуға болады"

Мінсіз жігітті табу кез келген бойжеткеннің арманы. Мұныма қарсы шығар ешбіріңіз жоқ шығарсыз? Әсіресе жас арулар мұндай мінсіз күйеуді күні-бойы арманына серік етеді. Әйткенмен кез келген адамда мін болады. Мейлі, ол бай-патшаның баласы болсын! Мейлі, ол қалтасы қалыңның еркесі болсын! Мейлі, ол сұлудың сұлу болсын! Мінсіз күйеуді іздеп жарсыз қалу әбден мүмкін. Ал өзіне лайықты жар іздеген арудың әсте бағы жанады. Сондықтан өзіңізге лайықтыны ғана мінсіз еркек санағаныңыз абзал. Бірақ оның басқалар үшін мінсіз болуының, не сондай болып көрінуінің де керегі жоқ. Өз өміріңіз үшін өзіңізше мінсіз ер адамды жасап алып, өзіңізше өмір сүріңіз. Ал сіздің таңдағаныңызды мінсіз санамайтындар өздерінің арманындағы ақ боз атты ханзадасын күте түссін.

«Жігіттер бір кездесе салып, ертесіне жоқ боп кетеді. Өйткені оларға бір-ақ күндік уақыт өткізу ғана керек»

Жоқ, олай емес! Жігіттер, әсіресе үйлену жолында жүрген серілер өзіне өмірлік жар болуға лайықты аруды іздейді. Оларға қаракөзділер ішінен өзіне лайықтысын таңдау оңайға түспейді. Мүмкін ол бір қызды бүгін кездесуге шақырып, ертең оған хабарласпайтын шығар. Бұл жігіттің қызды пайдаланғандығы не бір күндік қызық көргісі келгендігі не уақытын көңілді өткізгісі келгендігі емес. Әрине, мұндайға баратын серілер де баршылық Бірақ жар іздеу жолында шыбын жаны шығып жүрген жігіттер қыздарды өзінше сынайды. Бүгін кездескені көңілінен шықпаса, қатынасты күрделендірмей тоқтата салуды жөн көреді. Мұнысы дұрыс емес пе, қыздар? Әйтпесе өздеріміз ұзап кеткен қатынас сәтсіз аяқталса, «Неге басында кездескеннен айтпады?» деп ашуланып шығамыз ғой? Сондықтан жігіттердің көңілінен шықпауды да салмақты түсіну керек.

"Ер адамдардың жүрегінен асқазан арқылы орын алуға болады"

Көптеген адамдар ерлерді дәмді тағамдармен тамақтандырып-ақ оның көңілінен шығуға болады деп түсінеді. Егер ару жігітке ұнамаса, тамағының дәмділігінен дым да пайда жоғын білу керек.

«Сұлуға емес, ақылдыға үйлену керек. Түріне шәй құйып ішесің бе?»

Ия, ерлер әйелінің ессіз болғандығын қаламайды. Сонымен қатар, келбетсіз болғандығын да жөн көрмейді. Бір көргеннен ғашық болу деген бар. Біреулер тілдеспей-ақ, бір-бірі жайында ешқандай ақпарат білмей жатып та ғашық болады. Мұндайда қыздың ақылдылығы не есерлігі маңдайында жазылып тұрмайды ғой. Бірінші жігітті оның түр-келбеті тартады. Одан кейін онымен тілесе келе, ақыл-ойы белгілі болса, қарым-қатынас құра келе, тәрбиесі анықтала түспек. Осы арқылы адамдар бір-бірін сүйіп қалады. Екі жұп бір-бірін табу үшін алдымен келбеттің маңызды екендігін мойындауға тура келеді. Сондықтан әйелдер қауымына тек ақылды болу ғана емес, сұлу әрі сүйкімді болу да сын.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: vk.com

34604 10
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 03 қыркүйек 2013, 19:35
Пікірлер
+0
03 қыркүйек 2013, 20:23

"Мінсіз күйеуді табуға болады" осы сөзбен 100 пайыз келісемін! Себебі,менің жігітім осыдан 2 жыл бұрын ең дөрекі,ең бұзақы жан болатын. ал қазір кез келген қыз менің сүйіктімнің мәдениеттілігіне сүйсінеді. Болашақта ол менің мінсіз күйеуім болмақ.

+0
03 қыркүйек 2013, 20:32

жынды такырып екен :)

+0
03 қыркүйек 2013, 23:31

2-шісін білмедім, 1, 3, 4, 5 таза шындық. Шындық ол.

+0
04 қыркүйек 2013, 08:30

«Сұлуға емес, ақылдыға үйлену керек, түрінен пирошки пісіріп жейсің бе?" деген сөз бар біздің қыздарда)))

+0
05 қыркүйек 2013, 11:31

Сұлу әрі ақылды адамдар кездеседі ғой)))

+0
09 қыркүйек 2013, 13:50

:lol: :lol: :lol:

+0
04 қыркүйек 2013, 09:23

Ақерке қарым-қатынастың сырларын біледі)

+0
04 қыркүйек 2013, 11:39

:arrow:

+0
05 қыркүйек 2013, 11:32

Расымен де, бауырыма айтқан өтініштерім неге орындалмайды, ал ағама айтқандарым бірден орындалатындығының мәні дауыста екен ғой

+0
06 қыркүйек 2013, 13:57

Күштіі жазылған!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев