- Негізгі бет
- Психология
- Психологиядағы абсурдтар топтамасы...
Психологиядағы абсурдтар топтамасы
Осыған дейін психологиядағы кейбір мәселелерге күмәнмен қараған кезіңіз болып па еді? Ұрысқан сәтте өзіңді қалай ұстау қажет? Немесе жарнамалардың адам санасына әсері жайлы қорқынышты деректер. Онымен қоса көптеген шешуі жоқ мәселелер туралы сөз қозғайық.
«Ішіңе сақтама, айтып таста, сонда жақсы болып қаласың»
Егер ашуды ішке сақтай берсеңіз, жынданып кетесіз немесе аз өмір сүресіз деген түсінікті білетін боларсыз. Ал бұдан кейін психологияда жынданған адам арнайы қуыршақтарды ұру әдісі пайдалы болып саналып келген.
Жансыз заттан өш алу тәсілі психологияда мыңдаған медициналық орталықтарының терапиялық тәжірибелерінде қолданылып келген. Соңғы зерттеулерге сенсек, бұл терапияның дым да пайдасы жоқ болып шыққан. Шын мәнінде мұндай әдіске барған адам дәл осылай ашулану үшін тағы бір себеп іздейді екен. Ендігі сұрақ былай болсын: Маңызды жиналыс сәтінде ашулана қалсаңыз, ұрып-соғып алатын қуыршақ жоқта не істейсіз? Абсурд.
«Өзіңе сен! Сонда бәрі де оңалады!»
Бұл психологиялық әдісті психологтардан бұрын бала кезіңізден бастап ата-аналар айтып, жаттатады. Осыған дейін өзіне өзі сенімді балалар оқуды да жақсы оқиды, достары көп болады, қоғамның белсенбі мүшесі болады деп санап келдік.
Тіпті әрбір көрген фильміңізде бұл теорияның дұрыс екеніне көз жеткізесіз. Мектеп жасындағы өзіне сенімсіз семіз бала фильм соңында өзіне деген сенімін қалыптастырған соң жеңіске жетеді. Бұл теория «Өмірде сәттілікке қалай жетуге болады?» секілді том-томдап шыққан кітаптармен де жалғаса береді. Психологтардың басты қателігіне тоқталайық. Жеңіске жету жолындағы қиындықтар мен сындардан қалай өту керектігі жайлы айтылмай, жоқ жерден адам өзіне сенімді бола салуы керек екен. Міне, дәл осындай жағдайда өзінің мықтылығы мен сәттілігі ел алдында мойындалмаса бала өте қатігез болып, қоршаған ортасына деген кегін сақтайды. Өмірдегі жағдай фильм сценарий бойынша болуы керек деген заңдылықтың жоғын ескерсек, баланың өзгеден мықты болуы мәселесін емес, сол қоршаған ортамен қалай қарым-қатынас жасау керек деген секілді мәселеге үйрету жөн. Ғажайып бір күшпен емес, қарапайым әдіс-тәсілдермен-ақ сәттілікке жету жолын білу, үйрету мың есе пайдалы болмақ.
«Жарнамалар адам санасына әсер етеді және белгілі бір өмір салтын ұстануға итермелейді»
Соңғы 2-3 онжылдықтан бері осындай ақпарат әрқилы түрде қайта айналып соғып отыр. Мәселен 1980 жылдары түрлі рок-музыкаларда құпия ақпараттар сақтаулы болады, музыканы теріс айналдырса білінеді деген түсініктер болды. Аталмыш музыкалар жасөспірімдердің санасына әсер етеді делінді. Ал бұдан кейін көптеген жарнамалардағы жәй көзге көрінбейтін элементтердің адам санасына деген әсері жиі сөз болып жүрді. «Адам санасын басқару» теорияларының, кейін анықталғандай, ешқандай да дәлелі жоқ болы шыққан. Сөйтсек, адам миы музыканы теріс қойып ештеме де қабылдай алмайды екен. Тағы бір мысал келтірейік: өткен ғасырдың соңғы жылдарында зерттеуге қатысушыларға фильм көрсеткен. Ал сол фильмнің арасына адам көзі көрмейтін, бірақ санасына әсер ететін жарнама жасалған. Бұл әйгілі Coca-Cola компаниясының фальсификациялық маркетингі болып шыққан.
Өтірік детекторлары
Өтірік пен шындықтың парқын ажырататын құралдар бір ғасыр бұрын-ақ қолданысқа ене бастаған. Бұл уақыттан бері өтірік детекторы көптеген әлемдік телешоуларда пайдаланыла бастады. Қатысушылар бұл аппараттың алдына келіп ақша ұту үшін ұятты істерін ашып айтып салған. Оның қателігі тіпті атында да бар. Негізінде детектор өтіріктің қандай болатынын біледі және оны байқаған сәтте белгі береді делінген. Бірақ техника олай жасай алмайды. Құрылғы тек адамның кейбір жүйке жүйесіндегі талшықтардың қозғалуын ғана бақылай алады. Әңгіме айтқан адамның жүйке талшығы қозғалса-ақ айтылып жатқан сөзді өтірік деп кім айтты? Күлкілі.
Ғылыми зерттеулерге сенсек, кейбір сәттерде оның айтары рас көрінеді, ал нақтылай 100 пайыз деу үшін әлі де жүздеген жылдық тәжірибе қажет етеді екен. АҚШ-тың Ұлттық Ғылым академиясы зерттей келе оған 50 пайызға сенуге болады деген тұжырым айтуға болады. Былай қарасақ, тиынды лақтырып алып, оның қалай түсуіне байланысты адамның өтірік я рас айтып тұрғанын білуге болады деп ойлайсыз ба? Тіпті тиынның дұрыс не бұрыс түсуіне біз «неге олай түсті?!» деп жауап іздемейміз, ал техника әрқашан да қателеседі.
А. Құлтай