Ақшадан да маңызды...

Ақшадан да маңызды...

Сіз бен біз – ақша билеген алақұйын заманның кейіпкерлеріміз. Оның бақыт әкелмейтінін, жаныңды тыныштандырмайтындығын біле тұра, құлына айналып үлгердік. Иә, ақшадан да маңызды дүниелер бар екендігін ақылымыз мойындайды. Ендеше, ақылға жүгіне отырып соларды саралап көрелікші...

1. Достық

Тұрақты жолдастық қарым-қатынастар мен жолдастықтың рухы – өмірдің күншуақты тұсы. Достық сізде бар заттардың немесе сіз жасай алатын әрекеттердің емес, адамдар мен олардың қарым-қатынастарының айналасында үйіріліп жүреді.

2. Денсаулық

Денсаулықты сатып алуға болмайтынын жақсы білесіз, алайда, оған сіздің күн сайын жасайтын жеке таңдауларыңыз көмектесуі мүмкін.

3. Психологиялық Денсаулық

Тиынның теріс жағында – психологиялық денсаулық бар. Бұл – сезімдеріміздің сау түрде жеткізілуі және бізді мазалайтын мәселелерден қашу емес, оларды шешу, жан тыныштығы.

4. Қарым-қатынас тәжірибесі

Біреуді құмарлана сүйіңізші. Немесе сезіміңізді білдіре отырып хат жазыңыз. Бір күніңізді толықтай дәмді тағамдарды әзірлеуге арнаңыз және оны сүйіктіңізбен бірге отырып шырақ жағылған дастарханда жеңіз. Махаббатты сезініңіз.

5. Неке

Біреуді толықтай әрі терең қабылдау өміріңізді қатты өзгертеді. Мінез-құлқыңыз, жан-дүниеңіз басқаға ашыла түскен сайын ең жақсы адам болуға барыңызды салып талпынасыз.

6. Ақылдылық

Егер сіз сұрақтардың жауабын біле тұра, өзіңізді ақылдымын деп ойламасаңыз, оқып-тоқуды жалғастыра түсіңіз. Ақылдылық сіздің жинаған білім қорыңыздан пайда болады.

7. Құмарлық

Сізге қандай әрекеттер абыржу, толқу және толысу сезімдерін сыйлай алады? "Құмарлық" дәмдеуіші жоқ болған жағдайда өмір-тағамыңыз сұрықсыз, дәмсіз болмасына кім кепіл?

8. Қарым-қатынас

Ойыңыз бен сезіміңізді жеткізе алу қабілетін көпшілік бағалай білмейді. Бұл сіз бен бізге ішкі дүниеміздің элементтерін басқалармен бөлісуге мүмкіндік береді. Сөзбен, қимылмен ойлағаныңызды жеткізе алмау нендей бақытсыздық?! Ешбір материалдық байлық оны алмастыра алмайды.

9. Өз күштеріңе қорған болу

Ақша келеді де, сол ізімен қайта кетеді. Ақшасыз өмір сүре алу, тіпті гүлдене білу ақшаның маңызы жоқ екенін көрсетеді.

10. Қауіпсіздік

Егер біз барлық күш-қайратымызды қауіпсіздікке бағыттап, сәттіліктерден алшақ болатын бұрыш ойлап тапсақ, біздің материалдық құндылықтарымыз артық тиын-тебен табуға деген қабілетімізге тәуелді болмайтын жағдай жасап шығарамыз. Қазірден бастап қауіпсіздік іргетасын қалау арқылы болашақта нағыз серпінге, қайтарымға ие боламыз.

11. Өзгеге көмек қолын созу

Көптеген адам үшін басқаларға көмектесу қуаныш, қанағат сезімдерін сыйлайды, оның ешбір материалдық игілікпен алмастырылмауы мүмкін.

12. Жеке бастың дамуы

Әрбір жеке адамның адам ретінде жақсаруға сансыз мүмкіндіктері бар. Ол өзінің мінез-құлқын, сенімін, таным-түсінігін өсіру. Ақша олардың барлығын қамтамасыз ете алмайды.

13. Ризашылық

Өзіңізде бар нәрселерге алғыс айта білу жолын таңдасаңыз, өмірге деген қанағатшылдығыңызды арттырады. Ал ақша буына алданып, көзді шел басқан жағдайда мұның бәрі де сізді тастап кетеді.

14. Хобби

Көптеген адам өмірдің ескішілдігінен шыға алмай, бақыттың ақша мен ақшаға сатып алынған заттарда емес екендігін байқай алмайды. Оның бәрінен алыстаңыз. Өзіңіз шынайы рахаттана алатын жаңа нәрсе іздеп табыңыз. Олар ойын, ұзақ серуен, қарым-қатынас сынды қарапайым дүниелер болуы мүмкін.

15. Рухтандырушылық

Кейде өмірдің мән-мақсаты рухтандырушылыққа жету ме деп қаласыз... Оқу, көру, ойлау арқылы өзіңді тану жаныңызды тыныштандырып, ақшамен немесе басқа мекендерден таба алмайтын қуанышқа, рақатқа бөлейді.

Жоғарыда көрсетілген 15 дүние үшін ақшадан бас тарта алар ма едіңіз?

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com, niklobanov.com