Қарауыл мен Наполеон

Қарауыл мен Наполеон

Бір жолы тексеріс уақытында Наполеон Бонапарт күзет басында қалғып кеткен қарауылдың үстінен түседі.

Әскери өмірдің сол уақыттағы қатал заңы мен тәртібі бойынша, әлгі қарауыл сот алдында жауап беріп, ату жазасына кесілуі тиіс болатын. Қайткен күнде де болмасын, күзет басында  ұятты жағдайда ұйықтап қалған және тумаластарының өмірін қатерге тіккен адам еш аяусыз жазаланушы еді. Бірақ, Наполеон күрт басқаша шешім қабылдайды: ұйқыда жатқан тумаластың қаруын өз иығына артып, күзет орнын барып толтырады.

Арада бірнеше сағат өткен соң күзет ауыстыруға келген сержант ұйқыда жатқан қарауыл мен күзетте тұрған императорды көрген.

Осыдан кейін, бұл жайтты естіген әскердің барлығы императормен бір соғыста өлуге және ерлік, батырлық жолында жандарын аямауға бел буған еді.

 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: vsefakty.info

Л. Лига