Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Ерді ер қылатын – әйел!

Ерді ер қылатын – әйел!

Ерді ер қылатын – әйел!

Ерді ер қылатын да, жер қылатын да – әйел.

***

Мен ежелден мұндай жанға жайлы таксиге отырып көрмеген екенмін. Тап-таза көлік іші ғана емес, адамға рух пен мейірімді қатар сыйлайтын ортасы адамды алаңсыз сезімге бөлейді екен. Ал тізгінде өз жас шамасынан жас әрі рухты көрінетін 40 жас шамасындағы жігіт ағасы отыр.

Көлік орындығының қабы тап-таза, артқы терезе алдына мұқият қатталып қойылған сырт киім. Бірнеше қап мандарин шайы, бірнеше бөтелке минералды су... Мен алғашында мұның бәрін жолаушыларға сататын заттар екен деп қалыппын.

Менің ішкі таңданысымды бірден сезе қойды ма екен, жаңағы тізгінде отырған жігіт ағасы сөз бастады:

- Мұның бәрін ханымым салым қойған еді. Жаздың ыстығында жолаушылардың ішіп, шөл басуына болады. Ал ана сырт киімді де кеште мені жаурап қалмасын деп сол ханымым салып қойған, - деді әрі мақтанышпен, әрі ұялыңқырап.

Мен оның қуанышты жүзіне қарап, бақытты жан екенін бірден аңғардым. Әрі бір жолаушы ретінде рақметімді айттым. ол тағы:

- Ал мынау мен үшін арнайы әзірлегені, - деді сарғыш түсті сусын құйылған бөтелкесін алып.

Оның жары бұл таксиді бейне бір үйді реттегендей етіп орналастырыпты. Осыдан-ақ оның күйеуін құрметтеп қана қоймастан, шын сүйетінін аңғаруға болатын еді. Оның жары ақшасына сүйенген қалталы емес, болымсыз атағына сүйенген үкімет қызметкері де емес. Ол бір қарапайым такси жүргізушісі ғана. Ал шын мәнінде кез келген ер азаматты сүйетін әйел болса болғаны, ол азамат қашан да қадірлі болмақ.

Басқалар кемсіткен кезде жігіттер қарсыласына «Мен де анамнан туғанмын» дер еді. «Мені де сүйетін әйел заты бар» деген сөзің бағасы да зор екен-ау.

Қаншама қарапайым азамат болса да, оны сүйетін өмірде бір әйелдің болғаны ол үшін мақтаныш. Әрі сол үшін тағдырдың қатал тұстарында да төзімділік таныта алады. Ер-азаматты өзін шын сүйген жардың сүйіспеншілігі жігерлендіре түседі. Ол сонда ғана отбасы, жанұясы үшін отқа түсуге әзір.

Жақсы әйел – өз жарының мектебі. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

8290 5
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 05 маусым 2013, 11:15
Пікірлер
+0
05 маусым 2013, 12:47

негізі екеуіне де, түсінігіне де байланысты

+0
05 маусым 2013, 14:24

Қолындағы Алтынын бағалай алмайтындар да кездеседі! тек әйелге ғана байланысты емес, сондай қамқорлық, сүйіспеншілікті сезетін, түсінентін Ердің болғаны жақсы...

+0
05 маусым 2013, 17:47

күшті әңгіме

+0
08 маусым 2013, 10:58

Стендаль айтпақшы "Сезім әлемінде бір ғана заң бар - сүйгеніңе бақыт құрау". Сезімдеріңіз суынбаса махаббат бағында бақытты болатындарыңыз хақ.

+0
08 маусым 2013, 19:53

Таяқтың екі ұшы бар

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...