"30 минут" теориясы

Сәтсіздікке ұшыраудың басты себебі – сабырлықтың болмауы. Сонымен қатар, нәтижеге бірден қол жеткізу мен барлық армандардың орындалуын қалау да көптеген сәтсіздіктердің негізі. Ал жетістікке жету үшін уақыт қажет. Өз кезегінде үлкен жетістік одан да көп уақытты талап етеді.

Билл Гейтс бір күнде миллионер бола қойған жоқ. Мадонна поп-музыка ханшайымы болып туылмады. Ал Дэвид Бекхэм бірнеше жаттығудан соң-ақ супер футболшы бола салмады.

Дей тұрғанмен, шешілмейтін түйін жоқ. Ол кез келген жағдайда және кез келген адамның қажетіне жарайтын әдістер. Көбісі оны біле тұра, қолданудан бас тартып жатады. Не себепті? Себебі, көбісі әлемнің адамға өзі мойынсұнғанын қалайды.

Сонымен, сіздің міндетті түрде жетістікке жетелейтін қарапайым әдісті назарларыңызға ұсынамыз. Ол «жарты сағат» теориясы деп аталады. Аталған теорияның басты идеясы сіздің күн сайын жарты сағат бойы бір әрекет жасауыңызда және барған сайын оны қиындата түсу. Мәселен, күн сайын жарты сағат кітап оқу. Нәтиже бірден байқалмауы мүмкін, бірақ  әдетке айналдырар болсаңыз өзіңіз күтпеген жетістіктерге тап болуыңыз әбден ықтимал. Егер сіз осы әдіспен бір жыл бойы кітап оқысаңыз (мысал ретінде айтылып отыр), жыл соңына қарай сіз шамамен 24 кітапты оқып шыққан боласыз. Бұл бүгінгі өмірде көптеген адамның 10 жылда оқыған кітап санынан едәуір артық. 

Кітап оқудан бөлек, сіз бір күндік жарты сағат уақытты шет тілін үйренуге не болмаса басқа да пайдалы нәрсемен айналысуға жұмсауыңызға болады. Жауабын білмейтін сұрақтар бойынша тереңдетілген мәлімет алыңыз, уақыттың тапшылығы салдарынан кейінге қалдырылып келген істеріңізбен айналысыңыз. Уақыт өте, мәселен, жарты жылдан соң бар-жоғы 30 минуттың арқасында қаншалықты ілгерілегеніңізге өзіңіз таң қалатын боласыз. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: fit4brain.com

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

НУ ғалымдары қазақша аудионы мәтінге айналдыратын бағдарлама жасады
НУ ғалымдары қазақша аудионы мәтінге айналдыратын бағдарлама жасады
Көз, құлақ, қол. Сіз қай топқа жатасыз?
Көз, құлақ, қол. Сіз қай топқа жатасыз?
Ауызбен дем алудың зияны
Ауызбен дем алудың зияны
Тұмаудан қалай сақтану керек?
Тұмаудан қалай сақтану керек?
Назарбаев университеті репетитор-студенттерге арналған қазақстандық жобаны қолдады
Назарбаев университеті репетитор-студенттерге арналған қазақстандық жобаны қолдады
2 мың жыл бұрын салынған мысықтың суреті табылды
2 мың жыл бұрын салынған мысықтың суреті табылды