- Негізгі бет
- Психология
- "Бақыт" деген не?...
"Бақыт" деген не?
Өмірде мына сұрақтарды өзіңізге қойған боларсыз: "Бақыт деген не?" және "Бақыттың бар мәні неде жатыр?". Ұстап алуға соншалықты құмартатын, иеленгіміз келіп жүрген көзге көрінбейтін елес секілді, бірақ сол уақытында, баянсыз екендігі анық ұғынылатын... Бақыт артынан қуа отырған күннің өзінде өздері үшін бақыттың не болып табылатындығын білмейді. Жай ғана сөз, жай ғана секунд, минуттар мен сағаттар.
Алдағы ең басты мақсат - бақытты болу. Ал шынайы бақыт қуанышы деген не? Қалай бақытты болуға болады? Данышпан мен ғалым біткеннің басы көптеген ғасыр бойына қатып келеді.
Көпшіліктің ұйғарымында, шынайы бақыт деген - өз арман-тілектерінің ақиқат өмірде жүзеге асуы. Ал бұл солай ма?
Бақыт деген не?
Ежелгі грек данышпаны Аристотельдің түсінігімен, бақыт деген - адамгершілігі мол адамдарда өмір сүретін жан. Рақымшылығы мол жан Аристотель заманында шынайы бақыт қуанышының иелері саналғанға ұқсайды.
Бүгінгі таңда "Бақыт" сөзі қалай түсіндіріледі? Психология пәнінің көптеген оқулықтарында "бақыт" термині өз өмірінен толық қанағаттанушылық сезімін сезінген адамның психологиялық көңіл-күй ауаны деп түсіндірілген.
Бұған адам баласының еш уақытта толыққанды бақыт қуанышын сезіне алмайтындығын келтіре кетпеске болмайды. Заңдылық екеш заңдылық ретінде адамға үнемі бір нәрсе жетпей жатады.
Бақыт бұл уақытта жоқ нәрсе және бұл уақытта қатты қалайтын нәрсе. Бақыт - бұл арман. Дегенмен, түсініксіз бір түйткіл орнайтыны, арман-тілек қалай жүзеге асысымен, артынша бақыт ізім-ғайым жоқ болып кетпей ме?! Арманыңыз ақиқат өмірде орын алған уақытта бақыт туралы ұғым жүрек түкпіріңізде белгілі бір уақытқа жатқандай болғанмен, алайда, аппақ таңның жарығында сол бір мол қуатты бақыт туралы ұғымның көлеңкесі кішірейіп, күн өткен сайын жарықтан артық жылдамдықпен күш-қуаты кеми бермек.
Адам нені армандап, нені ақиқат өмірде жүзеге асырып жатқанда өз-өзіне қуаныш сыйлайды? Адам белгілі бір іс-қимылдарды жасайды және онысы шырмалған шаруа тұрмысында қуаныш алып келеді. Қандай бір жаңалық ашпасын, өнер тудырмасын, бәрібір де оның барлығы мәңгілікке бақытты қыла алмайды.
Адам үшін бақыт деген не?
Әрбір адамның бақытқа берер өз анықтамасы бар. Бақытқа бастар бағыттың әрқилы болуы мүмкін, бірақ, негізінен көпшілік адам үшін бақыт деген бұл:
- Үйлесімділік (гармония)
- Отбасы
- Махаббат
- Өз-өзін табу
- Жетістік
- Қаржылық кең мүмкіндік
Бақытқа анықтама беруде мұнан да өзге алғышарттарды тізе беруге болғанымен, басты мәнге ие болуы келесі бір ораймен түсіндіріледі - әр адамның өз бақыты.
Сонымен, егер сіз үшін бала мен отбасы бақыт болып табылатын болса, онда Сіз отбасы құрып, бала-шағалы болу жолында бәрін жасайтын боласыз. Ал егер Сіз үшін бақыт деген өз-өзіңізді табу (самореализация) болса, онда Сіз бар мақсат-мүддеңізді жұмылдыра отырып, өмірдің сізге айырған дәм-тұзын табуға бар күшті сарқа өтпексіз. Бақыттың алғышарты қаржылық кең мүмкіндік түрінде келеді, есен-саулық Сіздің материалдық қам-харакетіңізді жасап алуыңызға жол түзбек. Соған қарамастан, Сіз сырттай неге қол жеткізген болсаңыз, сізде соның бәрін жоғалтып алмайын деген қорқыныш орнары сөзсіз. Ал сол қорқыныштың өзі Сіздің толыққанды қуануыңызға және бақытқа қуануға жол бермейтінін біле кеткеніңіз жөн.
Бақыт жолын жан дүниенің өсіп-өркендеуімен, рухани кемелділіктің шырқау шыңымен өлшейтін адамдар тобы бар. Мұндай адамдар көп оқып, практиканың әр қырында дайындалып, әр жолы өз рухани әлемін көркейтуге ұмтылып тұрмақ.
Бақытқа жетудің екі жолы
Жоғарыда келтірілгендерден бір тұжырым шығарар болсақ, бақытқа жетуде алдымызда екі жол бар.
Бақытқа жетудің сыртқы түрі
Бұл бір есепте адам үшін бақыт - бұл сыртқы әлем. Осылай деп санаған адам үнемі қайырымды отбасыға, жақсы досқа, қаржылық кең мүмкіндікке қол жеткізуге тырысады. Сол адам, өз кезегінде, өзін шын мәнінде де шын бақыттыға жатқызады, бірақ, онысы ұзаққа созылмайды. Бұл тұста жаңа ойыншық сатып алып берген кішкентай бала мысалға алынады. Алғашында ол ойыншыққа қуанып, бар болғаны үшін бақытқа кенеледі. Бірақ біршама уақыт өткен соң, ол туралы ұмытып, жаңа ойыншықты қалап тұрады. Осылай жалғаса бермек, адам жаны тумысынан көп нәрсе алғысы келіп жаратылған. Қысқа уақытқа бақыт сыйлау...
Бақытқа қол жеткізудің ішкі түрі
Іштей өсіп-өркендеу. Бұл таңдауда адам рухани өсіп, жеке басының кемелділігін арттыруда жұмыс жасап, және бірқатар уақытқа өзін бақытты сезінуі мүмкін.
Көпшілік бұл оймен келісе жатар, жаңа затты иелену немесе білім алу ұзақ уақытқа созылмайтын бақыт сезімі. Әрі тез ұмытылады. Мұндай бақыт түрі көбіне біздің өткен күнімізде жатқандықтан, дәл қазіргі сәтте бақытты болуға көмектеспейді.
Демек, бақыттың сыртқы түрі де, ішкі түрі де үнемі бақытты болып өмір сүруге кепілдік бермейді. Табиғи сұраққа ерік берсек: "Онда бізге не істеу керек?". Шынымен-ақ, сонда біз өмір бойына осы бір көп жалықтырған бақытты іздеумен өтеміз бе? Осы жерден аялдап, бақыт туралы ұғымға қайта көз жүгіртейік. Адамдар шындығында нені қалайды, бақыт туралы қай кезде ойланады?
Адамға арналған жасанды бақыттың құпиясы
Бақыт - қоршап алған қиял сағымы. Адам не істемесін, неге ұмтылмасын - ол тек қана бақыт туралы ойлаумен болады. Бұл ретте сол бақыттың өзі нақтылық жағдаяттарға тәуелді. Ал егер осы бір алғышарттар (орындалуы) көңіліміздегідей орын алмаса немесе сәйкес келмесе, онда біз бақытсызға айналамыз. Бақытқа қаншалықты қатты қол жеткізгіміз келген сайын, соғұрлым жету қиындай түспек.
Бақыт - біздің өміріміздегі №1 арман. Өйткені, адам көлік, жұмыс, үйді емес, ең алдымен бақытты қалайды - бақытты болу. Бақыт - бұл біздің шын қалауымыз, бірақ, шын мәнінде, бізге шындап алғанда көп қажетті нәрсе емес.
Сонда бізге не қажет? Жауабы өте қарапайым әрі қарабайырлау - бізге ертеңгі күнімізге сенімділік сыйлайтын, өзімізде болып жатқанға түсінік беріп, үйлесімділікті тарту ететін нәрсені іздеп табу қажет. Өзімізді түсініп үйренсек, сезінсек және бүгінмен, осы жерде, осы қазір өмір сүрсек...
Өз-өзімізді дәл осы жерде, дәл қазір зерделеп үйренуіміз дұрыс. Бізге өзіміздің шын мәнінде кім екенімізді, бұл әлемде қандай орын алатынымызды, біздің өмірлік мақсатымыздың неден тұратындығын және бұл планетаға не үшін келгенімізді зерделеу қажет. Зердемен өмір сүру арқылы, біз, ақыр аяғында, бізге тиесілі бақытты ала алмақпыз. Және бұл бақыт сыртқы жағдаяттарға еш қатыссыз орнайды. Бақыт әрқашан бізбен бірге табылып, толық қуатын сезіне алатындай халде өмір сүрмекпіз.
Балалық шақта біздер шын бақытты едік қой (еш себепсіз-ақ). Өмірге, табиғатқа қуанушы едік, айналамызды қоршап жатқанның бәріне қарай отырып, шат-шадымен күйге енуші едік қой. Сосын, жас ұлғайған сайын, жұмыс жасай бастаған уақытта, біз бүтіндей күтім мен күтуден тұратын ересектердің мазасыз әлеміне ендік. Ақ ұлпа қар секілді әр жолы бір жерге асықтық, әр жолы жылы желдің демінде еріп кетіп жаттық.
Өмірлік мәреде толассыз талас-тартыс туындайды. Өйткені, санаулы жылдар ішінде, санауға келместей мейлінше көп нәрсе істеп тастауымыз керек. Белгілі қағидат бойынша: "Ағаш егу, үй салу және бала-шаға өсіру" деген ұранмен қоса, мақсат-мүдденің тізімі келіп қосылады: көлік сатып алу, мансап құру, бай болу және т.с.с.
Күн астындағы күресте қоршап жатқан әлемнің кереметтілігін байқамаймыз, адамдарды елеп-ескеруден қаламыз, құстардың дауысын ұмыт қалдырамыз, басқаша айтқанда, өзіміздің тамаша өміріміздің қарапайым әрі сол уақытта ерекше көп сәттерін көрмей, жіберіп алып жатамыз.
Қас-қағым сәттің қуаныштары бізді жиі шын бақыттыға айналдырады. Уақыт тоқтаусыз алға жылжиды және сағат тілі үнемі алға жүріп отырады, жақындарымыз бен достарымыз бізге қаншалықты жақын әрі қымбат болғандықтарын естіместен өтеді, балалар байқаусыз өсе береді және қажетті ата-ана қарауынсыз, аялы алақан күтімінсіз, жылуынсыз есейеді...
Есіңізде болсын, толыққанды бақыт үшін Сізге, және сіз секілді өзгелерге де әрқашан бір нәрсе жетіспей тұрады. Газет беттері мен теледидар экранынан берілетін апат, соғыс, кісі өлтіру жайындағы негативті ақпарлар өмір сүруді қиындата түспек. Егер осы бір жаңалықтарды естіп, көріп білетін болсаңыз, онда, кез келген адам ашу-ызалы күйге еніп, нәтижесінде өз өмірін қара-сұр көлеңкеде елестетін болмақ. Осы тұста біздің өмірге келеңсіздіктер орнап, бақытсыздықтар келіп, келіп қалғаны белгісіз, әрқилы жан жарасы мен ауру түрлері туындайды. Біздерге өмір деген - бұл бірыңғай проблема мен күтім-күтімшіліктен тұратындай ыңғайлы көрінбек.
Мұндай жағдайды қалай дұрыстауға болады, үй ішіне қалай бақыт орната аласыз? Мүмкін, бұл ойға сыймастай көрінер, бірақ, бұлай жасау әр адамның қолынан келеді. Психология мен эзотерика бойынша жазылған көптеген кітап авторлары өте жиі адам назарын мына бір "Адам өз өмірінің жаратушысы" деген қарабайыр, тым ескі шындыққа аударады. Шындық демекші, денеміздегі жан сыздауларға біздің өзіміздің кінәміздің бар екендігін мойындай кетелік.
Ашу, дұшпандық, кінәлілік сезімі мен негативті эмоциялар ауруға, жан жарасына бастап барады. Луиза Хей - америкалық жазушы осы бір тақырыпта ондаған кітапты жарыққа шығарып үлгерген және өзі жасап шығарған ерекше жүйесі бойынша әрбір ауру түрі арнаулы бір жаман ой немесе негативті эмоциядан құрылатындығы түсіндіріледі. Және өзіміздің негативті ойларымызбен өзіміздің соқыр сезімімізді сәтсіздікке бағдарламалап, өз өміріміздің жағымсыз сценарийін түзеді екенбіз. Соқыр сезім жүйек (атыз немесе арық деп айтылады) секілді ғажап әрі хош иісті гүлдер (жағымды ойлар мен эмоциялар) мен семіріп алған арамшөптердің өсіп-өркендеуіне жол береді (негативті ойлар мен эмоциялар).
Өз өміріміздің жаратушысы (жасаушысы) өзіміз саналғандықтан, онда бізге негатив орнына жақсы бір ойларды ойлау қажет-ақ шығар? Күш-қуатқа толы музыка тыңдап, әзіл-сықақшының тамаша тартуын тамашалап (мәселен, Уәлибек Әбдірайымов), не болмаса кез келген бір комедия көрсетілімін көруге болар? Бірақ, ешбір жағдайда Сізге жақын адамдардан бөлініп қалмаңыз, Сізге қаншалықты ауыр болса да... Есіңізде болсын, оларға да Сіздің көңіл аударғаныңыз қажет, олар Сіздің махаббатыңыз бен күтіміңізді көруге зәру. Олармен өз қуанышыңызбен бөлісіп немесе жай ғана өз проблемаларыңызды бөліске салыңыз. Маған сеніңіз, осыдан кейін Сізге әлдеқайда жеңіл тиеді.
Егер дәл осы сәтте Сіздің ешкіміңіз жоқ болса - қайғырушы болмаңыз. Сіз өзіңізге мысық немесе ит-күшікті алдыра аласыз (олардың өмір сүруге деген талпынысын көрген сәтте, бар қайғыңыз ұмытылмақ). Сеніңіз, олар Сіздің бос уақытыңызды бояуға толтырады.
Осы өміріңіздің әр сәтін бағалаңыз, бұның еш қиындығы жоқ. Терезеден қараңыз, қоршаған әлемнің сұлулығын көресіз бе?! Жаздың ашық көк аспаны, ағаш жапырақтарының сыбдыры, өзен-көлдің күлім қағып аққаны, жауынның тамшылары, ақ қасат қарлар - осы бір сән-салтанат шын мәнінде біздегі депрессия мен стресске тегін ем-дәрі. Сіз кез келген сәтті пайдалана аласыз және Сіз өзіңізді бақытты әрі қуанышты адам ретінде сезінетін боласыз. Сезінесіз...
Сурет: plus.google.com; ru.showchina.org; pulson.ru; deindeal.ch
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига