Оқи отырыңыз

Жақсылық көрсем – өзімнен,
Жамандық көрсем – өзімнен.

Автор: Сұлтанмахмұт Торайғыров

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Мансап пен махаббат жолында

Мансап пен махаббат жолында

Мансап пен махаббат жолында

Сізге бәрі де дауыстары қарлыққанша: "жұмыста ешқандай махаббат хикаяларына жол берме!" деп ескертті. Алайда ОЛ пайда болды да сіз күтпеген сезім ұшқыны тұтана кетті. Бұл сіздің өмірлік махаббатыңыз болуы мүмкін немесе бір апталық өткінші хикая ғана. "Жоқ" деп айтқыңыз келмейді, бірақ сіз жұмыстан шығып қалудан да қорқасыз...

Бүгінгі кеңестеріміз сізге ертегідей баянды махаббат құруға көмектесетіндігіне кепілдік бере алмаймыз. Біздің мақсат сізге ой салу ғана. Бәрі де тек өзіңізге байланысты.

Ғашығыңызға адал болыңыз.

Сезіміңізге сенімсіз болсаңыз, ешкімді де болашағы жоқ тәтті сөздермен алдаудың қажеті жоқ. Қызметтестер хикаясында адалдықтың, ашықтықтың маңызы зор. Өміріңізді бір арнаға тоғыстыру туралы әңгіме қозғағаннан кейін сезіміңіз суып, өзге әріптесіңізге деген қызығушылығыңыз оянып жатса, сізді үлкен және қиын мәселелер күтіп тұр. Тастанды адамның ашуының адам нанғысыз әрекеттерге алып баруы ғажап емес. Ондай жағдайлар талай рет болған.

Бастығыңызбен махаббат құрудан бұрын жақсылап ойланыңыз.

Көптеген компанияларда мұндай қарым-қатынастарға қатаң тиым салынған, рұқсат берілгеннің өзінде абай болғаныңыз жөн. Жеті рет өлшеп, бір рет кесіңіз. Махаббаттарыңыз жарты жолға келкен кезде өшіп қалған болса, бастығыңыз сізден кек алып жүруі мүмкін. Мерзімнен тыс жұмыстарға салып, түскі асты қысқартып тастаса дұрыс қой, жұмыстан шығарып жіберсе көресіні көресіз.

Немесе керісінше болуы да мүмкін: өзіне сөз келтірмес, әлсіздігін көрсетпес үшін бастық сізге жеке кабинет беріп, қызметіңізді өсіруі немесе жалақыңзды көбейтуі әбден мүмкін. Бұл бастықтың психолгиясын байланысты. Әлеуметтік сауалнамалар әйел бастықтардың 64%-ы осындай әрекеттерге баратынын көрсеткен.

Тікелей қоластыңыздағы қызметкер туралы

Бұлтсыз қарым-қатынаста болсаңыз да бұл өте қатерлі қадам. Мәселен, сүйіктіңіз сізден жаңа қызмет сұрауы мүмкін. Ал сіз ол орынға басқа адамды лайық көресіз. Бірақ, "жоқ" деп айтуға қысыласыз. Ол қызметті сүйіктіңізге алып бергеннің өзінде айырылысқаннан кейін ол сізді сатып кете алады. Нәтижесінде  жылы орныңыздан айырылып, соттан бірақ шығасыз.

Қарым-қатынастарыңызды құпия ұстаңыздар!

Ғашық болған кезіңізде әсеріңізді әріптестеріңізге айтып бөліскіңіз келетіні ақиқат. Біліңіз, бұл – қателік. Бүкіл елдің назары сіздердің жүрген-тұрғандарыңызға, шыққан-кіргендеріңізге ауады. Ешкімге айтпаймын деп бір адамды құлағдар етсеңіз бір сағаттан кейін барлық кеңсе білетін болады. Өзіңізбен тең дәрежелі әріптесіңізді ұнатып қалғанның өзінде өзгелердің бәрі қолдай кетеді деп ойламаңыз. Қызғаныш, көреалмаушылық адамға не жасатпайды дейсіз. Сондықтан үйлену тойға шақырту таратқанша ешкіме тіс жармағаныңыз өзіңізге пайдалы.

Коктейльге жол бермеңіз!

Жеке қарым-қатынастарыңызбен жұмысыңызды ешқашан араластырушы болмаңыз. Кеңсе табалдырыған аттарда барлық мәселені сыртта қалдырып кетіңіз. Эмоцияларыңызды көрсетуден, жұрт көзінше құшақтасып-сүйісуден, еркелету сөздерін айтудан аулақ болыңыз. Жұмысыңызды тыңғылықты етіп орындаңыз. Бастығыңыз сіз жіберген қателіктерді сезімдеріңізбен байланыстырып, айыптауы мүмкін. Қысқасы, өсекке жол бермеңіз.

Алға!

Шын мәнінде, кеңсе дегеніміз – махаббатыңды жолықтыру үшін таптырмас орын. Түнгі клубтарда, көшеде, тойда танысқан қарым-қатынастарға қарағанда, сіз бұл жерден серігіңіздің шынайы бейнесін көре аласыз. Сонымен қатар, сүйіктіңізбен бірге көбірек уақыт өткізуге мүмкіндігіңіз бар.

Махаббат деген қайда, қашан, қандай адаммен болмасын керемет сезім екендігіне сеніңіз. Осы ережелерге бір көз жүгіртіп шығыңыз да сезім теңізіне жүрексінбестен сүңги беріңіз демекпіз!

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: yarmakovich.com

4338 4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 08 тамыз 2013, 16:05
Пікірлер
+0
09 тамыз 2013, 08:08

Мен жоқ деймін!

+0
09 тамыз 2013, 14:00

Айгерім! Рахмет! :)

+0
09 тамыз 2013, 16:46

Тілегіңізге рахмет,Айгерім! Адам баласында қап-қап долларлар мен басында үй болмаса да денсаулық пен махаббат болсыншы!

+0
21 тамыз 2013, 16:59

ғашық болғым келмейтін сияқты ешкімге :roll:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...