"Вконтакте" мырзаның ақылы...

«Вконтакте» әлеуметтік желісінің жасаушысы Павел Дуров 29 жастағы ірі миллиардер.

«Кеңсеге құтты күні баратын жұмысшыларды көріп, өзімнің өмір сценариімді бұлай елестете алмадым. Интернет-жобаларды басқарып, университеттік іс-шараларды жасау маған басшының еш керегі жоқ деген азат ой сыйлады» дейді жап-жас жігіт. Әлемнің әлеуметтік желілері қатарын басып озып, интернет­-қолбасшыға айналған ол өз сәттілігінің құпиясын әлдекімдердей жасырып бақпайды. Мәселен, «Вконтакте» белгісі туралы айтқанда ол былай деген: «Мен Вконтакте жазуын Tahoma шрифтін 3-ақ секундтта тере салдым. Ал сұр, ақ және көк түстер ешкімнің де жүйкесіне тиіп шаршатпайды».

Сонымен, қажетіңізге жарап қалар 11 ақыл-кеңеске көз тастап көріңіз...  

 

1. Көп уақыт жұмсалса да, көп тілдердің ішінде ағылшын тілі ғана өз-өзін ақтады. Ағылшын тілін білу керек.

2. Ешқашан теледидар көрмеу керек.

3. Көп жаңалықтарды оқи бермеу керек.

4. Әлеуметтік желілерде шығатын лентаны тек өз қызығушылықтарыңмен таңдау керек.

5. Күн өткен сайын мықты бола түсу керек.

6. Өз-өзіңді тәрбиелеуге уақыт бөлу керек.

7. Әйелдер мен өзіңнен ақылсыздау адамдарға көп уақыт жұмсамау керек.

8. Ешқашан, еш жерде спирттік ішімдіктер ішпеу керек.

9. Ақшадан да жоғары құндылық табу керек.

10. Өткен күнгі мен келешекте болатын істерге түзелмеу керек.

11. Есте сақтау керек: «Не болса да қайырлысы». Проблемалар – бұл көзге көрінбей тұрған шешімдер.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: ntv.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Артем Резников азулы ресейлік файтерді жеңді
Артем Резников азулы ресейлік файтерді жеңді
Әлемдегі ең қауіпті елдер
Әлемдегі ең қауіпті елдер
2020 жылғы "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
2020 жылғы "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
НАСА тіршілік іздерін іздеу мақсатында Шолпан планетасына зонд жібермек
НАСА тіршілік іздерін іздеу мақсатында Шолпан планетасына зонд жібермек
Итбегілік өнері ресми спорт түріне қосылуы мүмкін
Итбегілік өнері ресми спорт түріне қосылуы мүмкін
Қазақстандық оқушылар үшін тегін онлайн шахмат мектебі ашылды
Қазақстандық оқушылар үшін тегін онлайн шахмат мектебі ашылды