Ақша жарату парадоксы

Ақша жарату парадоксы

Қаржылай қиналған сәттерде біреулер ақшаны үнемдеудің жаңа әдістерін пайдалана бастайды. Ал кейбіреулер ақшалай қысылған кезде керісінше, судай ағызып, жарата бастайды...

Неге? Миннесота Университетінің психолог маманы Владас Гришкевичус (Vladas Griskevicius) мұның себебін былай түсіндіреді: «Ақшаны қиын-қыстау кездерде судай шашумен көбінесе бала кезінде жағдайы мәз емес отбасылардан шыққан адамдар жасайды».

Мұндай категорияға жататын адамдар болашаққа деген сенімсіздіктерін айналасындағы адамдар арқылы шешіп келген. Ал ақша жетіспей жатқанда олар күрделі мәселелер арасында адасады екен. Мұндай жағдайларда олар бір күнмен өмір сүру принципімен жүреді-мыс.

Осындай қиын сәттерден шығу үшін не істеу керек? Мұнда да жоғарыда аталған психолог бізге көмекке келеді. «Ақша жаратуда жалғыз болыңыз. Себебі қасыңыздағы серігіңіздің сіз туралы ойы жақсы болуы үшін керексіз, қажетсіз заттарды сатып алуыңыз ғажап емес. Ақша жұмсағаныңызда тек ақшалай сауда жасауыңыз дұрыс болмақ, өйткені адамар карталық төлемақы жасау кезінде қаншалық ақшаның жұмсалғанын сезінбейді-мыс. Тағы да бір пайдалы әдіс – қанша күнде қанша ақша жарататыныңыз туралы кесте жасау». Бұл әдістер мен кеңестер базар аралауды жақсы көретін әйелдерге ғана емес, сонымен қатар ер адамдарға да пайдалы. Мұның себебін АҚШ-тың Миннесота университеті профессоры Рональд Фейбер (Ronald J. Faber) былай түсіндіреді: Ер адам да қиын-қыстау кезеңдерде дәл әйел адам секілді ақша жұмсаудан ләззат алады және күйбең тіршілігін ұмытады. Ер адамдар мен әйел адамдардың сауда жасаудағы басты айырмашылығы – олардың не сатып алуында екен.

Егер әйел адамға ең бірінші кезекті киімге, сәндік жабдықтар мен үй тұрмысына қажетті заттарды сатып алу қызықты болса, ер адамдарға техника жаңалықтары, компьютерлік техника және кітаптар қызықты болып көрінеді-мыс.  

Бірақ осы екі жағдайда да нәзік жандылар мен жігіттер бірдей сезім мен күйбеңге түседі. Мәселен, сауда жасау алдындағы қобалжу, сауда жасау кезіндегі қызығушылық (азарт), ал сатып алғаннан кейінгі жағдай – іштей дабыл қағу, ұятты болу. Ең қызығы – егер адам сауда жасаған соң өкініш сезімде болса, психолог мамандардың айтуынша бұл өте дұрыс әрі қалыпты жағдай екен. Ал сатып алғаннан кейінгі керемет сезім мен бостандықты сезіну – өсіп жатқан қарыздардың үстеме көбеюі мен отбасылық жағдайдың күрт нашарлауына алып келетіні анықталған. Көптеген елдерде мұндай жағдай өзге де психологиялық абыржулардың қатарына енген әрі олардан емделуге арнайы курстар мен терапиялар бар болып шыққан.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: womaninblog.ru

А. Құлтай